- •1.Глоссарий
- •2.«Эксперименттік психология» пәнінің дәрістік материалдары. Тақырып: Эксперименттік психологияға кіріспе. 2сағат. Мақсаты: Эксперименттік психология туралы түсінік қалыптастыру.
- •Тақырып: Эксперименттік әдіс тарихы. 2сағат.
- •Тақырып: Эмпирикалық зерттеу жүйесіндегі бақылау әдісі. 1сағат.
- •Тақырып: Эксперимент зерттеушінің практикалық іс-әрекетінің түрі ретінде. 2сағат.
- •Тақырып: Психологиялық эксперименттегі болжам және бақылау формалары. 1сағат.
- •Тақырып: Психологиялық эксперименттің процедураса мен негізгі сипаттамасы. 1сағат.
- •Тақырып: Экспериментті жоспарлау. 2сағат.
- •Тақырып: Психологиядағы өлшеу түрлері. Өлшеу әдістері. 2сағат.
- •3. Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
- •4. Студенттердің өздік жұмысы.
- •Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
- •Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Тақырып: Экспериментті жоспарлау. 2сағат.
Мақсаты: студенттерде жоспарлау кезеңдері: экспериментті мазмұнды жоспарлау және ресми жоспарлау туралы түсінік қалыптастыру Ресми жоспарлау міндеттерімен таныстыру.
Жоспар:
1.Жоспарлау кезеңдері: экспериментті мазмұнды жоспарлау және ресми жоспарлау.
2.Ресми жоспарлау міндеттері.
3.Факторлы жоспарлар.
4.Психогенетикалық зерттеулер.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
Психологиялық экспериментке даярлық оның мақсаттарын және міндеттерін анықтаудан басталады.
Зерттеудің әр түрлі түрлері, әр түрлі күш, уақыт, жұмысты талап етеді. Сондықтан зертеу түрін анықтауда күш және ресурстарды үнемдеу принцибінен бастау керек.
Бұл принципті былай тұжырымдауға болады:
Зерттеуді өткізуге келетін математикалық, уақыттық және ақыл – ой шығынары, оның мәселелеріне, міндеттеріне, мақсаттарына шамалас болуы керек. Сонымен қатар қойылған мәселені шешуге жеткілікті болуы керек.
Психологиялық зерттеудің күрделігіне, қиындығына қарай таңдаймыз. Ең қиыны экспериментті зерттеу.
Зерттеу тақырыбын нақтылау. Зерттеу пәні мен объектісін анықтау.
Тақырыпты анықтау – осы зерттеу жауап беретін нақты сұрақтарды анықтау.
Зерттеу объектісі- осы зерттеуде зерттелетін материалдық немесе идеялық объект.
Зерттеу пәні – болжамдарда тұжырымдалып, экспериментте тексеріледі және тақырыпқа сәйкес келуі керек.
Керекті психодиагностикалық әдістемелерді іріктеу және бейімдеу және нәтижелері статистикалық өңдеуде құралған.
Экспериментті кеззеңді өткізу процедурасын, уақытын және өтетін жерін анықтау.
Жалпы жоспар және бағдарлама жасайды. Осында зерттеу кезеңінің кезектігі, уақыты және күтілген нәтижелер жазылады.
Эксперимент филотаждық немесе байқау зерттеуінен басталады. Оның міндеті эксперимент қаншалықты жақсы ойластырылған және даярланған, оның тақырыбы дұрыс алынған ба, болжам нақты тұжырымдалған ба, психологиялық әдістер дұрыс іріктенген бе, алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу құралдары мен талдау тәсілдері дұрыс талданған ба, деген сұрақтарды тексеру.
Филотаждық тексеру алдын – ала көрінбейтін кейбір маңызды қателерді ашуға көмектеседі.
Егер өткізілген филотаждық эксперимент жағымды нәтиже берсе, негізгі эксперимент өткізуге көшеміз.
Негізгі экспериментте ұсынылған болжамды дәлелдеу үшін керек алғашқы берілулер жинақталады. Оларды (алғашқы берілулер) ары қарай жүйелейміз, таблица, график, түрінде белгілеуіміз, керек жағдайда компьютерге енгізіп өңдейміз.
Егер эксперимент нәтижелері сандық сипатта емес сапалық сипатта болса, онда оларды да жүйелейді, талдайды және мағыналы өңдейді.
Эксперимент жоспарлары: эксперимент тек «кейін» жоспары түрі бойынша ұйымдастырылған.
Бұл зерттеу түрінде эксперименталды және бақылау топтары эксперименттің аяқталуында ғана бағаланады, басында бағаланбайды.
2. Эксперимент «дейін» және «кейін» жоспарлар түрі бойынша ұйымдастырылған (негізгі, ыңғайлы).
Бұл зерттеуде себептер мен салдарлар екі топта да экспериментке дейін және кейін де бағаланады. Алынған екі топ арасындағы айырмашылық экспериментке дейін болған деген болжам жоққа шығарылады.
