Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
молек-қ.биология.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.5 Mб
Скачать

1. Гендер экспрессиясына жалпы түсінік.

Геннің экспрессиялы реттелуі – бұл ДНҚ-ның әртүрлі бөлігіне немесе нүкте аймағына (сайттарға) белгілі өнімдер, мысалы белоктың спецификалы өзіндік қосылуын, транскрипцияның басталуы деп атаймыз. Сонымен гендердің экспрессиялы реттелуі дегеніміз қоршаған орта өзгерістеріне организмнің бейімделуі.

 Реттеуші аймақ 2- элементтерден тұрады: 1-ші элемент базалы экспрессияның реттелу деңгейін қамтыйды /промотор/. 2-ші –қосымша экспрессиялы реттелу деңгейі. Промотор транскрипцияның басталуындағы нүкте /сайт/ алдында орналасады. Базалы экспрессиялы реттелу деңгейі 2-і элементтен тұрады: ТАТА – бокс және ЦААТ – бокс. Геннің экспрессиясының 2-ші этапы – трансляция- рибосомалардағы м-РНҚ-ң бағдарламасы бойынша ақуыздың синтезі.

Бұл бағдарламаның мағынасы – аминқышқылдардың пептидті тізбекті түзіп, белгілі бір ізділікті қосылуы. Бір геннің транскрипциясы тұрақты жүрмейді, уақытқа байланысты жүреді, яғни гендер қосылып және ажырап отырады немесе гендер белсенді немесе белсенсіз халде болады.

Прокариоттарда гендерді қосатын өнімдерді индуктор, ал ажырататын өнімдер-репрессор деп аталынады.

2. Бактериофаг хромосомасын карталау.

1896 жылы Н. В. Гамалея кейбір бактериялар сүзіндісінің басқа бактериялардың клеткаларын ерітіп (лизис) жіберетін қасиетін анықтады.Ол топалаң вирусын дистильденген ‘суда ерітіп, оны жаңадан өсірілген топалаң вирусына жұқтырады. Сонда бұл ерітінді жаңадан өсірілген вирусты ерітіп, қүртып жіберген. Мұны бактериофагтар деп атады. Дәлме-дәл аударғанда ол бактерия-ларды «жеушілер» немесе «жалмаушылар» деген сөз. Бүдан кейінгі зерттеулер басқа бактерияларды ерітіп жіберетін, табиғатта толып жатқан бактериофагтардың барлығын анықтады. Бактериофагтардың жеке түрлері белгілі бір бактерияны зақымдай алады. Ол тек ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жойып жібермей, пайдалы түрлерін де жоя алады. Бактериофагтардың пішіні де алуан түрлі. Олардың кейбіреулері шар тәрізді қосалқы бүтақшалары бар денелер. Кейбір түрлері итбалыққа ұқсайды. Өз бұтақшасымен фагтар бактерия клеткасына бекиді. Олар бактерия клеткаларының іқабығын ерітетін лтізоцим дөп аталатын, фермент бөліп шығарады. Еріген жерге фагтың ішіндегі заттар бактердя клеткасына «енеді де, оның бұтақшасы мен сыртқы қабығы бактерия клеткасының сыртында қалып қояды. Фаг клетка ішіне кірісімен өзінің зиянды әрекетін ти-гізе бастайды. Бактерия клеткасы бұдан кейін ісініп, жарылады да, оданчжаңадан дамыған фаг бөлінга шығып, ол келесі клетканы заікыімдаға кіріседі. Фагтыіі көбею стадиясының ұзақтығы 30-дан 90 минутқа дейін созылады. Бактериофагтардың шамасы 40—100 мк-ға тең. Олардың бактериялар сияқты клеткалық құрылысы болмайды және тек тірі клеткада тіршілік етуге бейімделген. Ол құрғақшылыққа, төменгі температураға, көптеген химиялық уларға төзімді. Бірақ 50%-тік глицерин ерітіндісі бактериофагтарды қырып жібере-ді, ал +80°-қа дейінгі ыстықты олар оңай көтереді. Температура + 100°-қа көтерілгенде бактериофагтар қырылып кетеді. Фагтардың көбеюі небары 30—90 минутқа дейін созылады. Олар табиғатта өте көп тараған. Қазіргі кезде бактериофагтарды медицинада және ветеринарияда кейбір зиянды ауру коздырғыштарға карсы колда-нады.