- •Бөлім . Балабақшадағы музыка тәрбиесінің жалпы сұрақтары.
- •1.Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеменің мақсаты мен міндеті.
- •2.Музыка тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы.Баланың музыкалық даму ерекшеліктері.
- •3. Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны
- •5.Сабақтың тақырыбы: Музыка тәрбиесінің әдісімен тәсілі.
- •5. Музыкалық тәрбие берудің және оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •2 Бөлім. Музыкалық қызметтің түрлері.
- •1 . Музыка тыңдау - қызмет түрі
- •8.Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.
- •8.Мектепке дейінгі кіші топтағы балаларды балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.
- •Методикалық тәсілдер
- •9.Орта топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету методикасы
- •Методикалық тәсілдері
- •Білім мен іскерлікті тексеру
- •10.Сабақтың тақырыбы:Ересек дайындық топтарда музыка тыңдау қабілетінің әдістемесін оқыту.
- •10.Ересек топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету методикасы
- •11.Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармалардың әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау.
- •11.Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау
- •12.Сабақтың тақырыбы.Музыкалық репертуарға сараптама жасау. Құж-ды қолдана отырып әнді тыңдау және түсініктеме жасау.
- •12.Репертуардың ерекшеліктері
- •13.2.Ән.Тәрбиелік мәні. Балалар дауысының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.
- •13.2.Ән. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.
- •13.Ән репертуарының сипаттамасы
- •15.Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі
- •16.Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі
- •17.Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету.
- •Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі.
- •18.Ән айту шығармашылығын дамыту.
- •Мәнерлеп орындау.
- •19.Ән үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау
- •20.(3).Музикалық ырғақтық қймылдар Жалпы сипаттама
- •21.«Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің оқыту тәсілдері
- •22.Кіші жастағы балаларды музыкалық- ырғақтық қимылдарға қатыстыру әдісі
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
- •23. Орта топта балаларды музыкалық - ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
- •24.Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері
- •28.Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі
- •Музыка аспаптары
- •32.Сабақтың тақырыбы: «Музыкалық сабақтар-негізгі оқыту формасы.Құрылымы. Сабақ түрі.»
- •32.3 Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
- •36.Сабақтың тақырыбы:Балабақшада музыкалық сабақтың өтілүін, ұйымдастырылуын, безендірілуін бақылау және анализ
- •36.Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
- •37. Сабақтың тақырыбы: Балалардың дербес музыкалық қызметі . Оның бастаулары. Дербес қызметтің түрлері.
- •38. Сабақтың тақырыбы: Дербес музыкалық қызметті қалыптастыратын педагогикалық жағдайлар. Тәрбиешінің рөлі. Музыка жетекшісінің рөлі.
- •39. Сабақтың тақырыбы: Күнделікті балабақша өміріндегі музыка. Музыка бейнелеу өнері сабағында. Музыка және көңіл көтеру.
- •Сабақ барысы:
- •40. Сабақтың тақырыбы: Денешынықтыру және музыка. Таңертеңгілік жаттығуға сүйемелдеу шығарма талдау.
- •Сабақ барысы:
- •40.Дене шынықтыру және музыка.
- •41. Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы музыкалық-дидактикалық ойындар.
- •Сабақ барысы:
- •42.Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы мерекелер. Мерекедегі музыка. Мерекені өткізуші және тәрбиешінің, музыка жетекшісінің рөлі.
- •Сабақ барысы:
- •43.Сабақтың тақырыбы: Залды безендіру. Балалар мерекесіне бағдарламалар құру.
- •Сабақ барысы:
- •44.Сабақтың тақырыбы:Залды безендіу. Балалар мерекесіне бағдарламалар құрау.
- •45.Сабақтың тақырыбы: Залды безендіу. Балалар мерекесіне бағдарламалар құрау.
- •46. Сабақтың тақырыбы: Таңертеңгілік және ертегілер өткізуге көрнекіліктер жасау және лайықты музыка таңдау.
- •48.Сабақтың тақырыбы: Мектепке дейінгілермен музыкалық тәрбие беру жұмысының үйірмесі: Үйірме өтілуіне мінездеме және мәні. Үйірме өтілу барысындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
- •49.Сабақтың тақырыбы:Музыкалық тәрбиені жоспарлау және есепке алу. Бағдарлама – жоспардың негізі. Жоспардың түрі.
- •52. Сабақтың тақырыбы:Балалардың көңілін көтеруіне,сабақтың өтілуіне залды безендіру.
- •53.Сабақтың тақырыбы: Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
- •53.Сабақ тақырыбы: «Балабақшадағы жалпы жетекшілік, музыкалық тәрбие.»
- •54. Сабақтың тақырыбы: Ата –аналармен, тәрбиешілермен жұмыс
- •54.Сабақтың тақырыбы: «Ата-аналармен, тәрбиешінің жұмысы»
18.Ән айту шығармашылығын дамыту.
Ән салуға үйрету методикасында педагогқа алдын – ала даярлық керек. Ол әуелі әнді талдайды, оның көркемдік сапасын анықтайды, үйрету тәсілдерін және оқыту сабақтарын жүргізудің ретін ойластырады.
Үйрену процесінің өзі екі кезеңде жүргізіледі: алғашқысында балалар әнмен танысады, одан кейін ән айтудың негізгі дағдыларын – үйрету жұмысы басталады. Үйренген әннің әлденеше қайталауды, әсерлі орындауға машықтануды, ең бастысы – оны тәжірибе жүзінде дербес пайдалана білуді талап ететінін есте ұстаған жөн.
Әншілікке мына тәсілдер қалыптастырады: әнді әсерлі орныдау, ән айтудың жекелеген сәттерін (дауысты қалайша қайткенде дәл қайталауға болатынын) көрсетіп беру, ауызша кеңес беру – шығарманың мазмұны туралы әсерлі әңгімелеу, тапсырмаларды орындау жөніндегі кеңестерді түсіндіру т. т. Педагогтың ым арқылы, дыбыстарды даралау, қарапайым дирижерлық қимыл арқылы түсіндіруі де маңызды орын алады. Бұл тәсілдерге сөз жоқ, тәрбиешінің шеберлілігі мен білімі көмектеседі.
Мәнерлеп орындау.
Әнді үйрену кезінде негізгі тәсілдердің пайдаланылуын қарастырайық.
Балаларды әнмен алғаш таныстырғанда оны бейнелі, мәнерлі етіп орындаған жөн, сонда ғана ол жас тыңдаушысын тебірентіп, еліктіріп, қызықтырып әкете алады. Егер әсерлі айтылса, ұнаса балалар әуеннің қиын интонацияларын да тезірек меңгереді.
Әнді алғаш рет орындау кезінде тыңдаушылардың оған зор ықылас қоюы керек. Сәтті шыққан педагогикалық тәсілдердің бірнешеуін қарастырайық. Мысалы, педагог балаларға қарап тұрады да: «Сендерге бір қарағанда – ақ маған бәріңнің бірдей ықылас қойып – қоймай отырғандарыңды біле қоямын» дейді. Кейде тиесілі ескертпе жасау тәсілі де қолданылады. «Бәрің де түзу отырыңдар, кәне, жаңа ән тыңдаймыз, Оля да тыңдайды», - деп педагог құрбысымен сөйлесіп отырған қызға қарап, оның да назарын өзіне аударады. Кейде педагогқа әне байланысты қысқа, бейнелі сөз айту да көмектеседі. Оны өлең тексінен немесе осы әннің негізгі мазмұнын айқындай алатын кейбір өлеңнен алуға болады. Мысалы «Көктем жыры» («Веснянка») деген украин халық әнін орындау алдында мынадай шумақты дауыстап оқиды...
Келді көктем аңсаған,
Құлпырды бар айналам.
Көктемге арнап біз енді,
Көңілді ән саламыз.
Әншілік дағдыларын дамыту тәсілдері
Әнді үйрену, әншілік дағдыларды меңгеру – келесі ұзақ кезең. Әндердің күрделілік дәрежесі әр түрлі: бірі қайталап отырудың нәтижесінде жеңіл меңгеріледі, енді бірі ауыр оралымды игеруге көмектесетін жаттығулар арқылы баяу меңгеріледі. Оқыту процесі белсенді әрі қызықты болуы үшін балалардың эмоциялық толғаныстарын демей отырып, коллективке ортақ талпынысын, еңбекке деген құштарлығын қалыптастыру керек.
Әр әннің ерекшеліктеріне байланысты тәсіл қолдану қажеттілігі туып отырады. Бұл процесте әншілік дағдыларға (дыбысты дұрыс шығару, демді біркелкі алу тұтасуы) өзіндік тәсілдері сәйкестенеді.
Дыбыс шығаруды жетілдіру ісімен шұғылданғанда балаларды өлеңді табиғи, дауысты шығарыңқырап, жеңіл, дыбысты созып, сазына келтіріп айтуға үйрету қажет. Дауыстың шарықтауы а, о, у, э, и дауысты дыбыстары арқылы іске асады.
Бұған мысалы, орыстың «Бала мысық – бал мысық» («Котенька – коток») деген халық әніндегі мынадай тәсіл жәрдемдеседі. Оқытушы балаларға: «Қане, мысықты осылай атайықшы, есітер ме екен» дейді.
Осы музыкалық фразаның соңғы дыбысы фермато түрінде орындалады, яғни ол өздігінен созылып шығады.
Ән айтудың жеңіл, ойнақы дағдысын меңгеру үшін іс – қимылды айту, қайталау тәсілі («сырнаймен әндетеміз: ду – ду – ду», қоңыраудың қалай шырылдайтынын көрсетеміз: дің – дің – дің» т.б.) пайдаланылады. Осылайша балалардың ( әсіресе ересектерінің) дыбысты емін – еркін өзгерте білу дағдысы жетіледі.
Дыбыс шығаруды жетілдіру жұмысында балалардың әншілік диапазонын нығайтып дамыта беру маңызды. Алайда мұны өте сабырлылықпен істеген жөн.
Әуелі әр баланың дауыс мөлшері тексеріледі, ән айтудың балалардың қайсысына қиын соғатыны анықталады. Содан кейін әр түрлі тәсілдер, мәселен, балаларды дұрыс отырғызу ісі қарастырылады: дыбыс көлемі (диапазон) шектеулі әрі әнді дұрыс айта алмайтындарды бірінші қатарға отырғызады. Сонда педагог оларды қадағалай алады, дер кезінде көмек береді. Мұнда үстіне алдында отырғандар басқа балалардың әнді қалай айтатынын аңғарып отырады.
Диапазонды әр ретте жоғары тонмен айтуға, яғни транспонирлеуге тура келетін шағын жаттығулар – қысқа әндер айту қалыптастырады.
Ән айту кезінде тыныс алуды реттеу жұмысында сөздік арасының «үзілмеуі» еске салынады. Дұрыс орындауды үнемі көрсетіп, еске салып отыру, балалардың тапсырманы игеруіне жәрдемдеседі.
Балаларды дикцияға үйрету барысында педагог ең алдымен олардың назарын музыкалық интонацияларына сәйкес әсерлі сөйлеуге аударады. Мұндайда мәселен, қаратпа сөздер («Ей, жолдан былай тұр, сақтан!») мен сұрақты («Қайдасыңдар, менің балапандарым, кішкентайларым?»), немесе образдың сипатты белгілерін көрсетіп тұрған сөздерді («Қорқақ сұр қоян», «ашулы қасқыр») бөліп көрсеткен маңызды. Сөздің мәнін түсінбеушілік көп жағдайда әнді нәшіне келтіріп айтуға бөгет болады. Мысалы, «Қоянқай» деген украин халық әнінің тексінде «Орман шетінде қоянқай отыр» деген сөйлемдегі «шеті» дегенді кейбір балалар «шені» немесе «шебі» деп түсініп, әнде солай айтады. Дикцияны жетілдіру жұмысында еріндердің, төменгі жақ сүйектің қимылына назар аудару қажет. Өлеңнің тексін ырғақпен баяу немесе дауыстап айта білу – сәтті тәсіл болып табылады. Мысалы, т. попатенконың «Ән туралы жыр» («Песенка о песенке») атты әнінің тексін былайша оқып беруге болады.
Педагог түрлі тәсілдер қолдану арқылы балалар әнін ансамбльдікке (үйлесімділікке) жеткізеді. Алайда, «әнді қаттырақ айтыңдар, ақырынырақ... тезірек...» деген сияқты тікелей нұсқаулар беруден сақтанған жөн. Қайта осылардың мән – мақмұнын ашып берген маңызды. В. Витлиннің «Аяз ата» («Дед мороз») деген әнінде педагог балалардың басты кейіпкерге деген ыстық ілтипатын ескере отырып, дыбысты тым күшейтпей, бәсеңдетпей әнді орындап береді.
Балалар осы динамикалық реңдерді түсінеді де, әлбетте қажетті интонация жасайды.
Үйлесім (әуендік интонацияның дұрыстығы мен тазалығы) – хорда ән айту шеберлігінің ең маңыздыларының бірі. Мұнда әнді бұрмалай орындау мен есту қабілетінің белсенді қызметі арасындағы байланысты айқын көрсетуге, балалардың зейін қою, өзін – өзі бақылау қабілетін жетілдіруге тиіс. Мына бір тәсілдерді көрейік. Әнді бастау алдында педагог балаларды біркелкі ырғаққа түсіргендей ыңылдап әндетеді.
Бұдан соң ол әнді осы нотадан бастап балалармен бірге қосылып айта бастайды немесе балаларға бір дыбысты созып әндетуді ұсынып, мынаны айтады: «Қәне, бәріміз бір кісідей, бір сырнайдай айтамыз ду – ду!».
Кейбір әндердің балалардың назары аударылып отыратын қиын жерлері болады. Мәселен әр түрлі аяталатын ұқсас қос музыкалық фразаны дұрыс әндету күрделі. Ан. Александровтың («Қаздар, бала қаздар»), («Гуси – гусянита») деген әнінен осы жайтты аңғаруға болады. Сондықтан балаларды жаттықтыра түсу, яғни бір әуен оралымын бірнеше рет қайталап айтқызу дұрыс болмақ. Бұл арада мынадай да тәсіл қолданылуы мүмкін: даусы төменірек балалар бірінші дәне екінші фразалардың әуенін орындайды да, ал даусы биігірек балалар соңғы «га – га – га» деген сөздерді ған әндетеді.
Жаттығулар. Баланың даусы мен есту қабілеті әндерді үйрену кезінде ғана емес, сонымен қатар жоғары есту қабілетін, әншілік даусын, дауыс пен есту қабілетін үйлестіре дамытатын арнай жаттығу тәсілдері арқылы қалыптасады.
Жаттығулардың бірінші типіне мыналарды жатқызуға болады:
Әуеннің соңғы дыбысының қашан тынғанын анықтау, (педальді басып тұру қажет);
Бір – біріне ұқсас екі музыкалық фразаның түрліше аяқталуын есту;
Биік және төмен дыбыстарды ажырату;
Әуеннің жоғары – төмен өзгеру бағытын айыру; әуеннің дұрыс не бұрыс орындалып тұрғанын ажырату.
Жаттығулардың екінші типіне әнді белгілі бір тапсырмалар бойынша айтып үйрену жатады:
Кіші дыбыс аралығын (терцияны) төмен алып («ку – ку») әр түрлі үнмен әндету (педагог көрсеткеннен кейін);
Бес нотадан тұратын дыбыстар тізбегін төмендете (транспонирлей) отырып әндету;
Кіші терцияны төмен алып әндетеді (балалар: «Коля» деп шақырады), енді кіші терциямен (бесінші дыбысты (квинтаны) төмен алып әндетеді. Қатаң (Мажорлық) дыбыс (бір жас бала: «Мен келе жатырмын» деп жауап қайтарады) шығады. Шағын халық әндерін, олардан үзінділер айту;
Жаттығулардың үшінші типіне мыналар жатады:
Берілген дыбыспен «үндесе» білу;
Педагогтың тапсырмасымен және оның қөмегі арқылы әуен үнін қажетті музыкалық дыбысқа келтіріп, жоғарылату немесе төмендету;
Тәрбиешінің нұсқауы бойынша әуен үнінің жоғарылығы мен сипатын әуенді орындап тұрған басқа балалардың дауыстарымен «теңестіру»;
19.Сабақтың тақырыбы: «Әнді үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ән үйретудегі әдістердің тәсілдерін меңгеруде соларға сараптама жасай отырып оқыту
Дамытушылығы: Әр топтың репертуарын бөліп беріп, ән айтуға үйрету тәсілдерін қалай меңгере алғанын сабақ үстінде пайдалана отырып көрсету
Тәрбиелілігі: Ән айтуға үйретудің тәсілдерінің тиімді пайдалану барысында қандай қажеттіліктермен кемшіліктер оқушы тұсынан орын алғанын басқа оқушылармен талдау жасай білу мәнін көрсету мақсаты
Парктикалық сабақ: дәстүрлі
Көрнекілігі: аспап
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Жаңа тақырып
Үй тапсырмасын тексеру
Бағалау
Үйге тапсырма
Анализдерін тексеру, қорытындылау
