Ұлпалық базофил (лаброцит, тучные)
Олар борпылдақ дәнекер тін ішінде 10% болады, әрі шашырап орналасады. Кейде олар топталып қан тамырларының бойына орнығады. Лаброциттердің цитоплазмасында көптеген түйіршіктер болады. Түйіршіктердің көлемі, саны, тығыздығы, құрамы әркелкі болады.
Олардың кейбіреулері азурофильді лизосомалар. Түйіршіктердің біраз бөлігінің метахромазиялық қасиеті бар. Бұл түйіршіктердің құрамына гепарин, гистамин, гиалурон қышқылы, хондротин, күкірт қышқылы А. С типті (биогенді аминдер) кіреді.
Лаброциттердің пішіні дөңгелек, сопақша тәрізді болады. Ядросы дөңгелек не сопақ болады. Цитоплазмасында органеллалар аз болады: аз дамыған Гольджи комплексі, түйіршікті эндоплазмалық тор, аздаған рибосомалар мен митохондриялар болады. Цитоплазмада көптеген ферменттер болады:липаза, қышқыл және сілтілі фосфатазалар, пероксидаза. Лаброциттер түәіршіктерінен айырылуы мүмкін. Олар полифункциональды жасушалар. Мысалы: олар дәнекер тінінің гемеостазының бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді, қанның ұяына әсер етеді. Негізгі затын жәнекапиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді, қабыну процестерін тежейді. Бұл қасиеттер бөлінетін гепаринге байланысты.
Адвентициальды жасушалар аз дифференцировкаланған. Оларды фибробластылардың, миофибробластылардың, липоциттердің бастамасы деген тұжырым бар.
Перициттер – тамырлардың эндотелиоциттерінің сыртында базальдық мембрананың екіге жарылған бөлігінде орналасады. Бұлар тамырдың көлемін өзгертуге қатысады, өйткені жасушалар ісіне алады және жүйкелік ұштары перицитте аяқталады.
Адипоциттер - май жасушалары. Олар борпылдақ дәнекер тінінде көбінесе қан тамырларының бойына орналасады, ал кейбір жерлерде, мысалы тері астында көп болады. Сондықтан бір май тінін де ажыратады. Май жасушалары дәнекер тінінің басқа жасушаларынан көлемі үлкенірек (30-50мкм), пішіні дөңгелек болып келеді. Май жасушаларының екі түрі болады, яғни май тінінің де екі түрін ажыратамыз: ақ және қоңыр.
Ақ май тіні үлкен май жасушаларынан тұрады. Бұл жасушалардың цитоплазмасы шетіне ығыстырылған, ал ортасын май тамшысы алып жатады. Сопақша пішінді ядро шетінде жатады. Сондықтан бұл жасушаларды жүзік тәрізді жасушалар деп атайды. Липидтер судан ІІІ-пен жақсы боялады. Күмісті де май тіні жақсы сіміреді, ал ол гем. Эозинмен боялмайды. Бұл жасушаларда түйіршікті эндоплазмалық тор жоқ, аз дамыған Гольджи комплексі бар.
Қоңып май ұлпасы адамдарда тек нәрестелік кезеңде ғана болады. Ол қыста ұйықтайтын жануарларда кездеседі. Қоңыр май тінінің жасушаларында үлкен май тамшылары болмайды. Май қосындылары ұсақ дисперсті болып келеді. Май тамырларының арасында гранулярлық эндоплазмалық торлар, гликоегн қосындысы, Гольджи колмплексі, көптеген митохондриялар орналасады. Қоңыр түсін темірлі пигменттер-митохондриялық цитохромдар береді.
Негізгі май жасушаларының даму көзі адвентициальды жасушалар болып табылады. Май тамырларын жұтқан гистиоциттерден де пайда болуы мүмкін.
Майдың ыдырауы процесінде көп энергия бөлініп шығады. АДФ-тің фосферленуі және эндогенді судың түзелуіне қатысады.
Пигментті жасушалардың цитоплазмасында мелонин түйіршіктері болады. Пигментті жасушалардың жиынтығын пигментті ұлпа деп атайды.
