Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
232404.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.51 Mб
Скачать

1 Арқалықтың беріктігі мен иілу мөлшері

Арқалықтың беріктігі ең үлкен тік, жанама кернеулерді және олардың бірге әсерін материалдың серпімді – созылымдылық сатыда жұмыс істеу кезеңінде, қабырғасының созылымдылық сатыда жұмыс істеу кезеңінде, қабырғасының созылымдылық деформация дамығандағы орнықтылығын (128) формуламен тексеру арқылы жүргізіледі.

Кесілген арқалықта ең үлкен тік кернеу мен жанама кернеулер әсер ететін қималар сәйкес келмейді, оларды (108), (110) және (113) формулалар бойынша тексереді.

Бірақ арқалықтың ұзына бойына ( немесе нөлге тең ерекше қималардан басқа) иілу моменті мен кілденең қиюшы күштер бірге әсер етеді. Сол себепті, және жеке – жеке тексеруден басқа олардың бірге әсер ететін қимада келтірілген кернеулер мәндерін тексеру де қажет. Бұл тексеруді иілу моментімен көлденең қиюшы күштердің ең тиімсіз үйлесімі әсер ететін қимада, кесілген арқалықтар үшін қимасы өзгеретін жерде, кесілмеген арқалықтар үшін тіреулерде жүргізу керек.

К елтірілген кернеу келесі формуламен анықталады.

(58)

бұл жерде: белдеу жігі деңгейіндегі есептік және жанама кернеулер.

(134) формула бойынша материалдың бұл нүктеде тік және жанама кернеулердің бірге әсерінен созылымдылық жағдайға өтуін тексереді.

Арқалық конструкцияларының жоғарғы белдеуінде тұрақты қадала әсер ететін жүк бар кезде, арқалық қабырғасын жергілікті мыжылуға қосымша тексеру керек:

Сурет 13 Арқалықтың қабаттарға тірелуі

(59)

бұл жерде: – жүк әсерінен қабырғаны мыжитын кернеу; – қадала әсер ететін жүктің есепті мәні; және арқалықтың қабырға мен белдеу қалыңдықтары; – жергілікті күшті арқалыққа беретін бөлімнің ұзындығы. Бұл кезде қадала жүк әсер ететін арқалықтағы келтірілген кернеу келесі формуламен тексеріледі.

(60)

Егер бұл шарт орындалмаса, онда арқалық қабырғасы қатаңдық қырымен күшейтіледі. Бұл қатаңдық қыры өзінің тегістелген кесік шетімен қадалған жүкті қабылдап пісірілген жіктері арқылы арқалық қабырғасына биіктігі бойынша баяу жая береді. Егер жүк қадалған жерде арқалықтың қатаңдық қыры болса, онда жергілікті кернеу әсері ескерілмейді.

Арқалықтың иілу мөлшері жүктің нормативті мәні әсерінен құрылыс механикасындағы әдістерді пайдалана табылады, ал ол ҚРҚНжЕ 5.04.23-2002 келтірілген шекті шамадан аспауы қажет.

Алдағы бөлімде айтылғандай, егер құрама қималы арқалық биіктігі (124) немесе (125) формула бойынша табылған биіктіктен кем қабылданбаса, онда иілу мөлшерін тексермесе де болады.

2. Арқалықтың жалпы орнықтылығын тексеру және қамтамасыз ету

Арқалықтың жалпы орнықтылығын (115) формуламен тексеріледі. бұл жерде: - (116) формуламен есептелініп табылады  - коэффициенті арқалықтың бұралуға қарсылығына байланысты анықталады.

құрама арқалықтар үшін келесі формуламен табылады

(61)

бұл жерде: – арқалықтың сығылатын белдеуінің көлденең жылжуға қарсы бекітілген есепті ұзындығы белдеу өстерінің арақашықтығы және – сығылатын белдеудің ені мен қалыңдығы арқалық қабырғасының қалыңдығы.

2.5. мысал. 2.3 пен 2.4 мысалдардағы келтірілген пісірілген арқалықтың жалпы орнықтылығын және иілу мөлшерін тексеру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]