- •Бөлім . Балабақшадағы музыка тәрбиесінің жалпы сұрақтары.
- •1.Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеменің мақсаты мен міндеті.
- •2.Музыка тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы.Баланың музыкалық даму ерекшеліктері.
- •3. Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны
- •5.Сабақтың тақырыбы: Музыка тәрбиесінің әдісімен тәсілі.
- •5. Музыкалық тәрбие берудің және оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •2 Бөлім. Музыкалық қызметтің түрлері.
- •1 . Музыка тыңдау - қызмет түрі
- •8.Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.
- •8.Мектепке дейінгі кіші топтағы балаларды балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі.
- •Методикалық тәсілдер
- •9.Орта топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету методикасы
- •Методикалық тәсілдері
- •Білім мен іскерлікті тексеру
- •10.Сабақтың тақырыбы:Ересек дайындық топтарда музыка тыңдау қабілетінің әдістемесін оқыту.
- •10.Ересек топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету методикасы
- •11.Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармалардың әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау.
- •11.Әр түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау
- •12.Сабақтың тақырыбы.Музыкалық репертуарға сараптама жасау. Құж-ды қолдана отырып әнді тыңдау және түсініктеме жасау.
- •12.Репертуардың ерекшеліктері
- •13.2.Ән.Тәрбиелік мәні. Балалар дауысының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.
- •13.2.Ән. Тәрбиелік мәні. Балалардың даусының және тыңдау қабілетінің жас ерекшелік мінездемесі.
- •13.Ән репертуарының сипаттамасы
- •15.Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі
- •16.Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі
- •17.Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету.
- •Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі.
- •18.Ән айту шығармашылығын дамыту.
- •Мәнерлеп орындау.
- •19.Ән үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау
- •20.(3).Музикалық ырғақтық қймылдар Жалпы сипаттама
- •21.«Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің оқыту тәсілдері
- •22.Кіші жастағы балаларды музыкалық- ырғақтық қимылдарға қатыстыру әдісі
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
- •23. Орта топта балаларды музыкалық - ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі
- •24.Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері
- •28.Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі
- •Музыка аспаптары
- •32.Сабақтың тақырыбы: «Музыкалық сабақтар-негізгі оқыту формасы.Құрылымы. Сабақ түрі.»
- •32.3 Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
- •36.Сабақтың тақырыбы:Балабақшада музыкалық сабақтың өтілүін, ұйымдастырылуын, безендірілуін бақылау және анализ
- •36.Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
- •37. Сабақтың тақырыбы: Балалардың дербес музыкалық қызметі . Оның бастаулары. Дербес қызметтің түрлері.
- •38. Сабақтың тақырыбы: Дербес музыкалық қызметті қалыптастыратын педагогикалық жағдайлар. Тәрбиешінің рөлі. Музыка жетекшісінің рөлі.
- •39. Сабақтың тақырыбы: Күнделікті балабақша өміріндегі музыка. Музыка бейнелеу өнері сабағында. Музыка және көңіл көтеру.
- •Сабақ барысы:
- •40. Сабақтың тақырыбы: Денешынықтыру және музыка. Таңертеңгілік жаттығуға сүйемелдеу шығарма талдау.
- •Сабақ барысы:
- •40.Дене шынықтыру және музыка.
- •41. Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы музыкалық-дидактикалық ойындар.
- •Сабақ барысы:
- •42.Сабақтың тақырыбы: Балабақшадағы мерекелер. Мерекедегі музыка. Мерекені өткізуші және тәрбиешінің, музыка жетекшісінің рөлі.
- •Сабақ барысы:
- •43.Сабақтың тақырыбы: Залды безендіру. Балалар мерекесіне бағдарламалар құру.
- •Сабақ барысы:
- •44.Сабақтың тақырыбы:Залды безендіу. Балалар мерекесіне бағдарламалар құрау.
- •45.Сабақтың тақырыбы: Залды безендіу. Балалар мерекесіне бағдарламалар құрау.
- •46. Сабақтың тақырыбы: Таңертеңгілік және ертегілер өткізуге көрнекіліктер жасау және лайықты музыка таңдау.
- •48.Сабақтың тақырыбы: Мектепке дейінгілермен музыкалық тәрбие беру жұмысының үйірмесі: Үйірме өтілуіне мінездеме және мәні. Үйірме өтілу барысындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
- •49.Сабақтың тақырыбы:Музыкалық тәрбиені жоспарлау және есепке алу. Бағдарлама – жоспардың негізі. Жоспардың түрі.
- •52. Сабақтың тақырыбы:Балалардың көңілін көтеруіне,сабақтың өтілуіне залды безендіру.
- •53.Сабақтың тақырыбы: Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие.
- •53.Сабақ тақырыбы: «Балабақшадағы жалпы жетекшілік, музыкалық тәрбие.»
- •54. Сабақтың тақырыбы: Ата –аналармен, тәрбиешілермен жұмыс
- •54.Сабақтың тақырыбы: «Ата-аналармен, тәрбиешінің жұмысы»
15.Кіші топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі
Оқытудың міндеттері мен мазмұны. Үш жасқа қараған шағында баланың даусы қалыптаса бастайды, әншілік дыбыс жетілмейді, тыныс алуы қысқа болады. Бірақ балалар осының өзінде де ересек адаммен бірге әнге қосылып, музикалық фразалардың соңын, жекелеген дыбыстардың интонациясын қайталайды.
Балалардың алғашқы әншілік интонациясын жетілдіріп, нығайту міндеті алға қойылады. Бала әнді әлі бастан – аяқ дұрыс орындай алмайды, солай бола тұрса да оны жекелеген әунедер интонациясын дұрыс қайталатуына талаптандырған жөн.
Төрт жасқа қараған шағында балаладың әншілік даусы анағұрлым ашылады, жеңіл әнді түгел айтып шыға алады. Кейбір балалардың дауысы ашылы түседі.
Әншілік дауысты қалыптастыра отырып, педагог балалардың әнді қиналмастан (бірінші октавадағы ре – ми -ля) диапазонында табиғи даусымен айтуын қадағалайды.
Кіші топтарда дикцияны жөндеу жұмысына үлкен мән береді. Балалар көп ретте сөздің мәнін түсінбегендіктен жобалап айтады. Сондықтан жекелеген түсініксіз сөздердің мәнін түсіндіріп, оларды дұрыс айтуға үйрету қажет.
Бұл жастағы балаларға көпшілік болып біркелкі өлең айту қиын, біреулері баяу айтса, енді біреулері тым асығыстық жасайды. Педагог мұны үздіксіз қадағалап, балаларды коллектив болып әнді дұрыстап айтуға үйретуі қажет.
Бірінші кіші топтағы балалар жылдың аяғына қарай ересек адамға ілесіп өлең айтуға, әннің жекелеген фразаларын белсенді түрде қайталай алуға тиіс.
Төрт жастың соңына таман олар әнді табиғи даусымен созып, сөздерін анық етіп, бір – бірінен қалып қоймай, озып та кетпей, әндер мен қысқа орамдардың әуенін дұрыс келтіріп, тәрбиешінің көмегі, музиканың сүйемелі арқылы және онсыз айта білуі тиіс.
Екінші кіші топта тапсырмалар бірте – бірте күрделендіріледі, кең (бірінші октавадағы ре –ля, ми – си ) диапазонындағы әндер орындалады. Қайталанатын жеке фразаларға құрылған ән оны неғұрлым жақсы есте – сақтап, меңгеруге мүмкіндік туғызады.
Бұл жастағы балаларға арналған әндердің көпшілігі баяу екпінде орындалады. Жылдамырақ орындалатындары да бар.
Методикалық тәсілдер Үш жастағы балаларды әнге үйрету жұмысында пайдаланылатын методикалық тәсілдерді қарастырайық. Мұнда ең бастысы – педагогтың әнді эмоциямен әсерлі орындауы болып табылады. Бұл үшін әннің ерекшеліктерін, сипатын, срынын жақсылап ойластырып, бейнелеп жеткізу қажет.Педагог әнді алғаш орындағанда балалардың әннің мазмұнын түсінуі үшін ойыншықтарды, сурет – картиналарды пайдаланады. Сондай –ақ ойын – тәсілдер де пайдаланылады.
Балаларға ән үйреткенде (әдетте, фортепианоның сүйемелдеуінсіз ) педагог неғұрлым белсенді балаларды қолдап, мақұлдап отырады, ән айтуға өзі де қатысып, ұяңдау балаларға көмектеседі. Ән үйретілген соң түрлі ойын – тәсілдерге кірістіруге болады.
Екінші кіші топта үйрету тәсілдері жиірек пайдаланылады. Мысалы, педаог әуенге назар аударып, әнді 2 -3 рет қайтара айтып береді, одан соң аспапта тек әуне ғана ойналады да балаларға қосылып айту ұсынылады.
Белсенді балалар әнді бірден – ақ бастап кетеді. Бірте – бірте өзгелері де қослады.Әнді дауысты созып айтуға үйрету айрықша көңіл бөлуді қажет етеді, өйтекні балалардың көбі күбірлеп қана айтады. Педагог созылыңқы дыбыстарды әсерлі етіп әнге қосады. Балалар осыған ілеседі.
Ән айтуға үйрету процесінде әр баланың даусын жеке тыңдап, оның бағыт – бағдарын байқап отыру қажет. Әнді жақсы айтушыларға барлық балаларға арнап тобымен өлең айтуды ұсынған жөн, ал ересектердің әніне жақсы «қосыла алуы» үшін өлеңнің реңін дәл келтіре амайтындармен жеке жаттығулар жүргізген жақсы.
Коллектив болып ән салуды (хор) қалыптастырғанда балаларды әнді бәрінің бірдей бастап, бідей аяқтауына, ән айтып тұрғанда бір – бірінен қалып қоймауға және озып кетпеуге жаттықтыру, олардың назарын әнді ұйымдасқан түрде бірлесіп айтуға аудару қажет.
Жыл аяғында балалардың кейбір әндерді тәрбиешінің көмектесуімен, музыкалық сүйемелдеумен және онсыз айта алмайтын немесе айта алмайтыны анықталады.
16.Сабақтың тақырыбы: «Балабақшадағы орта топтағы балаларға ән айтуға үйрету әдістемесі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Орта топтағы балалар дауысының ерекшелігімен дауыс диапозонымен танысу. Әндер репертуарларының маңыздылығын түсіндіру;
Дамытушылығы:Ән айтуды үйретудегі алғашқы музыкалық дауыс жаттығуларын үйретудің мәнімен таныстыру;
Тәрбиелілігі: Ән айтудағы тәрбиелік мәні неде дауыс дикциясы мен дауысты және дауыссыз дыбыстардың айта білуде және ән айтқанда қалай тұру керектігін түсіндіру мақсаты
Практикалық сабақ: Дәстүрлі
Көрнекілігі: суреттер, аспаптар, ойыншықтар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Жаңа тақырып
Пысықтау
Үй тапсырмасын тексеру
Бағалау
Үйге тпасырма
