- •Бөлім . Балабақшадағы музыка тәрбиесінің жалпы сұрақтары.
- •1.Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеменің мақсаты мен міндеті.
- •2.Музыка тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы.Баланың музыкалық даму ерекшеліктері.
- •3. Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны
- •5.Сабақтың тақырыбы: Музыка тәрбиесінің әдісімен тәсілі.
- •5. Музыкалық тәрбие берудің және оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •2 Бөлім. Музыкалық қызметтің түрлері.
- •1 . Музыка тыңдау - қызмет түрі
- •8.Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.
- •8.Мектепке дейінгі кіші топтағы балаларды балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.
- •Методикалық тәсілдер
- •9.Орта топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету методикасы
- •Методикалық тәсілдері
- •Білім мен іскерлікті тексеру
- •10.Сабақтың тақырыбы:Ересек дайындық топтарда музыка тыңдау қабілетінің әдістемесін оқыту.
- •10.Ересек топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету методикасы
- •11.Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармалардың әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау.
- •11.Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау
- •12.Сабақтың тақырыбы.Музыкалық репертуарға сараптама жасау. Құж-ды қолдана отырып әнді тыңдау және түсініктеме жасау.
- •12.Репертуардың ерекшеліктері
- •13.2.Ән.Тәрбиелік мәні. Балалар дауысының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.
- •13.2.Ән. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.
- •13.Ән репертуарының сипаттамасы
- •15.Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі
- •16.Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі
- •17.Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету.
- •Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі.
- •18.Ән айту шығармашылығын дамыту.
- •Мәнерлеп орындау.
- •19.Ән үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау
- •20.(3).Музикалық ырғақтық қймылдар Жалпы сипаттама
- •21.«Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің оқыту тәсілдері
- •22.Кіші жастағы балаларды музыкалық- ырғақтық қимылдарға қатыстыру әдісі
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
- •23. Орта топта балаларды музыкалық - ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
- •24.Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері
- •28.Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі
- •Музыка аспаптары
- •32.Сабақтың тақырыбы: «Музыкалық сабақтар-негізгі оқыту формасы.Құрылымы. Сабақ түрі.»
- •32.3 Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
- •36.Сабақтың тақырыбы:Балабақшада музыкалық сабақтың өтілүін, ұйымдастырылуын, безендірілуін бақылау және анализ
- •36.Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
- •37. Сабақтың тақырыбы: Балалардың дербес музыкалық қызметі . Оның бастаулары. Дербес қызметтің түрлері.
- •38. Сабақтың тақырыбы: Дербес музыкалық қызметті қалыптастыратын педагогикалық жағдайлар. Тәрбиешінің рөлі. Музыка жетекшісінің рөлі.
- •39. Сабақтың тақырыбы: Күнделікті балабақша өміріндегі музыка. Музыка бейнелеу өнері сабағында. Музыка және көңіл көтеру.
- •Сабақ барысы:
- •40. Сабақтың тақырыбы: Денешынықтыру және музыка. Таңертеңгілік жаттығуға сүйемелдеу шығарма талдау.
- •Сабақ барысы:
- •40.Дене шынықтыру және музыка.
- •41. Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы музыкалық-дидактикалық ойындар.
- •Сабақ барысы:
- •42.Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы мерекелер. Мерекедегі музыка. Мерекені өткізуші және тәрбиешінің, музыка жетекшісінің рөлі.
- •Сабақ барысы:
- •43.Сабақтың тақырыбы: Залды безендіру. Балалар мерекесіне бағдарламалар құру.
- •Сабақ барысы:
- •44.Сабақтың тақырыбы:Залды безендіу. Балалар мерекесіне бағдарламалар құрау.
- •45.Сабақтың тақырыбы: Залды безендіу. Балалар мерекесіне бағдарламалар құрау.
- •46. Сабақтың тақырыбы: Таңертеңгілік және ертегілер өткізуге көрнекіліктер жасау және лайықты музыка таңдау.
- •48.Сабақтың тақырыбы: Мектепке дейінгілермен музыкалық тәрбие беру жұмысының үйірмесі: Үйірме өтілуіне мінездеме және мәні. Үйірме өтілу барысындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
- •49.Сабақтың тақырыбы:Музыкалық тәрбиені жоспарлау және есепке алу. Бағдарлама – жоспардың негізі. Жоспардың түрі.
- •52. Сабақтың тақырыбы:Балалардың көңілін көтеруіне,сабақтың өтілуіне залды безендіру.
- •53.Сабақтың тақырыбы: Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
- •53.Сабақ тақырыбы: «Балабақшадағы жалпы жетекшілік, музыкалық тәрбие.»
- •54. Сабақтың тақырыбы: Ата –аналармен, тәрбиешілермен жұмыс
- •54.Сабақтың тақырыбы: «Ата-аналармен, тәрбиешінің жұмысы»
28.Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі
Балалар өміріндегі музыкалық ойыншықтар мен аспаптар
Музыкалық аспаптардың түрлері
Дыбыс шығаратындар
Диатоникалық және хроматикалық дыбыс қатарлары бар ойыншық аспаптар
Балаларға эстетикалық тәрбие беру міндеті өсіп отырған қазіргі жағдайда музыкалық ойыншықтар мен балалар аспаптарына айрықша рөл жүктеледі. Олар балалардың зор қызығушылығын туғызады. Сондай-ақ бұлар балдырғандарды музыка сферасына қызықтыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру мақсатында отбасында да, балабақшада да кеңінен қолданылады.
Мұндай музыкалық аспаптарды мектепке дейінгілерді тәрбиелейтін мекемелерде пайдаланудың алуан түрлі мол мүмкіндігі бар. Бос уақытта музыкаға жеке әуестенушілік те, балалар оркестріндегі ұжымдық орындаулар да осындай мүмкіндік болып табылады.
Педагог әуелі аспаптардың көмегімен балалардың музыкамен өздігінше айналысуына түрткі болуға күш салады. Балалар өздеріне таныс шағын әнднрді ойнауды, жеңіл ырғақтарды немесе жеке белгілерді ойдан шығаруды, есту қабілеті арқылы таныс әуенді іріктеуді «музыкалық жаңғырықта» ойнауды, ән айтуды және өз даусыңа келтіруді, т.б үйренеді.
Бұлардан басқа кейбір ойыншық аспаптар дидактикалық көрнекі құралдар ретінде пайдаланылады. Олар педагогтың мектеп жасына дейінгілердің музыкалық – сенсорлық қабілетін дамытуына, музыкалық сауаттылықтың жекеленген элеметтерімен таныстыруына көмектеседі.
Балалар бақшасында музыкалық аспаптардың түрлерін ансамбль немесе тіпті шағын оркестр құруға болатындай етіп жинақтаған жөн.
Балалар аспаптарының дауысы таза, тембрі анық, көлемі мен салмағы жағынан балаларға қолайлы, құрылымы қарапайым, мейлінше мықты болуы керек. Жөндеуді, жүйелі дыбысқа келтіруді қажет ететін музыкалық аспаптар сабақ басталмай тұрып ретке келтірілуі керек.
«Музыкалық ойыншықтар», «балалардың музыкалық аспаптары» деген атаулар жай шартты атаулар. Музыкалық ойыншықтар көбінесе сюжеттік және дидактикалық ойындарда қолданылады. Музыкалық ойыншықтарды негізінен балғын жастағы балалар пайдаланылады. Бірақ кейбір ойыншықтар музыкалық аспаптар сияқты оркестрге қосыла алады.
Дыбысталуының тәсіліне және дыбыстың сипатына байланысты балалардың музыкалық аспаптары мен музыкалық ойыншықтарын белгілі бір түрлерге топтап бөлуге болады.
Дыбыссыздар. Бұл ойыншықтар музыкалық аспаптарды ғана бейнелейді, олар дыбыс шығармайтын нүктелері пианино, ойналмайтын шекті балалайка, жарғақты баян т.б. дыбыссыздығына қарамастан, олардың сыртқы түрі тартымды, әрі ойынды құбылтуға мүмкіндік береді. Балалар көбінесе өздерін «музыкалық жетекші» дәрежесінде ұстап, үлкендерге еліктей отырып, «музыка сабағын» өткізеді, пианист, баянист, балалайкашы болады, таныс әндерін құбылта орындайды, кейде оларды өңдеп немесе өз жандарынан шығарады. Бұл әрекеттің бәрі сөз жоқ баланың музыкалық – есту түйсігін, шығармашылық қиялын жетілдіреді.
Даусының белгілі бір биіктігі жоқ музыкалық ойыншық аспаптар – сылдырауықтар, бубендер, барабандар, кастаньеттер.
Бір ғана биік дыбыс шығаратын музыкалық ойыншық-аспаптар – сыбызғылар, кернейлер. Бұлардың көмегімен әр алуан ырғақтарды келтіруге болады.
Шектеулі әуені бар ойыншықтар: кішкентай органдар, музыкалық жәшіктер; оларды ойнаған кезде балалардың іс-әрекеті механикалық сипат алады.
Диатоникалық және хроматикалық дыбыс қатарлары бар музыкалық ойыншық -аспаптар: металлофон, пианино, рояльдар, кларнеттер, флейталар, саксафондар, баяндар, гармоникалар, ауыз гармониялары, колокольчиктер, цитралар, домбыралар, т.б. бұл музыкалық-ойыншық аспаптар бұрынғылардан әлдеқайда өзгеше. Оларды әсіресе хроматикалық дыбыстары қатар орналасқан аспаптарда ойнай отырып, әр түрлі әуендерді салуға болады. барлық музыкалық аспаптардың белгілі бір тобы бар: олар шекті, үрлемелі және соғып ойналатын болып бөлінеді.
Шекті, яғни, цитралар, домбралар, балалайкалар және басқа аспаптар халықтық болып табылады. Бала саусақтарымен немесе медиатормен шегін қақанда онан дыбыс шығады.
Үрлемелі, яғни, үрлемелі флейталар, саксафондар, кларнеттер, триолдар, «әуендер».
Пернелі -тілді, яғни, баяндар, аккордеондар, гармоникалар.
Соқпалы – пернелі, яғни, бубендер, кастанеттер, треугольниктер, тарелкалар, барабандар, металлофондар, ксилофондар. Аспаптың дыбыс шығаратын тұсын қолмен немесе таяқшамен соққан кезде дыбыс шығарады.
Жоғары дыбысты есту қабілетін жетілдіру үшін дыбыс жоғарылығы әр алуан болатын қоңырауларды пайдалануға болады, сонда балалар қандай қоңыраудың жоғары, қайсысының төмен шырқайтынын біледі немесе көлбеу қойылған металлофон музыкалық баспалдақ бола алады.
Ырғақтық сезімді дамыту үшін соғып ойналатын барлық музыкалық аспаптарды немесе тек белгілі биіктіктегі дыбысы бар кез келген аспапты пайдаланған жақсы.
Тембрлік есту қабілетін жетілдіру үшін сан алуан топтардың өкілдерінің дыбыстарын ғана салыстыру емес, сонымен қатар бір тектес аспаптардың дыбыстарының тембрі мен сипаты жағынан ұқсастығын көрсетіп отыруды балаларға ұсыну өте пайдалы. бұл жаттығулар музыкалық жұмбақ түрінде жақсы өтеді.
Динамикалық есту қабілетін жетілдіру үшін ойын жағдайына қарай балалар дыбысты өздігінен күшейтіп, бәсеңдете алатын барлық музыкалық аспаптар қолданылады.
Оркестрді немесе ансамбльді құрастырған кезде белгілі жүйеге сүйену қажет: онда мүмкіндігінше аспаптардың барлық топтарының болғаны жөн. Дегенмен олардың құрамында дыбысы жұмсақ та ақырын шығатын музыкалық аспаптардың көбірек болғаны дұрыс, өйткені олар өзінің құрлымы жағынан дәл әрі ойнауға қолайлы.
Оркестрдің шамамен мынадай құрамда болғаны дұрыс: цитр – 6-8; металлофон – 5-7; аккордеон – 1-2; триол – 2-3; кастаньет – 2-3; треугольник – 2-3; барабандар, бубендер, тарелкалардан бір-бір аспаптан.
Құрамының әркелкілігі, музыкалық аспаптар санының көптігі жағынан оркестр осындай болады. Алайда барлық топ әрдайым түгел қолдана бермейді. Тек біртекті музыкалық аспаптардан ғана, мәселен, бірыңғай металлофоннан тұратын оркестр құруға да болады. Ондай оркестрлік құрам фортепьяноның сүйемелдеуімен, сондай-ақ сүйемелдеусіз дыбыс шығара алады.
