- •Бөлім . Балабақшадағы музыка тәрбиесінің жалпы сұрақтары.
- •1.Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеменің мақсаты мен міндеті.
- •2.Музыка тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы.Баланың музыкалық даму ерекшеліктері.
- •3. Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны
- •5.Сабақтың тақырыбы: Музыка тәрбиесінің әдісімен тәсілі.
- •5. Музыкалық тәрбие берудің және оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •2 Бөлім. Музыкалық қызметтің түрлері.
- •1 . Музыка тыңдау - қызмет түрі
- •8.Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.
- •8.Мектепке дейінгі кіші топтағы балаларды балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.
- •Методикалық тәсілдер
- •9.Орта топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету методикасы
- •Методикалық тәсілдері
- •Білім мен іскерлікті тексеру
- •10.Сабақтың тақырыбы:Ересек дайындық топтарда музыка тыңдау қабілетінің әдістемесін оқыту.
- •10.Ересек топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету методикасы
- •11.Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармалардың әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау.
- •11.Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау
- •12.Сабақтың тақырыбы.Музыкалық репертуарға сараптама жасау. Құж-ды қолдана отырып әнді тыңдау және түсініктеме жасау.
- •12.Репертуардың ерекшеліктері
- •13.2.Ән.Тәрбиелік мәні. Балалар дауысының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.
- •13.2.Ән. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.
- •13.Ән репертуарының сипаттамасы
- •15.Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі
- •16.Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі
- •17.Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету.
- •Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі.
- •18.Ән айту шығармашылығын дамыту.
- •Мәнерлеп орындау.
- •19.Ән үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау
- •20.(3).Музикалық ырғақтық қймылдар Жалпы сипаттама
- •21.«Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің оқыту тәсілдері
- •22.Кіші жастағы балаларды музыкалық- ырғақтық қимылдарға қатыстыру әдісі
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
- •23. Орта топта балаларды музыкалық - ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
- •24.Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері
- •28.Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі
- •Музыка аспаптары
- •32.Сабақтың тақырыбы: «Музыкалық сабақтар-негізгі оқыту формасы.Құрылымы. Сабақ түрі.»
- •32.3 Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
- •36.Сабақтың тақырыбы:Балабақшада музыкалық сабақтың өтілүін, ұйымдастырылуын, безендірілуін бақылау және анализ
- •36.Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
- •37. Сабақтың тақырыбы: Балалардың дербес музыкалық қызметі . Оның бастаулары. Дербес қызметтің түрлері.
- •38. Сабақтың тақырыбы: Дербес музыкалық қызметті қалыптастыратын педагогикалық жағдайлар. Тәрбиешінің рөлі. Музыка жетекшісінің рөлі.
- •39. Сабақтың тақырыбы: Күнделікті балабақша өміріндегі музыка. Музыка бейнелеу өнері сабағында. Музыка және көңіл көтеру.
- •Сабақ барысы:
- •40. Сабақтың тақырыбы: Денешынықтыру және музыка. Таңертеңгілік жаттығуға сүйемелдеу шығарма талдау.
- •Сабақ барысы:
- •40.Дене шынықтыру және музыка.
- •41. Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы музыкалық-дидактикалық ойындар.
- •Сабақ барысы:
- •42.Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы мерекелер. Мерекедегі музыка. Мерекені өткізуші және тәрбиешінің, музыка жетекшісінің рөлі.
- •Сабақ барысы:
- •43.Сабақтың тақырыбы: Залды безендіру. Балалар мерекесіне бағдарламалар құру.
- •Сабақ барысы:
- •44.Сабақтың тақырыбы:Залды безендіу. Балалар мерекесіне бағдарламалар құрау.
- •45.Сабақтың тақырыбы: Залды безендіу. Балалар мерекесіне бағдарламалар құрау.
- •46. Сабақтың тақырыбы: Таңертеңгілік және ертегілер өткізуге көрнекіліктер жасау және лайықты музыка таңдау.
- •48.Сабақтың тақырыбы: Мектепке дейінгілермен музыкалық тәрбие беру жұмысының үйірмесі: Үйірме өтілуіне мінездеме және мәні. Үйірме өтілу барысындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
- •49.Сабақтың тақырыбы:Музыкалық тәрбиені жоспарлау және есепке алу. Бағдарлама – жоспардың негізі. Жоспардың түрі.
- •52. Сабақтың тақырыбы:Балалардың көңілін көтеруіне,сабақтың өтілуіне залды безендіру.
- •53.Сабақтың тақырыбы: Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
- •53.Сабақ тақырыбы: «Балабақшадағы жалпы жетекшілік, музыкалық тәрбие.»
- •54. Сабақтың тақырыбы: Ата –аналармен, тәрбиешілермен жұмыс
- •54.Сабақтың тақырыбы: «Ата-аналармен, тәрбиешінің жұмысы»
2.Музыка тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы.Баланың музыкалық даму ерекшеліктері.
Баланың қабілеті белсенді музыкалық қызмет процесінде дамиды.Жастың өсу сатыларындағы өзгерістерді ескере отырып,музыкалық қызметті баланың ең жас шағына бастап дұрыс ұйымдастырып,бағытқа салу-педагогтың міндеті.Өйтпеген күнде дамуда кенжелеп қалушылық болатыны байқалады.Мәселен,балаларды музыкалық дыбыстарды биіктігіне қарай айыра білуге үйретпесе,ондай балалар 7 жасқа толғанша өзінен кіші бала әлде қайда оңай орындайтын тапсырманы орындай алмайды.
Музыкалық дамудың неғұрлым елеулі ерекшеліктері мыналар:есту сезімі,музыкалық есту қабілеті;
әр түрлі сипаттағы музыкадан эмоциялық әсер алғыштығының сапасы мен деңгейі;
ән айту,музыкалық ырғақ орындаудағы қарапайым дағдылары,қимылдары;
жас жағынан дамудың жалпытенденцияларына тоқталайық.
Бір жасқа аяқ басқанда.Психологтар балалардың есту сезімінің ерте пайда болатынын айтады.А.А.Люблинскаяның деректері бойынша,еәресте туғаннан кейінгі 10-12 күнде –ақ дыбысқа елеңдей бастайды.Екінші айда нәресте дыбысты,скрипка үнін естігенде тыныштала қалады да,тыңдайды.4-5 айда кейбір музыкалық дыбыстарды саралауға бейімделе бастағаны байқалады:нәресте дыбыстың қай жерден шыққаның аңғарып,әндеткен дауыстың рғақтарына құлақ түреді.Дұрыс дамып келе жатқан нәресте алғашқы айдан-ақ музыканың сипатына қозғалыс комплексі деп аталатын қимылмен жауап береді,қуанады немесе тынышталады.
Екі жасқа аяқ басқанда.Музыканы қабылдағанда балалар жақын контрасты эмоцилар көрсетеді:көңілді жадыраушылық немесе сабырлы күй танытады.Есту түйсіктері едәуір сараланған болады:бала жоғары немесе төмен дыбыстарды,қатты және бәсең үнді,тіпті тембрлік реңкті айыра біледі.Ең қарапайым қимылдар жасауды меңгереді:музыка әуеніне ілесіп алақанын соғады,аяғымен еденді тқылдатады,дөңгеленіп билеген болады.
Үш және төрт жасқа аяқ басқанда.Балалардың сезімталдығы артады,заттар мен құбылыстардың,оның ішінде музыканың қасиеттерін дәлірек айыра алатын болады.Әр баланың есту сезімінде өзңне тән ерекшеліктері байқалады.
Жетілудің бұл кезеңі баланың дербес әрекетке ұмтылатындығымен сипатталады.Енді ол әр жағдайды айта берудің орнына солардың басын құрап,байланыстыра сөйлейтін,бейнелі ойлайтын болады,қол-аяқтарының бұлшық еттері нығаяды.Баланвң музыкамен шұғылданғысы келеді,белсенді іс-әрекеті басталады.Төрт жасқа толар шағында балалар ересектердіңазғана көмегі арқылы шағын әнді орындай алатын дәрежеге жетеді.Сондай-ақ олар билеуге,ойнауға мүмкіндік беретін түрлі қимылдар жасауға қалыптаса бастайды.
Бес жасқа аяқ басқанда.Бұл-балалардың көп нәрсені білуге құштар шағы. «Неге?» «Неліктен?» деген сұрақтарды көп қоятын шағы.Бөбек құбылыстар мен оқиғалар арасындағы байланысты ажырата бастайды,қарапайым тұжырым жасай алады.
Бұл жаста дауыс ашық,құбылмалы сипат алады.Ән интонациялары тұрақтана бастайды,бірақ әлі де болса ересек адамның тұрақы демеп отыруын керек етеді.Вокальдық-есту қабілеттері үйлесе бастайды.
Қозғалыстың негізгі түрлері-жүру,жүгіру,секіруді балалардың меңгеруі оларды ойындар мен билерде кеңірек қолдануларына мүмкіндік береді.Кейбіреуі рольді орындағанда басқаларға еліктемеуге тырысады.Енді біреулері өзінің бейімі мен қабілетіне қарай істің тек бір түріне ғана ықылас қояды.
Алты және жеті жасқа аяқ басқанда.Бұл-балаларды мектепке баярлайтын кезең.Музыка туралы алған білімдері мен әсерлері негізінде балалар енді тек сұраққа жауап беріп қоймай,сонымен қатар музыкалық шығармаға өзінше сипаттама да бере алады,музыканың бейнелеу құралдарын талдай біледі,музыка әуеніндегі құралдарын талдай біледі,музыка әуеніндегі әр түрлі сарындарды сезіне алады.Егер зейін қоя тыңдау,бөліп қарау, «музыкалық тілдің» ең жарқын құралдарын айыра білу міндетін алға қойсақ,онан музыканы қабылдауға қабілеттілік кемімейді екен.Бала бұл ерекшеліктерді бөліп ала біледі және оларды есінде ұстай отырып,музыканы тыңдағанда,әнднр мен би қимылдарын орындағанда белгілі бір образға сай қимыл жасай алады.
6-7 жастағы балалардың даусы бұрынғыдан да бекіп,әншілігі айқындалады,дыбысы айшықтанады.
Енді әндер мен билерді,ойындарды өз бетінше,шығармашылық тұрғыда орындайды.Музыкаға деген жеке ынтасы мен қабілеті айқын көріне бастайды.
3.Сабақтың тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны.
Сабақтың мақсаты:Музыкалық қызметтің түрлерінің мазмұны балалардың бойындағы қасиеттерімен бірге жеке басын қалыптастырудағы міндеттерін шешудегі маңызымен оқыту.
Білімділігі: Музыкалық қызметінің тәрбие бағдарламасының мәнімен таныстыру. Музыкалық білім беру жоспарлы түрде мектепке даярлау мақсатымен ұштастыра жүргізу мақсатын түсіндіру. Музыкалық қызметі түрлерімен оның маңызымен таныстыру;
Дамытушылығы: Балаларды тәрбиелеудің оқытуды жетілдірудің негізгі формасы , музыкалық сабақтар - ол мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жасалынып, бағдарламамен негізделіп құралғанын түсіндіру;
Тәрбиелілігі: Музыкалық қызметтің негізгі түрлерінің аясы музыканы тыңдау, ән айту, музыкалық ырғақты қимыл, ән , ойын , шығармашылық элементтерін , балалардың музыкалық аспаптарда ойнауын енгізу арқылы , музыкалық білім элементтерін үйретудегі мүмкіндіктерін дамыту; Балаларға музыка туралы әңгіме айтылады.
Аралас сабақ: дәстүрлі
Көрнекілігі: аспаптар, суреттер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру;
Жаңа тақырып;
Үй тапсырмасын сұрау;
Бағалау;
Үйге тапсырма;
