- •«Электрлік тораптар мен жүйелер»
- •Күндізгі бөлім білімгерлеріне баға қою саясаты
- •Сырттай оқыту бөлімі білімгерлеріне баға қою саясаты
- •Пәннің мазмұны.
- •Бақылау сұрақтары
- •Лекциялық материалдардың қысқаша мазмұны Лекция 1. Электр жүйелері туралы ұғымдар
- •Лекция 2. Кернеуі 1000 в жоғары тораптарда электр энергиясын тарату
- •Лекция 3. Кернеуі 1000 в дейінгі тораптарда электр энергиясын тарату
- •Лекция 4. Электрлік тораптардың классификациясы және олардың құрылымы
- •Лекция 5. Әуелік желілердің құрылымы
- •Лекция 6. Кабелдік желілердің құрылымы
- •Лекция 7. Брондалмаған кабелдермен және өткізгіш сымдармен жүргізілген ішкі тораптардың құрылымы
- •Лекция 8. Тораптарды токтасмалдағыштармен жүргізу
- •Лекция 9. Өткізгіштер мен кабельдердің электр тоғының әсерінен ысуы және оны қызып кетуден сақтау
- •Лекция 10. Жылу бойынша кабельдер мен өткізгіштердің ұзақ уақытқа рұқсат етілген жүктемесі
- •Лекция 11. Тоқтың экономикалық тығыздығы
- •Тоқтың экономикалық тығыздығы
- •Лекция 12. Өткізгіштер мен кабельдерді қызудан сақтау
- •Лекция 13. Электр энергиясының сапалық көрсеткіштері. Кернеуді реттеу
- •Лекция 14. Қуат пен энергия шығынын анықтау
- •Лекция 15. Қуат коэффициенті және жоғарылату әдістері
- •Өткізгіштермен кабельдерді қыздыруға есептеу үшін мәліметтер. №1 кесте
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ атындағы ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Мұнай, газ және механика» факультеті
«БЕКІТЕМІН»
«Электрэнергетика» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент
________________ О.Есімбаев
«01» қыркүйек 2014ж.
«Электрлік тораптар мен жүйелер»
ПӘН БОЙЫНША БІЛІМГЕРЛЕР ҮШІН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
2010-2011 оқу жылы, 7 семестр
Кредит саны: 3
Пән форматы: аралас
Оқытушының аты-жөні: Есімбаев О.Ж..
Кафедра: «Техникалық кибернетика»
Оқу ғимараты: 6.1-335
Тел: 2-42-34
Тараз-2012
Курс пререквизиттері: «Электрлік тораптар мен жүйелер» пәнін оқу алдында «Электротехниканың теориялық негіздері», «Физика», «Электротехникалық материалтану», «Электортехникалық сызбалар» пәндерін оқуды қажет етеді..
Әдебиеттер. «Электрлік тораптар мен жүйелер» пәні бойынша дәрістік материалдарды тереңірек оқып, білу және өзіндік жұмыстарды дайындау үшін білімгерлерге мына төмендегі әдебиеттер ұсынылады.
Негізгі және қосымша әдебиеттер
№ |
Оқулықтардың және оқу құралының аттары |
Баспасы Шығару жылы |
Кітапхана аты және орыны |
Саны |
1 |
Идельчик В.И. Электрические системы и сети. |
М.: Энергоатомиздат, 1989 ж. |
ТарМУ, тех.кешені., гидрокешені. |
5 |
2 |
Петренко Л.И. Электрические сети и системы. |
Киев: Высшая школа, 1985 ж. |
ТарМУ, тех.кешені., гидрокешені. |
6 |
3 |
Электрические сети /под ред. В.А. Веникова/ |
М.: Высшая школа, 1985 ж. |
ТарМУ, тех.кешені., гидрокешені. |
2 |
4 |
Поспелов Г. Электрические сети и системы. |
М.: Энергия, 1988 ж. |
ТарМУ, тех.кешені., гидрокешені. |
10 |
5 |
Электроэнергетические системы в примерах и иллюстрациях: Учебное пособие для ВУЗов/Ю.Н. Астахонов., В.А. Веников., В.В. Ешков |
М.: Энергоатомиздат, 1983 ж.
|
ТарМУ, тех.кешені., гидрокешені. |
3 |
6 |
Справочник по проектированию линий электропередачи М.Б. Вязьменский., В.Х. Имкин., К.П. Крюков |
М.: Энергия, 1980 ж. |
ТарМУ, тех.кешені., гидрокешені. |
3 |
7 |
Андреев В.А. Релейная защита и автоматика систем электроснабжения. |
М.: Высшая школа, 1991 ж. |
ТарМУ, тех.кешені., гидрокешені. |
7 |
8 |
Справочник по электроснабжению и электрооборудованию /Под ред. С.С. Рокотяна. |
М.: Энергия, 1980 ж. |
ТарМУ, тех.кешені., гидрокешені. |
5 |
9 |
Справочник по электроснабжению и электрооборудованию /Под ред. А.А. Федорова. |
М.: Энергоатомиздат, 1986 ж.
|
ТарМУ, тех.кешені., гидрокешені. |
5 |
10 |
Басс Э.И., Дорогунцев В.Г. Релейная защита электроэнергетических систем. |
изд. МЭИ, 2002 ж. |
ТарМУ, тех.кешені., гидрокешені. |
5 |
11 |
Беркович М.А., Вавин В.И. и др. Справочник по релейной защите. |
М.: Энергия, 1980 ж. |
ТарМУ, тех.кешені., гидрокешені. |
10 |
12 |
Шабад М.А. Расчет релейной защиты и автоматики распределительных сетей. |
M.: Энергоатомиздат, 1985 ж. |
ТарМУ, тех.кешені., гидрокешені. |
6 |
13 |
Справочник по проектированию электрических сетей и электрооборудования /Под ред. Барыбина Ю.Г. |
М.: Энергоатомиздат, 1991 ж. |
ТарМУ, тех.кешені., гидрокешені. |
5 |
14 |
Правила устройства электроустановок. |
М.: Энергоатомиздат, 2000 ж. |
ТарМУ, тех.кешені., гидрокешені. |
10 |
15 |
Есимбаев О.Ж. Методические указания к выполнению расчетно-графического задания по дисциплине «Электрические сети и системы». |
Тараз, 1999 ж. |
ТарМУ, тех.кешені., гидрокешені. |
6 |
Курстың мазмұны:
«Электрлік тораптар мен жүйелер» курсы электр энергиясын таратудың электроэнергетикалық тораптар мен жүйелердің технологиялық процесстері; Электрэнергетиканың даму қажеттілігі, жағдайы, электрлік тораптардың ауа желілерінің, кабельдік желілердің конструкциясы, жоғары кернеу желілерінің релелік қорғауы; диспетчерлік және технологиялық басқарудың техникалық жолдары.
Курста өткен материалдар бойынша электрлік тораптарды есептеу-графикалық жұмыстарды (ЕГЖ) орындау үшін білімгердің өзіндік жұмысы (БӨЖ) қарастырылған. ЕГЖ-ны А4 форматтағы қағазда орындау кажет. Әр білімгердің оқытушы журналындағы фамилиясы бойынша ЕГЖ-да өз варианты болады. ЕГЖ оқытушы белгілеген мерзімде шығарылуы тиіс. Қорғалмаған ЕГЖ орындалмаған деп есептеледі.
Пәнді оқытудың мақсаты:
Жоғары және төмен кернеу электр энергиясын тасымалдау және тарату, ауа және кабель электржелілерін жобалау және орнату, электрэнергетикалық жүйелер мен электр қондырғыларының релелік қорғауы мен электроавтоматика негіздерін жетік меңгерген, жоғары дәрежелі мамандарды дайындау;
Пәннің негізгі мәселері: электр энергетикалық тораптар мен желілердің құрылысын, ауа және кабель желілерінің негізгі конструкциялық элементтерін, релелік қорғау және электроавтоматика жүйелерінің құрылымы мен элементтерін оқыту.
Пәнді оқып, білу барысында білімгер осы пәннің барлық мәселелері бойынша мына ұғымдарды білуге тиіс:
Электрлік тораптар мен жүйелердің құрылысы;
Электр тасымалдайтын ауа желілерінің негізгі конструктивті элементтері;
Электр тасымалдайтын кабель желілерінің негізгі конструктивті элементтері;
Электрэнергия сапасының негізгі көрсеткіштері;
Кернеуді.
Пәнді окып, білу нәтижесінде Сіз:
әртүрлі электр станцияларында электр қуатын өндірудің технологиялық үрдістерін саралап, сипаттай білуге;
электр станциялары мен қосалқы станциялардың негізгі жабдықтарын саралап, сипаттай білуге;
электрлік жүйелер мен әр түрлі пішінді электр тораптарын саралап, құрастыра білуге;
әуелік және кабелдік желілердің негізгі конструкциялық элементтерін таңдай және қолдана білуге;
релелік қорғау мен электроавтоматиканың элементтерін саралап, нақты мақсатта қолдана білуге
тиістісіз.
Курстың негізгі компоненттеріне қойылатын талаптар:
Лекциядан кейін міндетті түрде берілген тапсырманы лекциялық конспектіде көрсетілген негізгі оқулықтан оқыңыз және осы тапсырма бойынша жұмыс бағдарламасында келтірілген бақылау сұрақтарына жауап беріңіз. Сабақ кезінде білімгерде конспектіден басқа оқытушының түсіндірмесін жазатын қалың дәптер, жеке тапсырмаларды орындауға арналған 12-беттен дәптер немесе А4 форматтағы қағаз болуы тиіс.
Тәжірибелік сабақтар кесте бойынша сайын өткізіледі. Оқылған теориялық материалдарға есептер шығарылады және өз бетінше зертханалық жұмыстар орындалады. Әр сабақтың тақырыбы жұмыс бағдарламасында көрсетілген. Әр сабаққа дайындалу үшін өткен материалдарды қайталау қажет. Тәжірибелік сабақтардағы сіздің орындаған жұмыстарыңыз аралық бағаларды қойып оқытушы бақылап отырады. Зертханалық сабақтар жұмыстарды қорғаумен аяқталады.
Зертханалық жұмыстар курсы Сізге электр станциялары мен тораптарының конструкциясын оқып, білуге мүмкіндік береді. Зертханалық жұмыстардың тақырыптары жұмыстық бағдарламада келтірілген. Әр сабаққа дайындалу барысында сабақ үстінде жұмысты жасап, қажетті есептеулерді орындап, жұмысты қорғап үлгеру үшін зертханалық жұмыстың мазмұнын толық жазып алу қажет. Зертханалық жұмысты жасап, оны қорғау баллмен бағаланады.
Лекциялық және тәжірибелік сабақтарда өткізілген материалдар бойынша үш коллоквиум өткізу жоспарланған, нәтижесінде теориялық материалдарды түсінгені және есептерді шығару қабілеті байқалады. Аттестация жазбаша түрде, немесе ауызша түрде өткізілуі тиіс.
Сабақтың барлық түріне қатысу, тақтаға шығу, ЕГЖ уақытында орындау және қорғау баллмен – белсенділік категориясында бағаланады.
Сіздің курсқа қатынасыңыз және тәртібіңіз білімгер кодексіне сай болады деп ойламаңыз. Сіз тәртіпті, оқытушыны және курстастарыңызды сыйлауыңыз қажет. Айып баллдары білімгер сабаққа дайындалмаған, жазбаша тапсырмаларды орындамаған жағдайда және емтихан кезінде көшіру кезінде салынады. Айып баллдарының саны курсты оқи бастағанда оқу үрдісінің жеке түрлері бойынша оқытушы белгілейді.
