Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
232404.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.51 Mб
Скачать

5.Арнайы сенімділік коэффициенттері

Ғимараттар мен құрылымдардың жауапкершіліктерінің кластарын арнайы сенімділік коэффициенттері ескереді.

I. Халық шаруашылығы мен әлеуметтік маңызы бар ғимараттар мен құрылымдар (жылу электрлі станциялар, атом электр станциялары, домна пештерінің орталық түйіндері, биіктігі 200 м-ден артық түтін құбырлары, телемұнаралар, сиымдылығы 10 мың м3-тен артық мұнай және мұнай өнімдері сақтайтын резервуарлар, жабық стадиондар, театр, кинотеатр, цирк, жабық базар, оқу-орындары, бала-бақша, әйелдер босанатын үй, мұражай, мемлекеттік архивтер және т.б.) жатады. Бұлар үшін =1 тең.

II. Халық шаруашылығы мен әлеуметтік маңызы бар ғимараттар мен құрылымдар (өндіріс орындары, ауыл шаруашылығының құрылымдары, тұрғын үйлер мен азаматтық құрылыс орындары, байланыс бөлімдері және I немесе III класқа кірмеген ғимараттар мен құрылымдар) жатады, бұлар үшін =0,95 тең.

III. Халық шаруашылығы мен әлеуметтік маңызды емес ғимараттар мен құрылымдар (тыңайтқыштар, химикаттар, көмірлер, торфтар және басқа да заттар сақталатын қоймалар, жылыжайлар, күн тартарлар, бір қабатты тұрғын үйлер, сымды байланыстардың тіреулері, мекенжайларды жарықтандыратын сымдар тіреулері, қоралар, уақытша ғимараттар мен құрылымдар және т.б.) жатады, бұлар үшін =0,9.

Арнайы сенімділік коэффициенттері жүктердің, ішкі күштері немесе басқа әсерлері мәндеріне көбейтіледі.

2 дәріс. Тақырып:Ортасынан, ортасынан тыс жүктелген иілген конструкциялардың кернеуленген жағдайы.

Дәріс сұрақтары:

1.Иілген элементтердің шектік жағдайлары мен есептелулері.

2.Центрден тыс созылған және тыс сығылған элементтердің шектік жағдайлары және есептеулері.

3.Центрден тыс сығылған (сығыла-иілген) элементтердің орнықтылығын тексеру.

1.Иілген элементтердің шектік жағдайлары мен есептелулері

Иілген элементтерді жұмыс істеу сатыларында келесі шектік жағдайлар есептеп тексеріледі: бірінші топ - беріктігін жоғалтуы, орнықтылығын жоғалтуы; материалдың аққыштық шегіне жетуі; екінші топ - шектік иілу мөлшеріне жетуі.

Иілген элементтердің серпімділік сатыда есептелуі

Бұл кезде, шектік жағдайлар нормалды және жанама кернеулердің ең жоғары мәндері аққыштық шегіне жетуі арқылы анықталады.

Серпімділік сатыда жұмыс істейтін иілген элементтердің, басқа жазықтардың бірі бойында иілуі кезіндегі беріктігі келесі формулалар бойынша тексеріледі:

(8)

(9)

бұл жерде: және - есептік жүктердің әсерінен табылған иілу моменті мен көлденең қиюшы күші; - элементтердің серпімді жұмыс істеу сатысындағы көлденең қиманың нетто қарсыласу моменті; - қиманың бейтарап өске қарағанда ығысатын бөлігінің нетто статикалық моменті; - аққыштық шегі бойынша анықталған қарсыласуы; - материалдың ығысу кезіндегі есептік қарсыласуы; - жұмыс шарты коэффициенті.

Екі негізгі жазықтықтар бойынша иілген элементтердің беріктігі келесі формуламен тексеріледі:

(10)

бұл жерде: , - негізгі өстерге қарағандағы нүкте координат-тары.

Тік және жанама кернеулер бірге әсер еткенде келтірілген кернеу аққыштық шегіне жеткен кезде барып созылымдылық сатыға өтеді. Егер жанама кернеу аз болғанда материалдың аққыштығы қиманың ең шеткі талшықтарында басталады. Өте үлкен көлденең қиюшы күш әсер ететін кезде материалдың аққыштығы бейтарап өсте ( ) басталады да, иілетін элементтер көтеру мүмкіндігін ерте жоғалтады (сурет 29).

Сурет 1

Келтірілген кернеулер эпюрасы

а - ;

б -

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]