Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
232404.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.51 Mб
Скачать

3. Жүктер үйлесімі

Құрылыс конструкцияларына әр түрлі жүк жеке әсер етпей, бірге әсер етеді.

Жүктер үйлесімін төмендегідей бөледі:

а) негізгі үйлесім - тұрақты, ұзақ мерзімді уақытша және барлық әсер етуі ықтимал қысқа мерзімді әсер ететін уақытша жүктер қосындыларынан тұрады;

б) ерекше үйлесім -тұрақты, ұзақ мерзімді уақытша, бір қысқа мерзімді уақытша және ерекше уақытша жүктер қосындыларынан тұрады.

Жүктер бірге әсер еткенде ең жоғарғы шамаларына жету ықтималы өте аз. Сол себепті статистикалық мағлұматтар мен ықтималдар теориясы бойынша негізгі үйлесімінде қысқа мерзімді уақытша әсер ететін жүк саны екіге тең немесе одан жоғары болса, жүктердің үйлесім коэффициенті =0,9 тең етіп қабылданады.

4. Материалдардың мөлшерлі және есепті қарсыласулары

Материалдардың мөлшерлі қарсыласулары - сырттан әсер еткен күштерге материалдардың қарсыласуын негізінен сипаттайтын, құрылыс конструкцияларын жобалау мөлшерлері бойынша анықталады:

- болаттың аққыштық шегі бойынша қабылданған; - беріктік шегі бойынша қабылданған шамалар.

Болаттың мөлшерлі қарсыласу шамалары стандартқа сай жүргізілген сынақ нәтижелерінің ең аз мәндеріне сәйкес қабылданады. Мөлшерлі қарсыласу мәндерін қамтамасыз етуі 0,95 -тен кем болмау керек.

Аз көміртекті, беріктігі жоғары болаттар және алюмин қортпалары үшін - созылатын, иілетін элементтерінде созылымдылық деформациялар пайда болатындықтан, сығылатын элементтер өз орнықтылықтарын жоғалтатын болғандықтан - олардың мөлшерлі қарсыласу шамалары, олардың аққыштық шегіне тең етіп қабылданады. Егерде болаттардың аққыштық шектері анық табылмайтын болса, созылымдылық сатыға өтуін анықтау мүмкін болмаса аққыштық шектері мен беріктік шектерінің арақашықтары аз болса (беріктігі аса жоғары болаттар), егерде конструкциялардың шекті жағдайлары олардың тек беріктіктерімен шектелсе, онда болаттардың мөлшерлі қарсыласулары олардың беріктік шектеріне тең етіп қабылданады.

Кесте 1 - Болат прокаттарының материалдар бойынша сенімділік коэффициенттері

Болаттардың топтары

Болаттардың мемлекетті стандарттары (МЕСТ) мен техникалық шарттары (ТШ)

Материалдар бойынша сенімділік коэффициент-тері

Беріктігі қалыптағыдай және жоғары

МЕСТ 23570-79

ТШ 14-1-3023-80

1,025

МЕСТ 380-71

МЕСТ 14637-79

МЕСТ 19281-73

МЕСТ 10705-80

МЕСТ 19282-73

1,05

Беріктігі аса жоғары

МЕСТ 19281-73

МЕСТ 19282-73

ТШ 14-3-829-79

1,1

ТШ 14-1-1308-75

ТШ 14-1-1772-76

1,15

Сонымен металлдың екі мөлшерлі қарсыласу шамалары бар - аққыштық шегі бойынша және беріктік шегі бойынша .

Беріктік шегі мен аққыштық шектері стандартқа сәйкес қабылданады, қамтамасыз ету шамасы 0,95 - 0,995 аралығында жатады.

Материалдар бойынша сенімділік коэффициенттері болаттардың конструкцияларда жұмыс істеулері және сынау қортындыларының жайылу сызықтарын анализ жасау арқылы анықталады. Құрылыс болаттарының есепті қарсыласуларының мәндері құрылыс қағидалары мен ережелерінде келтірілген.

Кесте 2 - Материалдардың есепті қарсыласуын анықтайтын формулалар

Кернеулі жағдайлар

Шартты белгіері

Прокат пен құбырлардың есепті қарсыласулары

Созылу, созылу және иіу

Аққыштық шегі бойынша

Беріктік шегі бойынша

Ығысу

Тік кесін бетінің мыжылуы (беті тегіс жатқан кезде)

Цилиндрлі топсалардың толық жанасқандағы жергілікті мыжылуы

Доңғалақтың диаметр бойынша сыққанда қозғалуы (шектеулі конструкциялардың еркін жанасатын кездерінде)

Прокат қалыңдығынан тыс бағытта созу (60 мм-дейін)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]