Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
232404.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.51 Mб
Скачать

3.Қабырға қалыңдығы

Арқалық биіктігінен кейінгі негізгі бір параметр – қабырға қалыңдығы. Оның ығысуға жұмыс істеу шартына байланысты Н.Г.Журавский формуласын пайдалана табуға болады:

,

бұл жерде: – ең үлкен көлденең қиюшы күш; – арқалықтың жарты қимасының бейтарап өске қарағанда статикалық моменті; – арқалық қимасының инерция моменті; – қабырға қалыңдығы; – қабырға материалының ығысуға есепті қарсыласуы.

Ұтымды қималы арқалықтарда белдеу аудандары қабырға ауданына тең болғанда ішкі екі қос күштер иіні .

Бұл алынған шаманы Н.Г.Журавский формуласына қойып өрнекті түрлендіріп табамыз:

(52)

Кесілген пісірілген арқалық кесік шетін пісіріп бекітілген тіреу қабырғасы арқылы тірелгенде, арқалықтың тіреу қимасында ығысуға тек тіреу қабырғасы ғана жұмыс істейді, өйткені белдеулер арқалық қимасының жұмысына әлі қосылып үлгермейді. Онда ішкі қос күштер иіні тең.

Бұл кезде қабырға қалыңдығы:

(53)

Симметрия қималы, жергілікті жүк әсер етпейтін созылымдылық деформациясы дамитын арқалықтарда, егер және шарттары орындалса, онда арқалықтың көтеру мүмкіндігін созылымдылық деформациясының дамуын ескере келесі формуламен анықталады:

(54)

бұл жерде: арқалықтың тексерілетін қимасындағы орташа жанама кернеу; – конструкциялардың жұмыс шарты коэффициенті.

Қабырғаның жергілікті орнықтылығын қосымша бойлық қатаңдық қабырғасымен бекітпей қамтамасыз ету үшін кіші болуы керек, онда

(55)

Биіктігі 2м артық арқалықтарда бұл шешім аса тиімді емес. Қабырғасы жұқа арқалықтардың қатаңдық қырларымен бекіткенде, тиімді конструктивтік шешім болуы мүмкін.

Биіктіктері 1 – 2м аралығындағы арқалықтар үшін қабырғаның тиімді қалыңдығын эмперикалық формуланы қолдана табуға болады:

(56)

бұл жерде: – арқалық биіктігі, аралықтың 10% жуық қабылданады. Қабырға қалыңдығын прокатталған қаңылтыр қалыңдығымен сәйкестендіру керек. Қабырға қалыңдығын 8 мм-ге тең, не артық қабылдау керек, 12мм-ге дейін 1 мм-ге, ал 12мм-ден артқанда 2 мм-ге бүтін бөлінетіндей етіп қабылданады.

Арқалықтың ұтымды биіктігін табу үшін қабырға қалыңдығын (122) немесе (127) формулалармен тауып (126) формулаға қою керек. Егер алдын ала қабылданған қабырға қалыңдығы кейінгі анықталған мәнінен ауытқуы 2 мм-ден артық болса, онда арқалықтың ұтымды биіктігі қайтадан есептеледі.

4.Арқалық белдеулері

Пісірілген арқалықтар үшін белдеу әмбебап болат қаңылтырынан қабылданады. Пісірілген арқалықтар белдеулерін екі немесе үш қаңылтырдан даярлау тиімді емес, өйткені олардың шеттерін пісіріп біріктіргенде, соңғы қабатына күш сызықтары біркелкі жайылмайды, ол арқалықтың жұмыс істеу сұлбасын нашарлатады.

Белдеу қаңылтырының қалыңдығын қабырға қалыңдығынан 2-3 есеге жуық артық қабылдайды. Егер белдеу қалыңдығын одан да артық қабылдаса, онда өте қалың қаңылтырды пісіріп бекіту кезінде сему кернеулері көбейіп кетеді. Белдеулер үшін қалыңдығы мм қаңылтарлар қабылдау аса тиімді емес, өйткені прокатталған болаттар қалыңдығы артқан сайын болаттың аққыштық шегі бойынша анықталған есепті қарсыласу мәні төмендеп кетеді.

Белдеу енін көбінде аралығында арқалықтың жалпы орнықтылығын қамтамасыз ету шартына байланысты қабылданады.

Конструктивтік талаптарға байланысты белдеу енін 180 мм-ден және аз етіп қабылдауға болмайды.

Арқалықтардың белдеулерінің шығысының оның қалыңдығына қатынасы серпімді жұмыс істейтін қималар үшін келесі шамадан аспауы керек:

, (57)

Cозылымдылық деформация дамитын қималарда , бірақ аспауы керек (131, а)

бұл жерде: – бір қалыптың есепті биіктігі; – арқалық қабырғасының қалыңдығы.

Созылатын белдеулер үшін белдеу бойына кернеу бірқалыпты тарамайтындықтан екі қалыңдығынан 30 есе артық қабылданбауы керек.

5 дәріс. Тақырып: Арқалық элементтерінің жергілікті және жалпы орнықтылығын, беріктігін тексеру.

1.Арқалықтың беріктігі мен иілу мөлшері.

2.Арқалықтың жалпы орнықтылығын тексеру және қамтамасыз ету.

3.Арқалық элементтерінің жергілікті орнықтылығын тексеру және қамтамасыз ету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]