Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
молек-қ.биология.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.5 Mб
Скачать

3. Генетикалық код және оның ерекшелік тері.

Генетикалық код — тірі организмдерге тән нуклеин қышқылдары мо лекуласындағы тұқым қуалаушы (генетикалық) ақпараттыңнуклеотидтер тізбегі түріндегі біртұтас “жазылу” жүйесі. Бұл — барлық тірі организмдерге ортақ заңдылық. Генетика лық кодтың бір ерекшелі гі, әмбебап екендігі, яғни барлық организмдерде бе лгілі бір 3 нуклеотид (тр иплет) белгілі бір амин қышқылдарын “жаза ды”(кодтайды). Бір амин қышқылы бірнеше трипле тпен “жазылуы” (кодта луы) мүмкін. Кодондар арасында “үтір” болмай ды, яғни олар бір-бірінен бөлінбеген. Ол бір геннің аймағында белгіленген нүктеден бастап, бір бағ ытта есептелінеді. 64 ко донның 61-і ақуыз құрай тын 20 амин қышқылда рын “жазады” (кодтай ды), ал қалған үш “нонсе нс”(мағынасыз) кодондар (УАГ, УАА және УГА) полипептид синтезін аяқтайтын “нүкте” қызметін атқарады. Олар ақуыз биосинтезінінің аяқталғанын білдіреді

5 емтихан билеті

1. Судың иондық туындысы, рН.

Су-әлсіз электролит, ол өте аз мөлшерде ыдырайды: Н2О- Н+ + ОН- Кез келген бейорганикалық қосылыстардың су ерітіндісінде Н+ және ОН- иондары болады. судың диссоциациялық константасы мынадай:[H+]*[OH-]

Кд=H2O не Кд*(Н2О)=[H+] [OH-]

Кд-1,8*10-16 судың 22ºС

[H2O]= 1000г/л 1000г/л/18г/л=55,56моль/л

Онда [H+] [OH-]=1.8*10-16*55.56=10-14 моль/л

Суда және кез келген су ерітіндісіне Н, ОН иондары концентрациясының көбейтіндісі- тұрақты шама, оны судың иондық көбейтіндісі деп атайды және Кс және КШ деп белгілейді. Теріс дәрежелі көрсеткіштер санын қолдану өте қолайсыз. Сондықтан сутек иондарының концентрациясын сутектік көрсеткіш арқылы бейнелейді және оны рН деп белгілейді. Сутектік көрсеткіш(рН) су ерітінділеріндегі сутек иондарының концентрациясын көрсетеді. Ол сандық түрінде моль/л өлшенетін сутек иондары (Н) концентрациясының теріс ондық логарифмне тең:(рН=lg[H] не pH=-lgc(H)). Бейтарап ерітіндіде рН-7, қышқылда рн<7, сілтіде рН>7. Судың физикалық химиялық қасиеттері - оның сілтілік қышқылдық және тотығу-тотықсыздану жағдайларынан туындайды. Судың сілтілік-кышқылдық ерекшелігі оның сутектік көрсеткішімен (рН) анықталады. Бұл көрсеткіш сан жағынан температурасы 22°С 1 дм3 таза судағы сутек иондары концентрациясының теріс таңбамен алынатын логарифміне тең.

cH+ = cH- = (10-14)1/2 = 10−7 моль.

Бұдан pH = -lg c H+ = 7 және OH = pH = -lg c OH+ = 7.

Ерітінді реакциясында қарай

pH = 7 = pOH - бейтарап реакция

pH > 7 > pOH - сілітілік реакция көрсетеді.

Судың тотығу - тотықсыздану потенциалы (Eh) әр элементтің валенттілігінің өзгеруімен байланысты. Ол арнайы аспаптармен(потенциометрлер) өлешенеді. Табиғи сулардың құрамын зерттегенде pH пен Eh-тың нақты шамасын білудің маңызы зор.

2. Нуклеин қышқылдары. Жалпы түсінік.

Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus — ядро) — құрамында фосфоры бар биополемерлер. Табиғатта өте көп тараған. Молекулалары нуклеотидтерден тұрады, бір нуклеотидтіқ 5'-фосфор арасындағы эфирлік байланысы мен келесі нуклеотидтің углевод қалдығының 3'-гидроксилі арасы эфир байланысымен нуклеин қышқылдары углеводты-фосфатты қаққасын калайды. Нуклеин қышқылдары жоғарғы полимерлі тізбектері ондаған немесе жүздеген нуклеотидтің қалдықтарынан тұрады. Олардың м. с. 105—1010. Нуклеин қышқылдары құрамына кіретін мономерлерінің (дезокси- немесе рибонуклеотидтер) түріне қарай ДНҚ жәңе РНҚ деп бөлінедіНуклеин қышқылдары тірі жасуша ядросының маңызды құрам бөлігі. Нуклеин қышқылдары (НҚ) рибонуклеин қышқылы (РНҚ) және дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) болып екі үлкен түрге бөлінеді. Тірі организмнің құрамына нуклеин қышқылдарының екі түрі де кіреді. Нуклеин қышқылдары жоғары молекулалы гетерополимерлі қосылыстар

Нуклеин қышқылдарының толық емес гидролизі нәтижесінде нуклеотидтер түзіледі (25-сызбанұсқа). Олар нуклеин қышқылдары полимер тізбегінде қайталанып отыратын күрделі құрылым буындары (монометрлері). Ал нуклеотидтерді одан әрі гидролиздесе, ортофосфор қышқылын және пентоза мен азотты негізге айырылатын нуклеозидтерді түзеді. Яғни, нуклеин қышқылдарының құрамына азотты негіздер (пиримидинді, пуринді), фосфор қышқылы және моносахаридтер (рибоза мен дезоксирибоза) кіреді. Нуклеин қышқылдары құрамындағы моносахаридтердің қалдығына байланысты рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы болып екіге бөлінеді. ДНҚ молекулалық массалары бірнеше мыңнан ондаған миллионға жетеді. Нуклеин қышқылдары биологиялық тұрғыдан маңызды рөл атқарады. Олар тірі организмдердегі генетикалық ақпаратты сақтайтын және тасымалдайтын жасушаның (жасушаның) маңызды кұрам бөліктері болып табылады. Нуклеин қышқылдары ақуыз биосинтезіне қатысады және тірі организмдерде тұқым қуалаушылықты сақтап, оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. ДНҚ жасуша ядросының хромосомасында (99%), рибосомаларда және хлоропластарда, ал РНҚ ядрошықтарда, рибосомаларда, митохондрияда, пластидтер мен дитоплазмада кездеседі.