Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Балабақшадағы музыка практикасына дайындық.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
252.24 Кб
Скачать

Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі.

Оқыту міндеттері жане мазмұны.Бағдарламаның мазмұны басқа топтардағы сияқтымузыкалық –эстетикалық тәрбиенің міндеттерімен белгіленеді. 6 – 7 жастағы балаларды мектепке даярлау міндеттерін шешуде әннің, оның алуан түрінін тәрбиелік ықпалы,музыка сабағына белсене қатысу,музыкалық есту түсігінің дамуы күшейе түседі.Мектепке ән айтуға көп көңіл бөліненді.Сондықтан балалар бақша - ның даярлық тобындағы балалармен жүргізілетін жұмыста әнге қойылатын талаптар артып, күрлелене түседі, онда мынадай мақсаттар көзделеді:

балаларды өлеңді мәнерлі,әуенді, жеңіл сыңғырлаған дауыспен айта білуге; ән айтудың алдында және музыкалық сөздердің аралығында иықты көтермей демді ішке ала білу және оны сөздерді айтылып болғанша ұстауға;дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айта отырып,сөздерді анық етіп айтуға үйрету;

балаларды өлеңді өздігінен және бір мезгілде бастай да аяқтай білуге, көрсетілген қарқынды (тездету,баяулату,күшейту және дауысты әлсірету) сақтай білуге;ырғақты өрнекті дәл орындай білуге;әннің сазын дұрыс бере білуге,өзін және басқаларды тыңдай білуге,қателерін түзей білуге;таныс өлеңдерді аспаптың сүйемелдеуімен және аспапсыз мәнерлеп орындай білуге;мұның алдындағы топтарда үйренген өлеңдерін есіне түсіре және айта білуге;ән сазының жоғары –төмен көтерілу бағы – тын анықтай білуге,қысқы және созылып айтылатын дыбыстарды ажырата білуге; ноталардың аттарын білуге,көтеріңкі айтылатын дыбыстардың жоғары сызықта, ал төмендеу айтылатындарын төменгі сызықта орналасатынын түсіне білуге үйрету;

дауысқа еліктеп,жанынан шығарушылыққа («ау», «ку – ку») және меңгерген ән айтушылық дағдыларының негізінде әр түрлі әндерді айта білуге үйрету;

ән айту кезінде көкірегін,денесін дұрыс ұстай отырып коллективті түрде және жеке дара ән айта білуге үйрету;

балалардың дауыс диапозоның алғашқыда (до) ре октавасы,екіншіде до (до диез – ре) көлемінде нығайту және дамыту.

Әндік репертуардың ерекшеліктері. Әндік репертуар мазмұны, тақырыбы, шығарманың музыкалық құралдары алуан түрлі болып келеді:

  1. бағдарламада қаралған барлық жағынан әндерді айту дағдыларын игеруге арналған әндер;

  2. балаларды нотамен ән айтуға даярлауға септігін тигізетін шағын өлеңдер, жаттығулар;

  3. балалардың әндік творчествосын дамытатын әндер – үлгілер.

Нота бойынша ән айтуға дайындайтын жаттығулар жатталатын репертуардан пайдаланылады.Үйрету жұмысын осы бағытта ойдағыдай жүргізу үшін, «Музыка – лық әліппе» («Музыкальный букварь») кітабынан алынған арнаулы жаттығуларды да пайдалануға болады.

Әдістемелік тәсілдер.Әдістемелік тәсілдер де бағдарламалық дағдылар мен репертуарды меңгеру міндеттеріне жауап береді.Педогог дыбыс жасаумен (жоғары,жеңіл,үнді,әуезді,жылдам) жұмыс істегенде өзі жасап көрсетуді немесе өлеңді жақсы айта білетін баланың көрсетуін пайдаланады. Басқа балалар мұны бар зейінмен тыңдай отырып,дәл солай жасауға талпынады.Еліктеу әбден ойланылған: тыңдалған салыстырылған, баға берілген болуға тиіс.

Дыбыстың әуезділігі созылыңқы а, о, у, э, и дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуының қалыптасуына көмектеседі. Мұнда педагок балаларды ауызды жартылай ғана ашумен дауысты дыбыс пен буындарды («ля-ле»)әндетіп айтуға жаттықтырады. Сондай-ақ дауыссыз дыбыстарды , әсіресе сөздің аяғында келетін дауыссыздарды дәл де анық айтудың маңызы ерекше Мұндай жағдайда «динь-динь» деп буынға бөліп айтудың тигігер көмегі мол.

Ән айтқан кезде тыныс адла білу жөніндегі жұмыс дыбыс жасаумен тығыз байланысты. Үнемі жаттығулар жасалынылуы және ескертулер жасалынып отыруы қажет.

Мұхамды дамытудың тәсілдері (дұрыс, анық айту) әдеби текстің ерекшілігіне және сөздердің мәнін дұрыс түсіне беруге орай жүзеге асырылады. Әрбір бала барлық сөзді түсініп айтумен бірге жақсы артикуляциялауға тиіс.

Дағдылардың ең бастысы – хормен (сапта) айтылатын әндердің сазын дұрыс, әрі таза айта білу. Бұл дағдыны дамытудың барлық тәсілі музыкалық есту ұғымымен, естігенде өзіндік бақылау жасай білумен, үлкендердің қалай айтқанын, аспапта қалай ойнатылғанын тыңдай және қайталай білумен тығыз байланысты.

Ән айту алдында «көңі күйін келтіру»; педагог бірінші дыбысты әндете айтады(созады), ал балалар оны қайталайды.

Музыкалық есту түсінігін қалыптастырумен әр әуеннің көтерілу бағыты туралы, жоғарырық және төменірек айтылатын дыбыстар туралы балаларға айтып отыруы.

Өлеңді қалай және төмен айтуды көрсететін қол қимылдарын (дерижерлық ету элементтерін) пайдалану.

Балалардың аспапсыз ән айтқанда үндестіліігін төмендетін алмауы үшін, олардың (көңіл-күйін) келтіріп алған, мызыкалық кіріспе жасаған, әннің соңында – қорытынды жасап отырған пайдалы.

Сөйтіп ән айта білуге үйрету методикасында мәнерлеп орындауды көрсету және рұқсат беру маңызды орын алады. Сонымен қатар көрушілік және басқарушылық көрнекліктің: педагогтың бет әлпетінің көрініснің тиісті сипаттағы әнді орындау кезіндегі оның көңілді күлксінің немесе салмақты типінің, сондай ақ дережорлық белгілерінің (дыбыстың жылждам немесе баяулай айтылуының әннің басталуы мен аяқталуының , ән сарының бағытының және т.б. қолмен көрсетудің) белгілі бір роль атқаратынын да айта кеткен жөн.

Мызыкалық сауаттың қарапайым білімдерін беру. Балаға нота бойынша ән айтуға үйретуге көмектесетін методикалық әсілдердің жүйесі, тапсырмалар мен жаттығулардың ән репертуарының қиындық дәрежесене қарай бірізділікпен орналастырылуы «музыка әліппесінде» («мызыкальный букварь») көрсетілген.

Айқын суреттер тапсырмаларды меңгеруге көмектеседі.

Әліппенің брінші бөлімінде келтірілген жаттығуларды бала есту арқылы меңгереді. Дыбыстың жоғарылығын ұзақтылығ меңгеруге көп жағдайда «ноталық лота» «нотное лото», көмектеседі. Балалар өлеңді тыңдайды және фланеграфқа карточкаларды немес ноталарды дөңгелекшелерді ретімен «шығарып» қояды.

18.Сабақтың тақырыбы: «Ән айту шығармашылығын дамыту»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ән айту баланың жеке басының қалыптастыру құралы, ән айту шығармашлығын дамытуда баланың қызығушылығын арттыруда жеке дара дайындық үш не төрт минуттық сабақтар өткізу. Баланың топ ішінде қалып қалмауын, сенсорлық қабілетін ашу екенін оқытып түсіндіру;

Дамытушылығы: Ән айту шығармашылығын дамытудың ең бір негізгі кездері, мерекелер, концерттер, сайыстар, музыкалық сабақтардағы ойындарда баланың ұялмай елдің алдында ән салуына ең бір қажет ететін әдістерді пайдалана білу мақсаты.

Тәрбиелілігі: Шығармашылық баланың өмірін балабақшадағы қызықты әрі маңызды өту үшін таңертеңгілік мерекелерде жеке дауыста ән салумен бірге ұйымдасып бірге ән айтудың әсерінің әртүрлі мәні бар екенін оқыту мақсаты

Практикалық сабақ: Дәстүрлі

Көрнекілігі: репертуар жинағы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырып

  3. Пысықтау

  4. Үй тапсырмасын тексеру

  5. Бағалау

  6. Үйге тпасырма