Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
232404.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.51 Mб
Скачать

1.Жалпы сипаттамалары

Метал конструкцияларында ұстындар кеңінен қолданылады. Жұмыс істеу түріне байланысты олар екіге бөлінеді центрден сығылатын және центрден тыс сығылатын (85 сур..

  1. Сурет 16. Орталық сығылуға жұмыс істейтін

  2. шыбықтыр схемасы

  3. - ұстын, б- ауыр ферманың сығылған шыбығы

Ұстындар жоғары жатқан конструкциялардан жүкті іргетасқа береді және үш бөліктен тұрады.

-басы, ұстынды жүктейтін жоғары жатқан конструкциялар тіреледі

-шыбық – негізгі конструктивтік элемент, ол жүкті ұстынның басынан қабылдап негізіне береді

-негізі, жүкті шыбықтан іргетасқа береді.

  1. Сурет 17 Тұтас шыбықтырдың ашық қималары

Сурет 18. Тұтас шыбықтырдың тұйық қималары

Статикалық сұлбалары мен жүктеу сипаттамаларына байланысты ұстындар бір қабатты және көп қабатты болуы мүмкін. Көлденең қимасы бойынша тұтас және салалы болып кездеседі.

2 Тұтас ұстындар

Тұтас ұстындар көбіне қимасы прокатталған немесе автоматпен пісірілген құрама қимасы қоставрлар түрінде қабылданады. Тұтас ұстындардың қималары 86 және 87 суреттерде көрсетілген.

Ұстынның тең орнықтылығын қамтамасыз ету үшін оның екі бас өстер бойынша иілгіштіктері тең болуы керек

немесе

  1. Қоставрлы қималарда, егерде есепті ұзындықтары бірдей болса , онда бұл шарт орындалмайды, өйткені қиманың инерция радиустері әртүрлі. Қоставрлы қима үшін ; , осыдан тең орнықтылықты қамтамасыз ету үшін болуы керек, бұл шарт конструктивтік ыңғайсыз шешім қабылдауға мәжбүр етеді, сол себепті ол іс жүзінде қолданылмайды.

Кәдеуілгі прокатты қоставр белдеуі өте аз болғандықтан тең орнықтылықты қамтамасыз етпейтіндіктен іс жүзінде қолданылмайды, ал пісіріліп біріктірілген құрама қоставрлар қолданылады.

Тең орнықтылықты крест тәрізді қималар қамтамасыз етеді.

Қарапайым, бірақ ауданы бойынша шектеулі және болат шығыны бойынша аса тиімді емес, ұстындар үш прокатталған профильдерден алынады.

Өте белгілі ұстындар – құбыр қималы, екі швеллер, бұрыштардан құралған қималар (а,б,в,г сурет 87).

Жабық қималы ұстындардың артықшылықтары – тең орнықтылық, жинақтылық және сыртқы жақсы түрі кемшілігі - коррозиядан қорғау үшін бұндай ұстындар шыбығына ылғал өткізілмеуі керек. Болат құбырларды бетонмен толтырғанда комплексті конструкция - құбыр бетон алынады, бұларда құбыр ішіндегі бетон көлденең деформациясын дамытпайтын қабықшы қызметін атқарады. Бұндай жағдайларда бетонның сығылуға беріктігі артады, құбырдың іші коррозиядан сақталады, жергілікті орнықтылығы қамтамасыз етіледі.

Қолданған жиілеп келеді.

10дәріс. Тақырып: Ұстын базалары, түрлері.

1. Негіздің түрлері мен конструктивтік ерекшеліктері

2. Траверсалы негіздің конструктивтік әрленуі және есептелінуі

1. Негіздің түрлері мен конструктивтік ерекшеліктері

Негіздің конструкциясын ұстынның қабылдаған есепті сұлбасы мен іргетасқа жалғасу тәсіліне сәйкес болуын қамтамасыз етуі қажет. Iргетаспен топсалы бекітілген негіз кездейсоқ момент әсерін қабылдай алатындай, ал қабақ бекітілген кезде іргетаспен жалғасуы бұрылмайтындай болуы керек.

Конструктивтік шешімдері бойынша траверсалы, (99, сур.) кесігі фрезерленген (99, б сур.) , орталықтандырылған плита (99, в сур.) болулары мүмкін.

Аса үлкен емес ішкі күштер әсер ететін ұстындарда (4000-5000 кН) көбінде траверсалы негіз қолданылады. Қажет кезінде траверсадан басқа қатаңдық қырлары қойылады. Жеңіл ұстындар үшін тек қатаңдық қырлар қойылса да жеткілікті.

Сурет 99. Ұстын негіздерінің түрлері

Аса үлкен ішкі күштер әсер ететін ұстындар (6000-10000 кН) қима кесігін фрезерлеу дұрыс, бұл шешім қарапайым оңай монтаждауды қамтамасыз етеді.

Сурет 100. Ұстындар негіздері

1 – плита; 2 – траверса; 3 –қыр; 4 – анкерлі болт;

5 – анкерлі шайба; 6 – іргетас

Топсалы негіз есепті сұлбаға сәйкес болғанымен монтаждау кезде әртүрлі проблемалар тудырады. Сондықтан сирек қолданылады. Қарнақ болттар ұстын шыбығына шығарылған аспалы конструкциялары арқылы есепті қарсыласына жақын шамаға дейін қатты бұралып бекітіледі.

Қарнақ болттар диаметрлері топсалы бекітілгенде -ге, ал қатаң бекітілгенде -ге тең. Қарнақ болттар орналастырылатын тесіктер оның диаметірінен 1,5 – 2 есеге артық қабылданылады. Қарнақ болттарға шайбалар кигізіледі, олар болттар тартылып болғаннан кейін пісіріліп бекітіліп тасталынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]