Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
молек-қ.биология.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.5 Mб
Скачать

1. Молекулалық биология пәнінің мақсаты және міндеттері.

Молекулалық биоло гия – тіршілік құбылыста рының молекулалық не гіздері туралы ғылым;  ге нетикабиохимия және биофизика ғылымдарымен тығыз байланысты. 

Молекулалық биоло гиягенетика  және  цитология аралығында пай да  болған білім саласы. Молекулалық биология нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың  құрлысы мен қасиеттерін, қалып тық синтездерді, генети калық материалдардың құрылымы мен қызмет атқаруын, сонымен қатар жасушалардың  құрылысымен қызметін, жасуша лардың өсу, даму, бөліну және тіршілігін  жою про цестерінің молекулалық негіздерін зерттейді. Молекулалық биологияны оқытудың интеграциялық бағыты жасушалардың құрлысы мен қызметінің, гендер экспрессиясының реттелуі мен қалыптық синтездердің, сигнал өткізудің молекулалық негіздерін түсінуге мүм кіндік береді. Бұл  өз  ке зегінде тіршіліктің  қалып ты процесстерін, соны мен  бірге көптеген  ауру лардың себебі  болып  та былатын оның  бұзылыс тарын,  соның ішінде медицина лық  генетика ның  мәнін  құрайтын  гендер  мен  хромосомалардағы  мутациялармен  байланысты тұқым қуалайт ын  ауруларды түсінуге қажет. Бұл биохимия, гистология, физиология, патологиялық физиоло гия, микробиология  және фармакологияны оқып білу үшін  теориялық базаны қалыптастырады. Мақсаты:ағза қызметінің негізгі молекулалық-гене тикалық және жасушалық механизмдері, генетика ның  және  экогенетиканың негіздері, олардың тұрғындардың  денсаулығын  сақтаудағы  рөлі  туралы қазіргі заманға сай білімді қалыптастыру. Міндеттері: 1.адамның   өмір  сүру  ортасын  сауықтыру  және  гигиеналық және медико-профилактикалық  шараларды  жүргізу үшін ағза ның қалыпты және пато логиялық жағдайдағы қызметінің молекулалық генетикалық және жасу шалық механизмдерінің рөлі туралы түсінік  қа лыптастыру; 2.қазіргі  кездегі молекула лық - генетикалық әдістер мен технологиялардың теориялық және тәжірбие лік медицинада  қолдану ларының  негізгі принцип тері туралы түсінік қалып тастыру;  

3.аса кең таралған тұқым қуалайтын және экогене тикалық ауруларға  диаг ноз  қою  және алдын алу үшін тұқым қуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін танып білуге үйрету;  салауатты  өмір  сүру  және  қоршаған  ортаны  қорғау  принциптерін  жүзеге  асыру  үшін моле кулалық –генетикалық зерттеулерді  жүргізудің  этикалық, құқықтық   жә не  гигиеналық  нормалары жайлы түсінік беру. 2. Генетикалық код және оның ерекшеліктері.

Генетикалық код — тірі организмдерге тән нуклеин қышқылдары молекуласындағы тұқым қуалаушы (генетикалық) ақпараттыңнуклеотидтер тізбегі түріндегі біртұтас “жазылу” жүйесі. Бұл — барлық тірі организмдерге ортақ заңдылық.

Генетикалық код туралы қазіргі қалыптасқан көзқарасқа 1960 жылы Америка ғалымдары М. Ниренберг, Г. Корана және П. Ледердіңжүргізген зерттеулері көп әсерін тигізді. Генетикалық код бірлігі — ДНҚ мен РНҚ молекуласындағы 3 нуклеотид (триплет)тізбектерінен тұратын кодон (аРНҚ нуклеотидтерінің триплеттері) болып табылады. Гендегі кодондар тізбегі осы генді “жазатын”(кодтайтын) ақуыздағы амин қышқылдар тізбегін анықтайды. Клеткадағы генетикалық код екі сатыда іске асады:

транскрипция сатысы ядрода жүреді және ДНҚ-ның сәйкес бөліктерінде ақпараттық (информациялық) рибонуклеин қышқылдарының молекулалары (аРНҚ) жасалады. Сонымен қатар, ДНҚ нуклеотидтер тізбегі аРНҚ нуклеотидтер тізбегі ретінде қайта жазылады;

трансляция сатысы цитоплазмада, ақуыз синтезделетін рибосомада жүреді. Сондай-ақ, аРНҚ нуклеотидтер тізбегі, полипептидтер құрайтын амин қышқылдарқалдықтарының белгілі бір тізбегіне көшеді.

Генетикалық кодтың бір ерекшелігі, әмбебап екендігі, яғни барлық организмдерде белгілі бір 3 нуклеотид (триплет) белгілі бір амин қышқылдарын “жазады”(кодтайды). Бір амин қышқылы бірнеше триплетпен “жазылуы” (кодталуы) мүмкін. Кодондар арасында “үтір” болмайды, яғни олар бір-бірінен бөлінбеген. Ол бір геннің аймағында белгіленген нүктеден бастап, бір бағытта есептелінеді. 64 кодонның 61-і ақуыз құрайтын 20 амин қышқылдарын “жазады” (кодтайды), ал қалған үш “нонсенс”(мағынасыз) кодондар (УАГ, УАА және УГА) полипептид синтезін аяқтайтын “нүкте” қызметін атқарады. Олар ақуыз биосинтезінінің аяқталғанын білдіреді.

арасында “үтір” болмайды, яғни олар бір-бірінен бөлінбеген. Ол бір геннің аймағында белгіленген нүктеден бастап, бір бағытта есептелінеді. 64 кодонның 61-і ақуыз құрайтын 20 амин қышқылдарын “жазады” (кодтайды), ал қалған үш “нонсенс”(мағынасыз) кодондар (УАГ, УАА және УГА) полипептид синтезін аяқтайтын “нүкте” қызметін атқарады. Олар ақуыз биосинтезінінің аяқталғанын білдіреді