" Астана медицина университеті " АҚ
В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Дәнекер тіннің талшықты құрылымдары мен коллагенінің бұзылыстары
Орындаған: Орынбасаров Қ.Т
205-топ.ЖМ
Тексерген:Бегларова Г.Е
Астана 2015 жыл
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Меншікті дәнекер тіннің жіктелуі
БТДТ құрылысы
Жасушаралық заты
БТДТ жасушалары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиет
Меншікті дәнекер тіннің жіктелуі
Дәнекер тіні организмнің 50% құрайды. Ол тіректік каркастың, сыртқы терінің және басқа да мүшелердің, тіндердің құрамына кіреді. Қанмен бірге дәнекер тіні ішкі ортаны түзейді.
Дәнекер тіні келесі қызметтерді атқарады:
Механикалық, тіректік, пішіндеуші. Дәнекер ұлпа ішкі мүшелердің пішінін беретін, олардың ішкі ортасын сақтайтын капсуласы мен стромасын да түзейді, оларды механикалық зақымданудан сақтайды.
Трофикалық. Дәнекер тіні организмнің ішкі ортасы болғандықтан және оның ортасымен қан тамырлары өтетіндіктен олар қоректік заттарды әкеліп, зат алмасу процесіне қатысады.
Қорғаныш. Сыртқы ортаның зиянды әсерінен және зиянды заттардың ішке енуінен тері, сірі қабықша, сүйек, шеміршек, ішкі мүшелердің капсуласын механикалық қорғаушы болып табылады. Клеткалық деңгейде бұл фагоцитоз және иммундық қорғау түрінде болады.
Пластикалық. Ол дәнекер тінінің адаптация реакциясында, жараның регенерациясы мен жазылуында алатын орнына байланысты.
Дәнекер тінінің барлық түріне тән белгілер болады:
Дәнекер тінінің жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады. Жасушааралық заттың мөлшері жасушадан басым болады.
Дәнекер тінінің регенерациялық қасиеті өте жоғары тін.
Дәнекер тінінің даму көзі – мезенхима.
Борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тінінің құрылысы.
Борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тінікөптеген мүшелердің стромасын құрайды, жүйкелер мен тамырларды қоршап тұрады. Ол трофикалық , қорғаныш, механикалық және пластикалық қызмет атқарады. Ол жасушалардан және жасушааралық заттардан тұрады.
Жасушааралық затты
Жасушааралық заттың өзі 2 компонеттен түзелген: талшықты және негізгі зат. Негізгі зат жасушалар мен талшықтардың арасында орналасқан гликозаминогликандардан, липидтерден, қан белоктарынан, минералдық заттардан тұратын қоймалжың нәрсе. Оның қоюлануы немесе сұйылуы гиалурон қышқылының полимеризациясының деңгейіне тәуелді.
Талшықтардың ішінде коллаген, эластин және ретикулярлық талшықтарды айыруға болады.
Колаген (желімді) талшықтары пішінделмеген борпылдақ талшықты дәнекер тіні де әртүрлі бағытта орналасқан иректелген, түзу кейде ширатылған жіпшелер түрінде болады.
Колаген талшығы парарелльді орналасқан фибриллалар шоғырынан құралған. Фибриллалар бір-бірімен желімдеуші зат арқылы біріккен. Әрбір фибрилланың өзі бірнеше микрофибрилладан, ал оның өзі 5-6 фибрилладан түзеледі. Протофибриллалар коллаген белогының агрегаттары, олар ұзын бойына және көлденең бір-бірімен сутекті байланыстар арқылыбірігеді.
Коллаген фибробластылардың бөліп шығаратын заты. Бұл белок жасушаның цитоплазмасында проколлаген деп аталады. Проколлаген молекуласы ширатылған 3 полипептидтер тізбегінен тұрады. Әрбір тізбек қайталанатын 3 аминоқышқылдан тұрады. Сонымен коллаген талшығының түзілуінің 4 деңгейін ажыратады:
Молекулярлық
Надмолекулярлық (молекула үсті)
Фибриллярлық
Талшықты
Коллаген талшықтарының 12 түрін білеміз. Әртүрлі мүшелерде тіндерде коллаген талшықтарының әртүрлі типтері кездеседі:
І типті коллаген талшығын терінің дәнекер тінінде, сүйекте, көздің мөлдір қабығында, артерияның қабырғасында:
ІІ типті – гиалинді фиброзды шеміршекте, шыны тәрізді денеде
ІІІ типті – базальды мембраналарда көруге болады. Бұл талшықтар аз созылады, бірақ өте берік келеді.
Ретикулярлық талшықтар ІІІ типті коллагеннен және мол көмірсулардан тұрады. Олар кейде аргирофильді деп те атайды, өйткені олар күміспен жақсы боялады. Олар жіңішке, орналасқан жерінде тор құра орнығады. Көбінесе қан жасаушы мүшелерде (ретикулярлық тіндерде) және борпылдақ дәнекер тіннің ішінде капиллярмен, жүйке және бұлшықет талшығының арасында кездеседі.
Эластикалықталшықтар дәнекер тіндерге серпімділік және созылғыштық қасиет береді. Коллаген талшығынан беріктігі нашар. Олар жіңішкелеу, эластин талшығынан құралады. Бұл талшықтардың да құрамында 4 деңгейді анықтауға болады:
Молекулярлық
Надмолекулярлық
Фибриллярлық
Талшықты
Эластин талшықтарын орсеинмен, пекринқышқылымен бояуға болады. Коллаген талшығы бұл бояулармен боялмайды, ал эластин талшығы гематоксилин-эозинмен боялмайды.
