Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
232404.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.51 Mб
Скачать

1.Шектік иілгіштік бойынша қима таңдау

2.Қос бұрышты фермалар

1.Шектік иілгіштік бойынша қима таңдау

Жоғарыда ұсынылған блок – сұлба бойынша қима тандау кезінде иілгіштік шектік иілгіштіктен асып кететін жағдайлар кездеседі. Ол көбінде есепті ұзындығы көп, әсер ететін сығатын күш аз болса орын алуы мүмкін. Осындай жағдайда керекті инерция радиусын тауып,

Қима қабылданған соң оның иілгіштігін анықтап оны шектік иілгіштікпен салыстырылды. Ұсынылған әдіс созылған шыбықтар үшін де жарамды.

Созылған шыбықтардың ауданы келесі формулалар бойынша анықталады:

(216)

бұл жерде: - болаттың аққыштық шегі бойынша анықталған есепті қарсыласуы;

Бойлық күш пен иілу моменті әсер ететін шыбықтар қимасын тандау

Кей кезде стропилалық ферманың жоғарғы белдеу шыбықтарына бойлық күш пен иілу моменті әсер етеді. Олардың шамаларын анықтау алдыңғы тарауда келтірілген.

Қима келесі формула бойынша анықталады:

, (217)

бұл жерде: центрден тыс сығылғандағы коэффициет, эксцентриситетке тең келтірілген эксцентриситетке және иілгіштікке байланысты.

Қима тандау кезінде және қима түріне байланысты жуық шамамен қабылданады. Қима түрін алғаннан кейін иілгіштікті қабылдайды , сөйтіп келтірілген иілгіштікті анықтайды ; эксцентриситетті анықтап , келтірілген эксцентрицитентті анықтайды

, және бойынша ҚР ҚНжЕ 5.04.23-2002 кестесі бойынша тауып (223) формуламен анықталады.

Қима өлшемдері табылған соң қима орнықтылығы тексеріледі.

, (218)

бұл жерде: қабылданған қима үшін қайта табылады. Егер болса, онда орнықтылықты тексермей тек беріктігін тексерсе болады.

, (219)

Иілу моменті әсер ететін жазықтықтан тыс жазықтықтағы орнықтылығы келесі формуламен тексеріледі:

, (220)

бұл жерде: - бойынша анықталған коэффициент

2.Қос бұрышты фермалар

Қос бұрышты тавр қималы фермалар олардың ортасынан өтетін түйін қаңылтырлы етіп жобаланады. Шыбықтар түйін қаңылтырына жапсарлас жіктер арқылы бекітіледі. Түйін қаңылтырына бекітілгенде бүрыш ұшы мен төбелер арасында кері пропорциялармен бөлінетін ішкі күш табылып, содан кейін соларға сәйкес жік ұзындықтары анықталады. Жапсарлас жік ұзындығы кесік жағына 20 мм – ге шығарылады.

Түйін қаңылтырына аз қалындықты тұтас жікпен бекіту ұсынылады. Мүмкіндік болса, белдеуден түйін қаңылтыры белдеу бұрышынан 10 – 15 мм шығарылып қойылады.

Түйін қаңылтырына белдеуді бекіткенде ондағы жік есепті күшке есептеледі:

, (221)

бұл жерде: - түйінде кездесетін белдеулердегі ішкі күші;

түйін жүгі.

Жоғарғы белдеу бұрыштары темірбетон плиталар салмағынан майысып кетпеуі үшін оларға ферма қадымы 6м кезінде белдеу қалындығы 10 мм кем болса, ал ферма қадымы 12м кезінде белдеу қалыңдығы 14мм кем болса, 12мм жолақ қаңылтырмен күшейтіледі (115, в сур.).

Түйін қаңылтырының қалыңдығы ферма шыбықтарындағы ішкі күш шамасына байланысты қабылданады.

Сурет 115. Қос бұрышты фермалардың түйіндері

шыбықтарды орталықтандыру; б – көлбеу торлы түйін; в – қарыларды бекіту; г – ірі панельді плиталарды бекіту

Кесте 21 - Түйін қаңылтырының ұсынылатын қалындықтары

Шыбық-тардағы ең

үлкен күш,

<150

160 – 250

260 – 400

410 – 600

610 – 1000

1010 – 1400

1410 – 1800

>1800

Түйін қаңыл-тыры-ның қалын-дығы, мм

6

8

10

12

14

16

18

20

Көлбеу тіреулі торлы фермаларда түйін қаңылтыр сұлбасы трапеция тәрізді етіп қабылданады. Түйін қаңылтырын кесілетін жердің ұзындығы аз етіп, ең аз бөлшекті етіп даярлау қажет.

Күшті тордан белдеуге ыңғайлы беру үшін түйін қаңылтыр бұрышы 15° артықтау етіп қабылданады.

Егерде түйінде ферма белдеулері түйіссе, онда олар арнайы тапсырма қаңылтырлармен жабылады (116 сур). Түйін қаңылтырын жұмыс істету үшін белдеулер түйісулері Н түйіннен сырты шығару қажет (116, сур.).

Сурет 116. Ферманың төменгі белдеуінің зауыттық жіктері

Екі бұрышты тавр ретінде қойылғанда, олардың бірге жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жолақ қаңылтырлар қойылады олардың ара қашықтығы сығылған элементтер үшін – 40 , ал созылған элементтер үшін – 80 артпауы қажет ( – жалаң қаңылтырға параллель ось бойындағы бұрыштың инерция радиусы). Сығылған элементтер үшін жалаң қаңылтыр саны екіден кем болмауы шарт.

99

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]