- •Бөлім . Балабақшадағы музыка тәрбиесінің жалпы сұрақтары.
- •1.Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеменің мақсаты мен міндеті.
- •2.Музыка тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы.Баланың музыкалық даму ерекшеліктері.
- •3. Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны
- •5.Сабақтың тақырыбы: Музыка тәрбиесінің әдісімен тәсілі.
- •5. Музыкалық тәрбие берудің және оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •2 Бөлім. Музыкалық қызметтің түрлері.
- •1 . Музыка тыңдау - қызмет түрі
- •8.Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.
- •8.Мектепке дейінгі кіші топтағы балаларды балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.
- •Методикалық тәсілдер
- •9.Орта топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету методикасы
- •Методикалық тәсілдері
- •Білім мен іскерлікті тексеру
- •10.Сабақтың тақырыбы:Ересек дайындық топтарда музыка тыңдау қабілетінің әдістемесін оқыту.
- •10.Ересек топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету методикасы
- •11.Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармалардың әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау.
- •11.Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау
- •12.Сабақтың тақырыбы.Музыкалық репертуарға сараптама жасау. Құж-ды қолдана отырып әнді тыңдау және түсініктеме жасау.
- •12.Репертуардың ерекшеліктері
- •13.2.Ән.Тәрбиелік мәні. Балалар дауысының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.
- •13.2.Ән. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.
- •13.Ән репертуарының сипаттамасы
- •15.Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі
- •16.Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі
- •17.Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету.
- •Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі.
- •18.Ән айту шығармашылығын дамыту.
- •Мәнерлеп орындау.
- •19.Ән үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау
- •20.(3).Музикалық ырғақтық қймылдар Жалпы сипаттама
- •21.«Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің оқыту тәсілдері
- •22.Кіші жастағы балаларды музыкалық- ырғақтық қимылдарға қатыстыру әдісі
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
- •23. Орта топта балаларды музыкалық - ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
- •24.Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері
- •28.Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі
- •Музыка аспаптары
- •32.Сабақтың тақырыбы: «Музыкалық сабақтар-негізгі оқыту формасы.Құрылымы. Сабақ түрі.»
- •32.3 Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
- •36.Сабақтың тақырыбы:Балабақшада музыкалық сабақтың өтілүін, ұйымдастырылуын, безендірілуін бақылау және анализ
- •36.Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
- •37. Сабақтың тақырыбы: Балалардың дербес музыкалық қызметі . Оның бастаулары. Дербес қызметтің түрлері.
- •38. Сабақтың тақырыбы: Дербес музыкалық қызметті қалыптастыратын педагогикалық жағдайлар. Тәрбиешінің рөлі. Музыка жетекшісінің рөлі.
- •39. Сабақтың тақырыбы: Күнделікті балабақша өміріндегі музыка. Музыка бейнелеу өнері сабағында. Музыка және көңіл көтеру.
- •Сабақ барысы:
- •40. Сабақтың тақырыбы: Денешынықтыру және музыка. Таңертеңгілік жаттығуға сүйемелдеу шығарма талдау.
- •Сабақ барысы:
- •40.Дене шынықтыру және музыка.
- •41. Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы музыкалық-дидактикалық ойындар.
- •Сабақ барысы:
- •42.Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы мерекелер. Мерекедегі музыка. Мерекені өткізуші және тәрбиешінің, музыка жетекшісінің рөлі.
- •Сабақ барысы:
- •43.Сабақтың тақырыбы: Залды безендіру. Балалар мерекесіне бағдарламалар құру.
- •Сабақ барысы:
- •44.Сабақтың тақырыбы:Залды безендіу. Балалар мерекесіне бағдарламалар құрау.
- •45.Сабақтың тақырыбы: Залды безендіу. Балалар мерекесіне бағдарламалар құрау.
- •46. Сабақтың тақырыбы: Таңертеңгілік және ертегілер өткізуге көрнекіліктер жасау және лайықты музыка таңдау.
- •48.Сабақтың тақырыбы: Мектепке дейінгілермен музыкалық тәрбие беру жұмысының үйірмесі: Үйірме өтілуіне мінездеме және мәні. Үйірме өтілу барысындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
- •49.Сабақтың тақырыбы:Музыкалық тәрбиені жоспарлау және есепке алу. Бағдарлама – жоспардың негізі. Жоспардың түрі.
- •52. Сабақтың тақырыбы:Балалардың көңілін көтеруіне,сабақтың өтілуіне залды безендіру.
- •53.Сабақтың тақырыбы: Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
- •53.Сабақ тақырыбы: «Балабақшадағы жалпы жетекшілік, музыкалық тәрбие.»
- •54. Сабақтың тақырыбы: Ата –аналармен, тәрбиешілермен жұмыс
- •54.Сабақтың тақырыбы: «Ата-аналармен, тәрбиешінің жұмысы»
23. Орта топта балаларды музыкалық - ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
Музыкалық – ырғақтық қимылдар – мектеп жсына дейінгі балалар үшін олардың ынтасы мен өздігінен жұмыс стеуін дамытуға септігін тгізетін тартымды қызымет: олар ойынның кейіпкерлерін өздерінше «бейнелейді», билейді, қймыл жасау жүйелілігін естерінде сақтайды. Көркем қыимылдар балалрдың музыкаға дген нтасымен құмартуын тәрбиелеи отрып, қоршаған орат туралы түсінігін молайтады, көптеен қызықты оқйғалар туралы әңгімелейді, түсінігін байытады, шаттыққа бөлейді. Бес жасқа толған балаларды музкалық мәнердің мейілінше қарапайым элеманттерін ажылата, сезіне және түсіне біліуге, мозыканы тұтас күйінде қабылдай білуге, оның әсерін, жалпы сипатын сезіне білуге үйрету. Мозыкаға қосылып, мәнерлі қймылдау үшін оны сезіне, қабылдай білу және негізгі геманастикалық, секрме билер, образдық сияқты кейбір басы артық қймылдарды меңгере білу, коллективте үйлесімділікпен әрекет жасай білу керек. Бұған балалар үнемі жаттықтрлады.
Музкалық – ырғақтық дағдыларды игеру музыкалық ойындармен, қол ұстасып өлең айту мен, секірмен билермен, жаттығулармен танысу және олардыүйрену кезінде жүзеге асрлады. Балалр музыкаға қослып ойнау арқылысюжетті және сюжетсіз оузкалық ойындарды үйренп алады.
Тапсырманың күрделігіне, дағдылардың меңгерлу дәрежесіне, материалды жаттау уақытына байлансты методикалық тәсілдердің түрі өзгеріп отрады. Ең бастсы және міндетті бір жағдай өзгермейді. Ол музыканы педагогтың мәнерлеп орндауы. Бұлай істеу балалардың жүрегін қуанышқа толтырады, белсенділік көрсету мен өздігінен қймыл жасау ынтасын тудрады. Бұл жаста балалар не нәрсенәң болмасын айқын әрі дұрыс көрсетілуіне, қысқаша түсінік беруіне өте мұқтаж болады. Сол себепті қандай жағдайда қимылдарды өздігінен іздеп табу жөніндегі тапсрмалалрдың балаларға түсінікті болатынын, қандай жағдайда олардың үлкендердің көрнекі көмегі қажетін педагогтың күні бұрын ойластыру қажет.
24.Сабақтың тақырыбы: «Ересек дайындық топтағыларға музыкалық- ырғақтық қозғалыстарға үйрету әдістемесі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ересек және дайындық топтағы балаларды музыкалық- ырғақты қимылдардың түрлеріне баулудағы әдістемелік тәсілдермен таныстыру;
Дамытушылығы: Ересек және дайындық топтағы балаларды билеудің алуан түрлі би ырғақтық жаттығуларға дайындау барысындағы іскерлігімен таныстыру;
Тәрбиелілігі: Ересек дайындық топтағы балаларды әсемдікке тәрбиелеуде қимыл- қозғалыстардың түрлеріне іске асыра отырып, билерді игеруде денелерін ширатуда жаттығулардың мәнділерін жасата үйретуге тәрбиелеу
Практикалық сабақ: Дәстүрлі
Көрнекілігі: аспап,үнтаспа, видео
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Жаңа тақырып
Пысықтау
Үй тапсырмасын тексеру
Бағалау
Үйге тпасырма
24.Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері
Үйретудің міндеті мен мазмұны. Музыкалық- ырғақтық қимылдар музыканың сипатымен,оның музыкалық образдардың дамуымен айқындалады.Алты жастағы балалардың шығарманы тұтастай қабылдауы және қимыл жасау арқылы оның сипатын,көңіл күйін бере білуі мүмкін.Олар қарқынның жылдамдық ерекшеліктердің,пьесаның екі бөлімді түрінің өзгерістерін (әсіресе қарама-қарсы берілген) тез сезеді,бірақ,егер бала алуан түрлі музыкалық құралдардың мағынасын түсінген болса, жасалатын қимыл барынша мәнерлі болса түседі. Пьесаның саздылығы ұстамдылық сипатымен ерекшеленеді дейік,жалпы дыбыс шығару баяу «құпия»,қарқын жеті емес,біртіндеп ақырындай түседі;мұны түсінген балалар тасады тұрған аңды абайлап қарап алатын сақ аңшылардың образын өте мәнерлі көрсете алады.
Музыкалық – ырғақтың дағдылар музыкалы ойындарды,секірме билерді,қол ұстасып жүріп өлең айтуларды (мейлі ол гимнастикалық,хеографиялық болсын) орындауға қажет қимылдармен бірлікте жетілдіріледі және қол ұстасып жүріп өлең айтуда және т.б. тән қимылдардағы музыкалық-ойындық образдарды мәнерлеп орындауға көметеседі.
Ырғақ жөніндегі программа музыкалық –ырғатық дағдылармен және мәнерлі қимылдар дағдыларымен бір мезгілде жұмыс жүргізуді талап етеді.Кейбір тапсырмаларды:алақандарын соғудағы,жүру кезіндегі жылдамдық ерекшеліктерін, қимылдардың ауытқуын көбейту не азайту сияқтыларды балалар ерекше бір күш жұмсамай-ақ орындайды. Тапсырмаларды ауырлатқан кезде балаларды дыбыстың қатты және ақырын шығуын ажырата білуге және тиісінше қимылдық көлемін үлкейте немесе кірейте білуге үйрету керек.
Ырғақтың сезінуін дамыту және оны затарды (орамалдарды,ленталарды,жалаушаларды,таяқшаларды т.б.)пайдалану арқылы орындалатын түрлі гимнастикалық қимылдарды (қолды жоғары көтеру,қолды төмен түсіру және т.б.) орындауда қолданылуымен балаларды тақтаның күшті үлесін көрсете білуге үйретеді.
Тактының күшті бөлігінде балалар қимылын сәл ғана тәжім етіп,сүйемелдеу арқылы жанында тұрған балаға бір қалыпты,дәл береді.
Балаларды алақандарын соққанда және жүргенде өлшемдік қалыпты бере білуге (күшті және баяу музыкалық үлестерді бере білуге) үйретеді.Бұл тапсырманы балалардың бәрі бірдей орындай алмайды, сондықтан оларды бұған дейін үнемі жаттықтырып отыру қажет.
Орыстың «Қара қарғалар» («Ворон») атты халық әзілінен оңай ырғаққа негізделген өрнекті баларға орындауды ұсынады.
Тапсырманы қиындатуға болады: қиынырақ ырғақты өрнекке қол соғу және соған орай қимылды алмастыру. Келесі ноталық мысалға қараңыз. Бастапқыда фортепьяноға арналған музыка былайша көрсетілген:
Бұдан әрі қарай үзіліссіз және бір қалыпты сегізінші үлестер ойналады. Осыған орай балалар алдымен алақан соғудағы ырғақты өрнекті орындайды және соңынан ақырындап жүгіреді. Осындай тапсырма «Көңілді балалар» («Веселые дети») секірме биінде ( В. Агафонниковтың өңдеуінде литваның халық әнінде) беріледі.
Балаларды екі – үш бөлімді, вариациалы шығармалардың түрін, сондай – ақ белгілі бір қимылдарды орындай отырып, бірнеше тізбектен тұратын музыкалық әндерді анықтай білуге үйретудің маңызы өте зор.
Шапшаңдық өзгерістері әсіресе музыкалық – ойындық образбен байланысты қимылдар жасағанда жақсы игеріледі, балалар, мысалы, жаяу әскерлердің жүрісіне еліктегенде, ырғақты түрде тік жүреді игеріледі, балалар, мысалы, жаяу әскерлердің жүрісіне еліктегенде, ырғақты түрде тік жүреді немесе атты әскерге және басқаларға еліктесе,тезірек шапқылай жүреді.
Балалардың шығармашылық дамуының өздігінен әрекет жасай білуінің: үкендердің көмегінсіз шеңберге тұра білуінің,екі-екіден тұруының,тұрыстарын өзгертуінің секірме билер қимылдарының жүйелілігін естерінде ұстауының, мәнерлі қимылдар ойлап табуының маңызы ерекше.Жекелеген қимылдарды,жолдасын еліктемей еркін түрде құрастыра білу дағдыларын дамытудың маңызы зор.Бұған би қимылдарының таныс элементтерін балалардың өзінше түрлендіріп орындайтын «еркін» секірме билер септігін тигізеді.
Бес-алты жастағы балалардың төмендегі музыкалық дағдыларды білуі керек:музыканың түрліше ерекшеліктеріне,өсіңкілігіне (қатты,орташа,ақырын,баяу),ригистрларына (жоғары,орташа,төмен) сәйкес ырғақпен қозғала білуі;қарқынды қимылдарымен (бірқалыпты, жылдам және баяу) сондай-ақ өлшемді (тактының күшті үлесі, музыкалық өлшемді) және ырғаққа құрылған күрделі емес өрнекті (алақандарын соғу) көрсете білу.Екі-үш бөлімді түрлерге,музыкалық тізбектерге сәйкес қимылдарды өзгерте білу.
Қимылды музыка үнімен үйлестіруді біле отырып,жеңіл жүре білу,аяқты тез,жоғары көтере отырып,ырғақты түрде жүре білу,бір аяқты екіншісімен ауыстыра отырып,секіру,қимылдарды заттармен және заттарсыз орындау,екі аяқты бүге білу өздігінен түзу шеңберге тұра білу,жұптасып тұрушылар аралығындағы қашықтықты сақтай білу шеңберді кішірейте және үкейте білу сапта жұптасып тұруда жан-жаққа тарап кете білу,әр түрлі сипатағы ойындық образдарды жасай білу.
Би қимылдарында секіруге дайындалар алдында аяқты алма-кезек қоя білу,үйіріліп билей білу,тізені бүге отырып қосалқы адым жасау,қолды бірқалыпты жоғары көтеру және төмен түсіру (алға қарай-жан-жаққа),екі-екіден жүре білу,жұптасып тұрғандардан кейін қарай жүре білу.Осындай элементтерден құрылатын секірме билерді «еркін» орындағанда таныс элементтерді өздігінен пайдалана білуі.
Музыкалық-ырғақтық репертуар. Программада ұсынылған ойындар, секірме билер , жаттығулар, өзінің түрлері тақырыптары бойынша барынша нақты бөлінген.
Ойындар мен секірме билер құрылымының түрлері ерекше сипатты белгілерімен ерекшеленеді: Жарыс элеметтері енгізіледі, сюжет қызықты дамиды, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы ашылады.
Программада жаттығулар үлгі ретінде көрсетілген. Тәжірибиеде олар әлде қайда көп.Олардың көмегімен балалар секірме билердің жекелеген элементтерін,әр түрлі сипатағы қимылдарды жақсы меңгеріп алады,музыкалық-ырғақтық дағдыларды игеріп алуға жатығады.
Программада көрсетілген музыкалық шығармалар, балаларды дамытады, музыканы тұтастай қабылдай білуге,образды мінез-құлықты,көңіл күйді түсіне білуге тәрбиелейді.Сонымен бірге олардың әрқасысы балалардың зейінін музыкалық мәнерліліктің жеклеген құралдарына аударуға және оны қимылдарда бере білуге мүмкіндік жасайды.
Әдістер мен тәсілдер.Ойындарды,секірме билерді,жаттығуларды үйретудің әдісі музыканың жетекшісі орындауында әрқашан мәнерлі және дәл болуымен сипатталады.Ырғақ-музыкалық тәрбие құралы екенін ұмытуға болмайды.Қимылдардың дәл,мәнерлі,дұрыс көрсетілуі және түсініктердің ықшамда образды болуы жалапы талап болып табылады.Балалардың өздігінен жұмыс жасауының дамуына,олардың шығармашылықпен көрінуіне ерекше назар аударылады.
Бұдан басқа үйрету процесінде ырғақтық қызметтің өз ерекшелігімен айқындалған сан алуан методикалық тәсілдер пайдаланылады.
Сюжетті дамыту ойындарында муызыка қималдардың өзгерісін және ерекшелігін айқындай отырып оны бағыттайды.Сюжетті ойындардың мазмұнын анықтауда программалық музыка атауы,әдеби текст басшылыққа алынады.
Сондай-ақ ойынның қорытындысында да түсінік беру қажет («қарға» құпия түрде таңдалып алынады).Егер балалар бастаушының рөлін нашар орындайтын болса,келесі келесі сабақтарда тәрбиеші барлық балаларға «қарғалар» болуды ұсынады да оларды образды тиісті сипатта беруге жаттықтырады.Бұл рольді барынша қызықты орындаушы мадақталынады және коллективтің алдында өнерін көрсереді.
Түрліше алақан соғу,аяқпен тақылдату,сіуөлтеу,қолдың басын айналдыру және т.б.ойын түрінде үйретіледі.Содан соң балаларға осы музыка бойынша қалай қимыл жасауға болатындығын ойлауды ұсынуға,бұл варианттарды талқылауға және қорытындысында балалар үйреніп алуға тиісті құрылымды көрсетуге болады.Мұндай әдіс музыканы белсенді түрде қабылдау кезіндегі дағдыларды меңгеруге,өздңгңнен әрекет жасауына,шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.Прогамма бойынша тәрбие жұмысының басты міндеті де осында.Репер туар тек оны жүзеге асырудың құралы ғана.
Билерде ойндар сияқты үйретіледі,алайда олар балаларға таныс емес би элементтерін,құрылымдарын меңгеруде және жетілдіруде қосымша жаттығулар жүгізуді талап етеді.Мысалы "Айналма секірме биде" балалардың "Жыбырлаған" қадам жасауы немесе шеңберге тұруы,оны үлкейту не кішірейту сәтті бола бермейді Сондықтан педагог басқа,бірақ қимылдарға сәйкес келетін,музыканы пайдалана отырып,балаларды осы дағдыларға жаттықтырады.
Жаттығулардың мазмұны мен оның міндеттеріне байланысты.Бидің жекелеген элементтері техникалық дәрежеде орындалуды талап етеді,сондықтан балаларды қимылдарды жеңіл және қысылмай жасауға жаттықтырады.
Музыкалық-ойындық образдардың мәнерлі болуына шығармашылық тапсырмалар кқмектеседі.Қандайда болмасын бір кеіпкерді сипаттайтын қимылдарды балалардың өздері іздейді.Кейбір жаттығулар қосалқы сипатқа ие болады.Олар секірме биде қол ұстасып жүріп өлең айтуда,ойында балаларды қиналдыратын қимылдар элементтерін меңгеруге бағытталған.
Балалар шығармашылығы.5-6 жастағы балалар бір нәрсені ойлап табуды,құрастыруды,жасауды сүйеді.Көптеген музыкалық шығармалар қимылдарды,өлеңдерді инсценировкалауда өздерінің шығармашылық іздену тұрғысынан көрсете білуге мүмкіндік береді.Кейбір шығармаларды композиторлар мектепке дейнгі балалардың музыкалық-ойындық шығармасын дамытуға жағдай жасау үшін арнайы шығарылған.
Көрсету бойынша өздігінен жасалатын қимыл-әрекеттердің,оқлық және шығармашылық тапсырмаларды орындаудың ұштастырылуы-әдісті түрлендіреді және балалардың орындаушылық қызметін жандандырады.
Музыкалық-ырғақтылыққа үйрету процесінде педегог әр баланың білімін тексере отырып,әр түрлі тапсырмаларды ұсынады, алуан түрлі әдістерді пайдаланады.Би қимылдарының дәлдігі, ырғақтылығы биді жұптпсып билеу кезінде тексеріледі,екі-екіден бөлінген балалар жекелей жүреді,педагог және басқа қатысушылар олардың билеуін бақылайды,қалай орындағанына баға береді.
Баланың бидің жекелеген элементтерін меңгеруі (жүреден отырып қосалқы адым жасау,секірер алдында аяқтарын алға қою,табандарын толық тигізіп жүру және т.б.) жеке-дара сабақтар откізу кезінде тексеріледі.Балалардың секірме билерде шығармашылық бой көрсетуін тексеру үшін мынадай тәсілді қолдануға болады:барлық орындаушыларды шағын топтарға бөліп халықтың би музыкасын ойнатуға және әр топқа кезекпен өзінің композициясын көрсетуді ұсынуға болады.
Мектепке дайындық тобындағы балаларды музыкалық-ырғақтық
қимылдарға үйрету әдісі.
Жеті жасар балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдар жасауға үйрету алған дағдыларын бекітуге бағытталған және бұны алдындағы жас топтарында жүргізілген жұмыстың белгілі бір қорытындысы болып табылады.Бір ерекшелікті атап көрсеткен жөн.Егер ән айтуға үйрету кезінде балалар бақшасы мен мектеп арасында сабақтастық белгіленетін болса, ырғақты меңгеру ісі басқаша. Ырғақ мектепте айтарлықтай орын алмайды, жүйелі жүргізілуі де жеткіліксіз. Сол себепті үйрету барысында мектепке дейінгі және мектеп жүйесіндегі сабақтастық туралы айтудың өзі қиын. Алайда мектептегі сабақтарға қажетті эстетикалық, ақыл-ой қабілеттерін, адамгершілік-еріктік сапаларын дамытуды ырғақтың қосар үлесінде бағалаған жөн. Осы жайды қарастырып көрейік. Ырғақ жөніндегі сабақтар балалардың шығармашылық қиялын тамаша дамытады. Олар әр түрлі кейіпкерлердің обрызында қайтадан түрленеді, жалғастық табады, музыка бойынша әрекет жасайды; шығармашылық тапсырмаларды шынайы жағдайда орындау олардың ойын жандандырады, мәнерлі қимылдарды іздеп табуға ынталандырады. Өзара қарым-қатынас, сюжетті ойындар кейіпкерлерінің көңіл күйін бастан кешіру балалрдың адамгершілік қасиетін молайтады. Бұдан басқа ұйымдастыра қабілетін көрсетуі – жолдастарына қарағанда өзінің қимылын тез жәнее шебер есептей білу керек. Музыкалық белгілерге дер кезінде жауап қайтара білудің маңызы зор. Қандай да болмасын бір бидің гимнастикалық қимылдардың, қайта құру элементерін меңгеруге арналған жаттығулар балаларды үнемі еңбектенуге, күш-жігер жұмсауға үйретеді. Ырғақпен шұғылдану жөніндегі сабақтар процесінде музыкалық есту түйсігі дамиды: бейнелік, әсемдік қимылдарды пайдаланып өзінің музыкалық әсерін дұрыс көрсете білу үшін балалар музыканы үнемі ықыластана тыңдайтын болуы керек. Шын мәнінде ырғақ-баланы музыка тілінің мәнерлілігін түсінуге жетелейтін құралдардың бірі.6-7 жастағы балаларды үйрету программасы мұның алдындағы топтағы сияқты басты талап – музыкалық образдардың ерекшеліктеріне сәйкес қимылдың мәнерлігін және еркін жасалуын қалыптастыру. Балалардың бойында музыканы тұтастай қабылдауды дамытады, алайда ол оларды музыкалық дыбыстың ерекшеліктерімен және құралдарымен таныстыруды ойластырады. Қимылдардың әсіресе би және гимнастикалық қимылдардың көлемі айтарлықтай кеңейтіледі.
Әсіресе творчесволық қызмет толыса түседі. Біліктер мен дағдылардың программалық көлемі музыкалық образдарға музыканың алуан түрлі сипатына өсіңкілігіне, ригистрларына сәйкес балаларды мәнерлі және баяулатуға, қимылдар арқылы өлшемді өлшемдік тынысты жеңіл ырғақты өрнекті белгілеуге музыкалық тізбектерге сәйкес қимылды өзгертуге ойнап болған соң өздігінен қимыл жасауға үйретеді.
Музыканың сипатына қарай жалпы қимылдарды орындау: салтантты түрде, бір қалыпты жүру әр түрлі ойындық образдарды ( қорқақ қоян, қу түлкі ) және би қимылдарын: полька биін билеу кезіндегі адымдар, әр түрлі ырғақты алаұан соғу; Осы қимылдардан құралатын секірме билерді мәнерлі еркін орындау. «полька биінің адымы», «шоқырақтап жүру», «Галоп»» терминдерін түсіну.
Балаларды творчестволық биімділікке тәрбиелеу: ойынға аранлған өлеңдерді өздігінен сахнаға ыңғайлау, ойындардағы образдық қимылдардың жаңа түрлерін ойлап табу, би қимылдарының элементтерін құрастыру, секірме билердің күрделі емес жеңіл композитциясын жасау.
Музыкалық – ырғақтық репертурлар. Ойындарда қол ұстасып жүріп өлең айтуларда, секірме билерде музыка басты орын алады. Шығармалардың мазмұны, оның музыкалық құралдары, құрылымы-баланың мәнерлі қимылдарының негізгі қозғаушысы. Музыкаға қойылатын талап –жоғары көркемдік, идеялық бағыттылық осы арадан басталады. Сонымен біоге шығармалар түрі жағынан есіңкі үйлесімді келіп балаларға қуаныш әкелетіндей олардың қимылдарын жетілдіруге көмектесетіндей болуы керек.қимылдар жасауға үйрету тәжрибесінде вокальді және аспапты музыка, автордың өзінің және халықтың музыкасы пайдаланылады.
Халық әндерінде секірме билерде және қол ұстасып жүріп айтылатын өлеңдерде қимылдарды дамытуға арналған мәнерлі мүмкіндіктер мол.
Композитциялардың педагогтардың белсенді көмегімен балалар билері, ойындары, жаттығулары үшін жазған музыкасы педагогикалық бағытқа ие болады және баланың музыкалық-ырғақтық дамуының белсенді құралы болады. Балалардың музыкалық-ойындық, би творчествосы олардың ойындарда өздігінен ойлап табушылығын, композитцияларды қол ұстасумен ән айтуды, би билеуді ойдан шығаруға білу мақсатын көздейді.
Балалардың осындай қабілеттерін дамыту үшін композитор Е. Тиличеева осы тараудың авторымен бірлесіп мазмұны жағынан тартымды, өзіндік әдеби – музыкалық сценарийі өмірдегі жағдайлармен байланысы бар бірқатар әндер мен пьесалар жазды. Бұл шығармалардың әрқайсысына міндет қойылып ол өзінің творчестволық шешімін тауып отырады. Кейіпкерлер арасындағы түрлі қарым-қатынастар туралы жиі әңгімеленеді. Бір ретте кейіпкер өзар тікелей қарым-қатынас жасамай қатар жүріп әрекет етеді.
Әдістер мен тәсілдер. Бұл жастағы балалармен жүгізілетін жұмыста қолданылатын методикалық тәсілдер сан алуан және олар төмендегілерге байланысты түрленіп отырады. Қолда бар қызыметтің алуан түрлері музыкалық ойындар қол ұстасып жүріп айтылатын өлеңдер билер жаттығулар. екінші бір түрі: ойынның орындалуы алдын ала айтылады. Мысалы: Т. Ломованың музыкасына жазылған «Метро» ойнында пионерлер алдымен екі-екіден көшеде жүреді содан соң метро станциясымен асықпай танысады. Поездың жүретіні хабарлайды бәрі вагоннан орын алуға асығады поезд жүріп кетеді. Мұндай методикалық тәсілдерді қимыл жасау және жүйелілігі жағынан онша күрделі емес ойындарды үйренген кезде де пайдаланған тиімді. Билерді үйрену де музыканы алдын ала тыңдауды түсінік беруді және жекелеген күрделі элементтерін көрсетуді талап етеді. Егер би екі бөлімді болып келсе музыканың басталуы қайырмасы онда түсінік бүкіл композиция бйынша немесе бөлімдері бойынша жеке болуы мүмкін.Методикалық әдістер ойындардың мазмұны мен прогрммалық біліктердің көлеміне байланысты түрленіп отырады. Ойынды орындауға қандай дағдыларқажет болатынын айқындау үшін оған алдын ала талдау жасалынуы керек.
Бұл жастағы балалар үшін қимылды дағдылар күрделі емес. Осы ерекшеліктерді ескеріп педагог методикалық тәсілдерді таңдап алады. Соңғы аккордтағы екпін дәлдігі мен музыкалық тізбектер бойынша жекелей көрсету ғана көбірек күрелі болып табылады. Бұл жерде өздігінен жаттығу жасау түріндегі белгілі жаттықтыру қажет болады. Қол ұстасып жүріп айтылатын басқа өлеңдерде ойындарда тиісті методикалық тәсілдерді талап ететін жаңа тапсырмалар қойылады. Методикалық тәсілдер белгіленген репертуарды меңгере отырып балалардың біліктері мен қабілеттері үнемі бірізділікпен дамытылуына бағытталынуы керек. Педагог баланы музыкалық тізбектерді басталуын аяқталуын қабылдай білу дағдысына үйретеді дейік.
Тәсілдер материалды үйрену кезеңіне байланысты түрін өзретіп отырады. Бірінші кезең-музыканы қабылдау. Бала оның жалпы сипатын, құрлымын сезіне білу керек. Келесі кезең – жаттау, бұл бір шама ұзаққа ( бірнеше сабаққа) созылады. Методикалықтәсілдер педагогтың баланың бойында қалыптасқан сапаларды қабілеттерді дамыту жөніндегі талпынысына байланысты түрленіп отырады. Бала қимылдарды әбден үйреніп алғаннан кейін оларды қысылмай өздігінен жасағысы келеді.
Балалардың шығармашылығы. Балалардың өздерінің творчестволық әрекет жасауына жағдай жасайтын ойындар қол ұстасып жүрумен айтатын өлеңдер сахналанған шығармалар аз емес. Педагог балалардың қызметін бағыттай отырып біртіндеп қиындатылатын творчестволық тапсырмаларлы беруді қолданады. Осы мақсатта балалар зор ынтамен орындайтын арнайы музыкалық – әдеби сценарилер, әндер, пьесалар жасалған.балаларды колективтік тапсырмалар да алады. Өз ара ақылдасады би композитциясын ойлап табады. Мұндай міндеттерді шешуге екі бөлім үлгісінде жазылған пьеселарды тиімді пайдаланудың дұрыстығын тәжрибе көретеді.
Екі адам билейтін биді дұрыс әсем орындау. Балалардың әр бір жұбы жеке билейді олардың орындауын бүкіл коллектив бағалайды, педагог нақтылайды.
Жоспар бойынша секірме би ойлап табу. Балалар екі – екіден тұрып нені және қалай орындайтыны жайында ақылдасады. Халық биінің таныс элементтерін пайдаланып секірме би ойлап шығару. Педагог бірінен – бірі «Жақсы билейтін» ойларынан қимылдар жасап шығаратын екі баланы өзіне шақырады. Педагог орындайтын таныс емес әнді сахнаға шығару кезінде қимылдарды ойлап табудың өз вариантын ойлап шығару.
25.Сабақтың тақырыбы: Музыкалы ырғақтық жаттығуларды үйрету әдістемесі.
Сабақтың мақсаты:Музыкалы –ырғақты қимылдарды үйрету әдістемесі бойынша тәсілдерді меңгеру.
Білімділігі: Музыкалы ырғақтық қимылдарды үйрету әдістемесі бойынша алдымен балалардың жас ерекшеліктерін белгілеу шарт. Бағдарлама талаптарына сай ырғақты қимылдардың барлық түріне қатыстырудағы әдіс тәсілдерін меңгеру.
Дамытушылығы: Ырғақты қимылдарды билерді,хороводта айнала жүріп ән айта алумен бірге,екі-екіден билеу,жаттығуларына үйрету.
Тәрбиелігі: Болашақ музыка жетекшісін дайындауда осы қызметтің түрі әдістемесінің тәсілдерін видеомәліметтермен толығырақ таныстыру.
Практикалық сабақ.
Дәстүрлі
Көрнекілігі:Аспаптар, видеомәліметтер
Сабақ барысы:
1)Уйымдастыру
2)Жаңа тақырып: Музыкалы - ырғақтық жаттығуларды үйрету әдістемесі
3)Видеомәліметтерді көрсету.
4)Үйге тапсырма.
26.Сабақтың тақырыбы:Музыкалық ойындарды, хороводтарды,үйрету әдістемесін дайындау.
Сабақтың мақсаты:Әдістеме дайындауда әр оқушының жеке тапсырмалар беру арқылы шығармашылығын арттыру.
Білімділігі:Музыкамен сүйемелденетін ойындарды алдын-ала дайындау,балаларға ойын шартын түсіндірүдегі сөйлеү мәніне,ойын түрін алдымен өзі түсінікті көрсете алуға дайындау.Хороводтарда мерекеге байланыстыән айту арқылы жүріп-тұруын,қолдарына ұстаған көрнекіліктерімен желбірете жүре алудағы дайындау жаттығуларын белгілеу.
Дамытушылығы:Ойындармен хороводта жүрүде оқытуға үйретүде мерекелер өткізілген видео мәліметтер көрсету.
Тәрбиелігі:Әдістермен көрсете жұмыс істеу барысында көрнекіліктерді дайындауда олардың ашық өңді бояулармен болуы және көзге тартымды әдемі болуы шарт.
Практикалық сабақ
Дәстүрлі
Көрнекілігі:Суреттер, видео мәліметтер.
Сабақ барысы:
1.Уйымдастыру.
2.Жаңа тақырыппен жұмыс.
27.Сабақтың тақырыбы.Өздігінен әнге сахналық көрініс,бидің қимылдарын, ырғақтық жаттығулар жасау, құрау.
Сабақтың мақсаты: Әннің тақырыбына байланысты өз бетінше көріністің , би қимылдарының мағыналы болып шығуына талап қою. Балаларды шығармашылық дамушылығын тәрбиелеудегі музыка жетекшісінің білімділігін дамыту.
Білімділігі:Әнге үйретуде балаларды ән айтып отырып қолдарымен ән сөзіне байланысты қимылдар көрсетуге дағдыландыру.
Дамытушылығы:Би қимылдарын, ырғақ жаттығуларын өз бетінше ұйымдастырушылғын дамыту шығармашылығын музыка жетекшісінің өзіне сенімділігін білдіреді.
Тәрбиелігі:Ән тақырыбына байланысты көрнекілік құралдардың мейлінше сенімді болуы үшін, қуыршақтармен бесік, киіз үй,сияқты құралдармен қамтамасыз ету керектігі маңыздылығын көрсету.
Практикалық сабақ
Дәстүрлі
Көрнекілігі:Суреттер,ойыншықтар.
Сабақ барысы:
1.Уйымдастыру.
2.Жаңа тақырып: Өздігінен әнге сахналық көрініс,бидің қимылдарын, ырғақтық жаттығулар жасау, құрау.
3.Үйге тапсырма.
28.Сабақтың тақырыбы: Балалар музыка аспабында ойнау. Оларға мінездеме беру, классификациялау.
Сабақтың мақсаты: Балабақшадағы балаларды музыка аспабында ойнату қызмет түрімен оқушыларды таныстыру. Аспабтардың дыбыс айырмашылықтарының ерекшеліктерімен балаларды таныстыра отырып аспабтарға ойнауды тарту.
Білімділігі: Ұлттық аспабтардың түрлерімен балаларды таныстыру арқылы дыбыс шығару ерекшеліктерін ойнап көрсету, ұрмалы аспабтардың қалай ойналатынын көрсету.Аспабтарға мінездеме беру.
Дамытушылығы: Диатоникалық аспабтардың және ойыншық аспабтарың түрлерін дыбыстарын, оркестр болып ойнаудағы коллективтік топпен ерекшеліктерімен таныстыру.
Тәрбиелігі:Аспабтарда ойнау арқылы күй шығармсын тыңдауға, қазақтың ұлттық аспабтарын дәріптеуде өз ұлтының ән күй шығармашылығын кішкентай кезінен бойларына сіңдірумен ұлттық мәдениетін сыйлап құрметтеуге оқыту.
Теориялық сабақ.
Дәстүрлі
Көрнекілігі:Аспабтар,суреттер, үн таспа.
Сабақ барысы:
1.Уйымдастыру
2.Жаңа тақырып: : Балалар музыка аспабында ойнау. Оларға мінездеме беру, классификациялау.
3.Үй тапсырмасын тексеру
4.Бағалау
5.Үйге тапсырма.
