Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балабақшадағы музыка практикасына дайындық.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252.24 Кб
Скачать

52. Сабақтың тақырыбы:Балалардың көңілін көтеруіне,сабақтың өтілуіне залды безендіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Балалар бақшасында музыка сабақтары залда немесе топтар бөлмелерінде өткізіледі.Зал кең жарық,ал кунделікті сабақтар мен мерекелер кезінде сәнді де жинақы болу керектігі,қабырғалар көңіл көтерерлік тұстар болуы,бұлармен терезе перделері,шамдар,өсімдіктер сәнді ыдыстардағы гүлдер тұруы сияқты безендірулердің болуымен тәрбие процесін жарақтаудың мәнділігін түсіндіру.

Дамытушылығы:Сабақтарды, мерекелерді ойын-сауықтарды өткізген кезде тазалық талаптарын сақтау қежеттілігін түсіндіру.Ауа температурасының қандай болуымен,әрбір сабақ алдында залдың ауасы тазартылуы, осы сияқты процедуралармен балалардың көңілін көтерудегі музыкалық үйлесімдер, оларды –құралдармен және аспаптармен жарақтау керек сияқты музыкалық қызметі үшін жарақтау барысындағы дамытушылығы.

Тәрбиелігі: Дидактикалық ойындар мен құралдар баланың музыкалық-сенсорлық дамуын тездетеді. Балалар олардың көмегімен дыбыстың жоғарылығын, тембрлерді ажыратады, ырғақтық суретін ажыратады. Әуен қозғалысының бағытын қадағалайды: балалардың шығармашылық қабілеттері дамиды, музыкаға деген ынтасы артады.Тағы басқада балалардың дамуына әсер ететін тәрбиелерін оқыту мақсаты.

Практикалық сабақ.

Дәстүрлі.

Көрнекілігі: Суреттер,Аспаптар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Жаңа тақырып: Балалардың көңілін көтеруіне,сабақтың өтілуіне

залды безендіру.

Пысықтау.

Үй тапсырмасын тексеру.

Қорытынды.

Үйге тапсырма.

26.12.11

53.Сабақтың тақырыбы: Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.

Сабақтың мақсаты: Балабақшадағы музыка жетекшісінің рольімен,және жалпы жетекшілік жұмысымен таныстыру.

Білімділігі:Музыка жетекшісінің рольі немен белгіленеді балабақшадағы жетекшілік жұмыстармен дамыту.

Дамытушылығы:Балабақшадағы меңгерушілермен тәрбиешілердің міндеттерімен таныстырыу.

Тәрбиелігі:Балабақшадағы музыка тәрбиесімен маңызын тәрбиенің ерекшеліктерінің жалпы сипаттарымен дамыту.

Практикалық сабақ.

Дәстүрлі.

Көрнекілігі.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру

. Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.

Пысықтау.

Үйге тапсырма.

53.Сабақ тақырыбы: «Балабақшадағы жалпы жетекшілік, музыкалық тәрбие.»

Музыка тәрбесі жалпы музыкалықты, баланың жеке басының түгел қалыптасуын комплексті дамытуды қарастырады.Н.К.Крупская: «Балаға қамқорлық жасау, дұрыс өсуі және дамуы үшін, баланың өмірі қуанышты және көңілді болу үшін оған не керек екенін түсіну, міне мұны балалар бақшасының барлық қызметкерлері білу керек»-деп атап көрсеткен.

Тәрбие, оның ішінде музыка жұмысының жолға қойылуын мекеме басшысы-балалар бақшасының меңгерушісі жауап береді.

Балалар бақшасындағы музыкалық-эстетикалық тәрбиенің барлық формасының ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына ең әуелі музыка жетекшісі және мекеменің бүкіл педкагогикалық коллективті жауап береді.

Балалар бақшасы меңгерушісінің міндеттері: Мекетеп жасына дейігі балалармекеме басшысының тәрбиешілерді педагогтық құрметті жұмысына жұмыдырылуы, оларды өз істерінің шеберлері ету үшін өзінің терең білімі ме мамандық тәжірибесі керек.

Балаларды тәрбиелеудің нәтижелі болуы бүкіл коллективтің жұмысын тиянақты ұйымдастыруға және әрбір қызметкерлердің өз міндеттеріне ыждахаттылықпен қарауына байланысты.

Меңгерушінің міндеттері мынадай:

Музыкалық тәрбие процесінің барлық түріне (сабақ, дербес қызмет, мерекелер мен ойын-сауықтар, балалар бақшасының күнделікті өміріндегі музыка) бақылау жасау; әрбір жастағы топтың программалық талаптарын ескере отырып, музыка сабақтарының ұзақтығын және толықтығын қадағалау; тәрбиешілердің музыка тәрбиесі жөніндегі білімін тексеру; мереке, ертеңгіліктері мен ойын-сауықтардың сценарийін жасағанда мектеп жасына дейінгілердің қабылдауы мен орындауына оңтайлы музыкалық –әдеби материалдарды енгізуді қадағалау; балалардың дербес қызметінің мазмұның бақылау; қкажетті жарақтармен жеткілікті түрде қамтамасыз ету; топтарда музыка бұрышын ұйымдастыруға көмектесу; отбасындағы музыка тірбиесіне көңіл бөлу; балалар бақшасындағы барлық жастағы поптардағы музыка жетекшісінің жұмысына жасалған жағдайға жауап беру; ертеңгіліктер мен ойын-сауықтар өткізуге қажетті құралдар, методикалық әдебиеттер, костюмдер, атрибуттар, балалар музыка аспаптарымен қамтамасыз ету; муыка аспаптарының сақадай сай, бабында жөндеулі болуын қамтамасыз ету; барлық құрал-жабдықтарды сақтайтын арнайы бөлме бөлу; егер жағдай болса, музыка жетекшісіне шағын жеке бөлме беру.

Басшылықты жүзеге асыра отырып, меңгеруші музыкм жетекшісімен бірге барлық жастағы топтардағы жұмыс көлемі мен уақытын анықтайтын график жасайды, балалармен жеке сабақ, консультация және тәрбиешілермен топтық сабақ өткізу уақытын белгілейді. Бұдан басқа, музыка сабақтарының мазмұны тәрбиешінің өмірінен хабардар болып, музыка жеткешісі балалар бақшасының өмірінен хабардар болып, балалар қызметінің басқа түрлерімен (бейнелеу, көркем оқу мен әңгімелеу және т.б.) байланыс жасап отыруын бақылап отыру керек.

Әр жастағы топтардағы музыка сабақтарын бақылай отырып, меңгеруші әрбір педагогтың жеке ерекшеліктеріне, оның музыка қызметіне(қалай өлең айтады, қимыл жасайды) қатысуын, баларлар коллективті және әрбір балаға қатысын, тәрбиешінің методикалық тәсілін белгілеп отырады.

Педагогикалық кеңесте музыка тәрбиесі жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы мәселеленр қаралып, оның жетістіктері мен кемшіліктері атап өтілуі мүмкін.

Мектеп жасына дейінгі мекемелерге басшылық жасаудың түрлі мәселелеріне арнап семинар, консультациялар ұйымдастыратын аудандық және қалалық методикалық кабинеттер балалар бақшасы меңгерушісінің жұмысына едәуір көмек көрсетеді.

26.12.11