Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
молек-қ.биология.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.5 Mб
Скачать

1.Су және оның физика-химиялық қасиеттері.

Огр/ң 70% астамы судан тұрады. Су тіршілікті қамтамасыз ететін аса маңызды орта.Орг/ң кез-келген клеткасы судан тұрады.Барлық тірі орг/р клеткасының құрылымы тікелей сумен байланысты. Судың ең маңызды қасиеттерінің бірі полярлық түзу н/е диполь қасиеті деп аталады.Бұл қасиетке судың сутектік байланысы, қайнау температурасының жағдайы, булану және беттік тартылыс күші жатады.Осындай қасиеттердың арқасында су әртүрлі биологиялық қызметтер атқара алады. Судың молекуласы құрылымы жағынан Электро бейтарап болып табылады. Бұл жерде оның полярлық ерекшелігі өте жоғары.Судың қасиеті осы полярлық ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді.С молекуласындағы теріс электр зарядтары оттегінің атомы өзіне сутек атом/ң электрон/н тартады.Осының салдарынан оттег/ң атомы бірнеше есе теріс зарядталады.Ал сутег/ң атомы Бірнеше есес оң зарядталады. Сутегінің атомы өзара бір-бірімен орналаса алады.Бұл су молекуласының жалпы диполь қасиетін көрсете алады.Судың молекуласы полярлы болғандықтан ол басқа полярлы молекулаға өте тез тартылады.Орг/е су негізінен еріткіш қызметін атқарадыКөптеген қосылыстар сумен әрекеттесу кезінде иондана алады.Көптеген қанттар,спирттер,альдегидтер,кетондар суда жақсы ериді.Полярлығына байланысты судың молекуласы электро-диполь болып саналады.Оның молекула/ң екі шетінде заряд екі түрлі болып келеді.Сонд.да оң заряд/н, теріс заряд/н ион/р қатысқан кезде судың молекуласы осы ион/ң айналасында өз/ң тиісті шетімен бағытталып,гидраттық қабат түзеді.Гидраттық қабаттағы су байланысқан су деп, ал ертіткіш қызметін атқаратын су бос су деп аталады.

2.Генетикалық код,сипаттама.

Бүкіл орг/ң құрамы, құрылымы,қасиеттер және олардағы зат алмасу ерекшеліктері белок молекуласының құрылысына байланысты бола алады.Бұл ең алдымен фермент/е тәуелді болады.Барлық ферм/р тек қана белок/н байланысты.Белок/р орг/е жүретін барлық хим/қ реакц/ы басқарады және барлық клеткалардың құрылымына кіреді.Белгілі бір белоктың құрылымын, оның полипеп/к тізб/і аминқыш/ң орналасуын ДНҚ басқарады.ДНҚ молекуласында генетикалық мәлімет орналасқан.Бұндай мәлімет пуриндік және пиримидиндік нуклеотид/н құралған.Бұдан шығатын натижә адениндік, гуаниндік, тиминдік және цитозиндік нуклеотид/ң ДНҚ құрамында белгілі тәртіппен орналасу реті генетикалық мәлімет жазылған код болып табылады.Тұқымқуалаушылықтың мұндай мәліметтің жазылуы генетикалық код деп аталады.Генетикалық код д/з қандай белокты,Қандай мөлшерде синтездеу қажеттігін хабарлайтын процесс.Жыныс клетка/ы ұрықтанған кезде зигота ары қарай жетілуі үшін шифрланған түрде ата-аналық клеткалардан ақпараттық түрде дәл нұсқау алады.Бұндай нұсқау сол орг/ң бүкіл тіршілік/е ары қарай дамиды.Генетикалық мәліметтің жүзеге асуы өте күрделі механизм. Тұқымқуалаушылық қасиет/ң көпшілігі негізінен РНҚ-ң үш түрі арқылы жүреді.Бұл ең алдымен мРНҚ мен белок синтезі арқылы іске асады.

3.Репарация механизмінің реттелу жолдары.

Репарация механизмі ДНҚ молекуласындағы екі комплементарлық тізбектердің болуына негізделген. Нуклеотидтердің бір ізділігінің бұзылуы ферменттермен анықталынып, бұл бөлік қиылып алынады, ДНҚ-ң екінші комплементарлы тізбегіндегі жаңа синтезделген фрагментпен ауыстырылады. Бұндай репарация – эксцизиондық (немесе кесіп тастау) деп аталады. Ол репликацияның келесі цикліне дейін жүзеге асырылады және репликацияға дейінгі репарация деп аталады. Егер эксцизионды репарация жүйесі, ДНҚ-ң бір тізбегінде пайда болған бұзылысты қалпына келтірмесе, репликация барысында бұл бұзылыстың фиксациясы жүзеге асады және ол ДНҚ-ң екі тізбегіне өтеді. Нәтижесінде, комплементарлы нуклеотидтердің бір жұбын екіншіге алмастыру, немесе бұзылған бөліктерге қарсы жаңа тізбекте үзілістердің пайда болуына алып келеді. ДНҚ –қалыпты құрылымының қалпына келуі репликациядан кейін де жүзеге асырылады. Оны пострепликациялық репарация деп атаймыз. Пострепликациялық репарация – жаңадан түзілген ДНҚ-ң екі бірдей спиралінде рекомбинация (фрагменттермен алмасу) процессі арқылы жүзеге асырылады.

65 емтихан билеті