Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балабақшадағы музыка практикасына дайындық.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252.24 Кб
Скачать

36.Сабақтың тақырыбы:Балабақшада музыкалық сабақтың өтілүін, ұйымдастырылуын, безендірілуін бақылау және анализ

жасау.

Сабақтың мақсаты:Балаларға балабақшада музыклық сабақ тың өтілуімен, музыкалық залдың безендірілуі ,залдың жарық әрі тұстардың ашық өңді болуы сияқты мәселелерімен таныстыру.

Білімділігі:Музыка жетекшісінің музыка сабағын өткізуімен бақылау арқылы білімдерін толықтыру.

Дамытушылығы:Өткізілген музыка сабағына анализ жасай алуға дағдлану.

Тәрбиелігі:Сабақтың ұйымдастырылуын балалардың музыка сабағында қалай өздерін ұстауы,музыка жетекші арасында орналасқан байланыстың тәрбиелік маңызы қандай дәрежеде болуын бақылау, нәтиже жасау.

Практикалық сабақ

Дәстүрлі

Көрнекілігі:Музыка залында өткізілетін сабақ.Бақылау.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Бақылау.

3.Анализ жасау.

4.Залдың безендірілуімен танысу.

5.Конспекті құрау.

36.Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.

Залды жарақтау:Балалар бақшасында музыка сабақтары залда немесе топтар бөлмелерінде өткізіледі..

Зал кең, жарық, ал күнделікті сабақтар мен мерекелер кезіңде сәнді де жинақы болу керек. Қабырғалари көңіл көтерерлік түстерге боялады, бұлармен терезе перделері, сүт түсті шамдар, өсімдіктер, сәнді ыдыстардағы гүлдер астасып тұрады. Безендіруге 1-2 эстамптты, балаларға таныс композиторлардың портретерін пайдалануға болады.

Залдың орталық қабырғаларын әшекейлеп, безендіруге қатты көңіл бөлінеді. Онда В.И.Лениннің портреті, оны төменгі жағында сәнді қыш вазаларға салынған гүлдер.

Залды безендіру бөлмені жоспапрлауға, қолда бар материалға, жарақтарға байланысты түрліше болып келеді.

Педагог аспапта ойнап отырып, балалардың барлығын көріп отыруы үшін рояьді(пианиноны) залдың ең қолайлы жеріне қою керек.

Көптеген балалар бақшасында зал әрі дене шынықтыру жасайтын орын болып есептелетіндіктер, мұнда(ішінара) спорт жабдықтары: доптар, гимнастикалық таяқшалар, шеңберлер және т.б. сақталады. Бұл жабдықтар кажетіне қарай музыка сабақтарында да пайдаланылады.

Балалдардың музыкалық аспаптары, ойыншықтар, дидактикалық құралдар, би, ойындарға арналған атрибуттар, методикалық әдебиеттер әдетте залға жақын арнайы бөлмеде сақталуға тиіс. Бұл өзінше музыкалық-методикалық кабинет. Құрал-жабдықтардың орналасуы педагогикалық және эстетикалық талкаптарға жауап беруі керек.

Сабақтарды, мерекелерді, ойын-сауықтарды өткізген кезде тазалық талаптарын сақтау қажет. Залдың шағын алаңы -75м квадрат, үлкен алаңы -130 м квадрат, жарықтану коэффиценті 1:5, қыздыратын шамдармен жасанды түрде жарықтандыру – кемінде 100 лк, люминесцендік жарықтандыру – кемінде 200 лк, ауаның температурасы 10-18 градус болуы тиіс. Әрбір сабақ басталар алдында залдың ауасы тазартылып, еденді ылғал шүберекпен сүртіледі. Еденді мастикамен қатты баттастырып, сүртуге болмайды, өйткені қимыл-қозғалыс кезіңде балалар тайғанап кетуі мүмкін. Балалар жеңіл, кең киіммен және тапочкамен жаттығулар жасайды.

Балалардың дербес музыкалық қызметі үшін орын жарақтау: Балалар сабақтардан бос уақыттарында өздерінің жеке бейімділіктерін көрсетеді: біреулер сурет салады, біреулері балшықтан мүсін жасайды; үшіншілері өлең айтады, қалғандары балалар музыка сапабының көмегімен өнер көрсетеді, әйтеуір әркім дербес әрекет етеді.

Осы қызметтер барынша ойдағыдай дамуы үшін тиісті жағдайлар (сабақтар үшін орын бөлу, музыкалық мүйістер құрып, олардың құраолдарымен және аспаптармен жарақтау) жасау керек. Сәні шымылдықпен бөлінген музыка мүісінде балалар аспаптары, қолдан жасалғанойыншықтар, дидактикалық құралдар, музыка ойындары, билеріне арналған атрибуттар, музыкамен шұғылданатын шағын 1-2 стол болады. Құралдар пайдалануға қолайлы, сәнді, айқын болуы керек.

Тәрбиеші балалардың ойыншықтар мен аспаптарға мұқият қарауын, ойыннан кейін оларды жинап қоюын қадағалайды.

Музыка жетекшісінің ұйымдастыру жөніндегі міндеттері: Педагог –музыкант балалар бақшасындағы музыка тәрбиесінің жалпы жолға қойылуына жауап береді:ұйымдастырудың сан алуан түрлерін пайдаланка отырып, балалармен ұдайы жұмыс жүргізіп отырады, тәрбиешілермен, олардың музыкалық деңгейін көтере отырып жұмыс жүргізеді.

Ата-аналар арасында мектеп жасына дейінгілермен музыкалық-эстетикалық тәрбие жүргізумәселелерін насихаттайды.

Музыка сабақтары кестеге сай үнемі жүргізіліп отырады.

Балғын жастағы бірінші топта сабақтар аптасына үш рет жүргізіледі, өйткені бала үздіксіз өсіп отырады және оның музыкалық қабілеттері тез жетіледі. Бұл, сәбилер топтарында музыканттың жан-жақты ойластырылған әрі талапқа сай ұйымдастырылған дәрежеде жұмыс жүргізуін талап етеғді. Мұндай жағдайда төмендегідей ерекшеліктерді ескеру керек: кіші топтарға бөлу, репертуар мен сабақтар өзіндік ерекшеліктерінің болуы.

Балалар бақшасының бапсқка топтарында музыка сабақтары күннің бірінші жартысында аптасына екі рет болады. Күннің екінші жартысындағы сабақтар ойындық сипатта болуы керек.Музыка жетекшісі тәрбиешімен жеке топтық сабақтар, консультациялар өткізеді, бұлардың саны қатысушылардың жалпы музыкалық дайындығына байланысты болады.

Егер тәрбишілердің біреуінің ән айту немесе ырғақтық дағдығысыз жеткіліксіз болса, онда олармен апта сайын сабақ өткізіп тұру керек.

3 МУЗ