Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
232404.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.51 Mб
Скачать

2. Жүктер мен әсерлер

Конструкцияларды есептеу үшін жүктер мен әсерлердің мәндері «Жүктер мен әсерлер» жайында «құрылыс нормалары мен қағидалары» (СНИП 2.01.07-85) және стандартқа (СТС ЭВ 1407-78) «Құрылыс конструкциялары мен жертабандары» сәйкес қабылданады.

Жүктер мен әсерлердің жіктелуі және сипаттамалары

Жүктер мен әсерлердің әсер ететін уақыты бойынша:

  • тұрақты (егерде күштер мен әсерлердің бағыттары мен мәндері өзгермейтін болса);

  • уақытша болып бөлінеді.

Уақытша жүктер мен әсерлер:

  • ұзақ мерзімді әсер ететін;

  • қысқа мерзімді әсер ететін;

  • ерекше әсер ететін - болып бөлінеді.

Тұрақты жүктер мен әсерлерге: конструкциялардың, ғимараттардың және құрылымдардың өз салмақтары; топырақтың салмақтары мен қысымдары; алдын-ала кернеулеудің әсерлері жатады.

Ұзақ мерзімді әсер ететін уақытша жүктер мен әсерлерге: тұрақты құрал-жабдықтардың салмақтары; ыдыстардағы сұйықтар мен сусымалы заттардың салмақтары; резервуарлар мен газгольдерлердегі және құбырлардағы газдар мен сұйықтардың қысымдары; гидротехникалық қақпалар мен шлюз қақпаларына судың статикалық әсерлері; қамбалар мен кітапханалар, архивтер, т.б. мекен-жайлардың жабындарына әсер ететін жүктер; температураның ұзақ уақыт бойы әсер етуі және т.б. жатады.

Қысқа мерзімді әсер ететін уақытша жүктер мен әсерлерге: атмосфералық әсерлер - қарлар, желдер, мұздақтар мен температураның өзгерулері; жүк көтеретін, тасымалдайтын құралдардың әсерлері; қоғамдық және тұрғын үйлер жабындарына әсер ететін пайдалы жүктер; құрылыс коснтрукцияларын тасымалдау, монтаждау кездеріндегі жүктер мен әсерлер жатады.

Ерекше жүктер мен әсерлерге: зіл - залалық және жарылыс әсерлері; құрал-жабдықтардың бұзылуы, технологиялық процесстердің бұзылуы; ғимараттар мен құрылымдар табандарының белгілі бір шамаға тез төмендеп кетуі жатады.

Жүктердің мөлшерлі шамалары - олардың негізгі сипаттамалары статистикалық берілгендеріне сәйкес қабылданады. Тұрақты жүктер мен әсерлердің мөлшерлі шамалары - конструкцияны даярлаған зауыттардың стандарттары бойынша немесе олардың өлшемдеріне тығыздығына байланысты анықталған салмақтарына тең етіп қабылданады. Құрал-жабдықтардың салмақтары стандарттар мен каталогтар бойынша немесе жобалау үшін жасалған тапсырмаларда көрсетіледі.

Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың қабат жабындарына әсер ететін адамдардың, жабдықтардың, т.б. қысқа мерзімді әсер ететін жүк шамалары инструктивті - нормаланған құжаттар бойынша анықталады.

Көтеретін - тасымалдайтын құралдар жүктері стандарттарға сәйкес қабылданады. Қар жүгінің мөлшерлі мәні гидрометеорологиялық қызмет анықтаған 10 жыл бойы желден қорғалған жердегі қар жауғандағы судың орта мәндеріне сәйкес қабылданады.

Желдің әсері гидрометеорологиялық қызметтің жер бетінен 10м биіктікте анықталған жел жылдамдығы бойынша табылады. Желдің жылдамдық арыны келесі формула бойынша анықталады:

(6)

бұл жерде: - 5 жыл бақыланып статистикалық жолмен табылған жылдамдығы.

Жел әсерінің мөлшерлі мәні келесі формула бойынша анықталады:

(7)

бұл жерде: - желдің жылдамдық арыны; - жел арынының жер бетінен биіктік деңгейіне қарай өзгеретінін ескеретін коэффициент; - аэродинамикалық коэффициент.

Кейбір конструкцияларды жобалау кезінде мұздақтың әсерін ескеру керек, оның мәні жобалау нормаларында келтірілген.

Конструкцияларды температураның әсеріне ғимараттарды құрастыру және пайдалану кезеңдерінде есептеу қажет. «Температура айырмашылығы температуралық құлып» - деп аталатын мәніне тең етіп қабылданады. Температуралық әсерлер «Жүктер мен әсерлер» жайындағы құжатта (СНИП 2.01.07-85) сәйкес қабылданады. Сейсмикалық әсерлер құрылыс жүргізілетін ауданның есепті баллына сәйкес қабылданады.

Жүктердің мөлшерлі мәндерінің өзгеруін ескеретін коэффициент - «жүктер бойынша сенімділік коэффициенті» - деп, ал жүктердің мөлшерлі мәндері мен жүктер бойынша сенімділік коэффициенттердің көбейтіндісін «жүктердің есепті мәндері» - деп аталады. Жүктер бойынша сенімділік коэффициенттері жүктердің түрлеріне байланысты. Мысалға, егер темірбетон конструкциялары зауытта даярланса =1,1 тең, ал құрылыс алаңында даярланса =1,2…1,3 тең; металл конструкциялар үшін =1,05 тең етіп қабылданады. Егерде тұрақты жүк салмағы конструкцияның жұмысын жақсартатын болса, онда =0,9 тең етіп қабылданады. Уақытша жүктер үшін: жел әсерін =1,4; қар әсерін 1,4….1,6 дейін қабылданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]