Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
232404.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.51 Mб
Скачать

1.Жалпы сипаттамалары

Метал конструкцияларында ұстындар кеңінен қолданылады. Жұмыс істеу түріне байланысты олар екіге бөлінеді центрден сығылатын және центрден тыс сығылатын (85 сур..

  1. Сурет 16. Орталық сығылуға жұмыс істейтін

  2. шыбықтыр схемасы

  3. - ұстын, б- ауыр ферманың сығылған шыбығы

Ұстындар жоғары жатқан конструкциялардан жүкті іргетасқа береді және үш бөліктен тұрады.

-басы, ұстынды жүктейтін жоғары жатқан конструкциялар тіреледі

-шыбық – негізгі конструктивтік элемент, ол жүкті ұстынның басынан қабылдап негізіне береді

-негізі, жүкті шыбықтан іргетасқа береді.

  1. Сурет 17 Тұтас шыбықтырдың ашық қималары

Сурет 18. Тұтас шыбықтырдың тұйық қималары

Статикалық сұлбалары мен жүктеу сипаттамаларына байланысты ұстындар бір қабатты және көп қабатты болуы мүмкін. Көлденең қимасы бойынша тұтас және салалы болып кездеседі.

2 Тұтас ұстындар

Тұтас ұстындар көбіне қимасы прокатталған немесе автоматпен пісірілген құрама қимасы қоставрлар түрінде қабылданады. Тұтас ұстындардың қималары 86 және 87 суреттерде көрсетілген.

Ұстынның тең орнықтылығын қамтамасыз ету үшін оның екі бас өстер бойынша иілгіштіктері тең болуы керек

немесе

  1. Қоставрлы қималарда, егерде есепті ұзындықтары бірдей болса , онда бұл шарт орындалмайды, өйткені қиманың инерция радиустері әртүрлі. Қоставрлы қима үшін ; , осыдан тең орнықтылықты қамтамасыз ету үшін болуы керек, бұл шарт конструктивтік ыңғайсыз шешім қабылдауға мәжбүр етеді, сол себепті ол іс жүзінде қолданылмайды.

Кәдеуілгі прокатты қоставр белдеуі өте аз болғандықтан тең орнықтылықты қамтамасыз етпейтіндіктен іс жүзінде қолданылмайды, ал пісіріліп біріктірілген құрама қоставрлар қолданылады.

Тең орнықтылықты крест тәрізді қималар қамтамасыз етеді.

Қарапайым, бірақ ауданы бойынша шектеулі және болат шығыны бойынша аса тиімді емес, ұстындар үш прокатталған профильдерден алынады.

Өте белгілі ұстындар – құбыр қималы, екі швеллер, бұрыштардан құралған қималар (а,б,в,г сурет 87).

Жабық қималы ұстындардың артықшылықтары – тең орнықтылық, жинақтылық және сыртқы жақсы түрі кемшілігі - коррозиядан қорғау үшін бұндай ұстындар шыбығына ылғал өткізілмеуі керек. Болат құбырларды бетонмен толтырғанда комплексті конструкция - құбыр бетон алынады, бұларда құбыр ішіндегі бетон көлденең деформациясын дамытпайтын қабықшы қызметін атқарады. Бұндай жағдайларда бетонның сығылуға беріктігі артады, құбырдың іші коррозиядан сақталады, жергілікті орнықтылығы қамтамасыз етіледі.

Қолданған жиілеп келеді.

7 дәріс. Тақырып:Қуысты қималы ұстындарды есептеп жобалау.

1. Қуысты ұстындар

2. Салалы ұстын шыбығының орнықтылығына тордың әсері

1. Қуысты ұстындар

Салалы центрден сығылған ұстындар көбінде өзара тормен байланысқан екі бөліктен тұрады (88 в сур.), бөліктерді кесетін өс “материалды”, ал параллель өс “еркін” өстер-деп аталады. Екі бөлік арақашықтығы шыбықтың тең орнықтылығын қамтамасыз ету арқылы табылады.

Пісірілген ұстындарда швеллердің белдеулерін ішке қаратып қойған дұрыс, өйткені бұл кезде бөліктерін байланыстыратын торлар ұзындықтары кішірек болып ұстын өнімдері жақсырақ қолданылады (88 сур.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]