Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

14.2.1.5. Энтеропатогенді иерсиниялар

Энтеропатогенді иерсинияларға ішектік иерсиниоз (Үегзіпіа епіегосоііііса) және псевдотуберкулез қоздырғыштары (Үегзіпіа рзеисіоІиЬегсиІозіз) жатады. Оларды биохимиялық және антигендік қүрылымы бойынша ажыратады.

Экологиялық ерекшеліктері. Энтеропатогенді иерсиниялар сапроноздар. Қоршаған ортада өмір сүру қабілетке ие. Олар тудыратын аурулардың эпидемиологиялық ерекшеліктерін қамтамасыз ететін қасиеттері бар: қоршаған ортада сапрофитті түрде өмір сүру қабілеттігі; психрофилдігі.

Ең қолайлы өсу температурасы +22 - 29 °0. Өмір сүруін -15 - 35 °С аралығында сақтайды, +4 °С-та көбейеді. Олар суда, өсімдіктерде, топырақта өсіп - кобейе алады. Көбеюі кезіндегі стационарлық фаза көптеген айлар бойы (жарты жылға дейін) созылады, сондықтан бактериялардың өте көп көлемде жинақ- талуына әкеледі. Қоршаған ортада иерсиниялар популяциясының сақталуы тәуелсіз өмір сүретін Теігаһушепа ругійгшіз инфузория түрімен байланысты, осындай жағдайда бактериялардың фагоцитозға түрақты сүрыпталуы жүреді.

Патогенділік факторларының түзілуі және температураның реттелуі, генетикалық қадағалануы энтеропатогенді иерсиниялардың ағзаның ішкі ортасына бейімделуін қамтамасыз етеді.

14.2.1.6. Псевдотуберкулез қоздырғышы

Псевдотуберкулез - полиморфты клиникалық белгілері мен ағымы созылмалы және ағзаның аллергизациясын тудыратын жүқпалы ауру. Псевдотуберкулез қоздырғышын алғаш рет 1883 жылы Л. Маляссе және В. Виньял ашқан.

Таксономиясы.

Тщымдастыгы: ЕпІегоЬасІегіасеае.

Туыстастыгы: Үегзіпіа.

Түрі: Ү. рзеисІоШЬегсиІозіз.

Морфологиясы. Биполярлы боялатын қозгалғыш таяқшалар. 25 °С-тан жоғары емес температурада қозғалады. 37 °С-тан төмен температурада талшықтары пайда болады. Капсула түзеді. Сорпалық дақылдардан дайындалған жағындыда қысқа тізбек (2-4 жасуша) түзеді

Дақылдандыру. Қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Факультативті анаэроб. Қолайлы ө' температурасы 22 - 28 °С. Тығыз қоректік ортада 37 °С-тан төмен жағдайда 8-колониялар, ал ос температурадан жоғарылағанда - К-колониялар түзеді. Сүйық орта бетінде үлбір түзіп өседі.

Ферменттік белсенділігі. Қоздырғыштың биохимиялық белсенділігі бар. Идентификациялау үші қолданатын негізгі биохимиялық қасиеттері:

  • уреазаны түзеді;

  • рамнозаны ыдыратады;

  • сахарозаны ыдыратпайды;

  • индол түзбейді;

  • Фогес-Проскауэр реакциясы - теріс.

Түқымдастықтың ішінде биохимиялық белсенділігі біркелкі.

Антигендік қасиеті. О-антигені бойынша 10 серологиялық варианттарға бөлінеді. Жер шарынг адам мен жануарларда көбінесе ауру қоздырады: көбінесе 1-серовариант (90%), екінші орында-үшіні ' (10-30%), сосын-төртінші (8%) серовариант. Н-антигені бар, оның диагностикалық маңызы жоқ. Соныме қатар 2 вируленттік антигендерге ие - Ү және XV.

Резистенттілігі. Қоршаған ортаға түрақты: суда 1,5 айға дейін сақталады, сүтте -18 күн, сары маң 145 күн, нанда,кондитерлік тағамдарда -16-18 күн. 100°С-та микробтар 1 минут ішінде өледі. Суыққ төзімді болып келеді; -70°С-та өлмейді. Бактериялар 3-4% ас түзы бар орталарда өсе береді. Қоймалард' сақталған көкөністерде көбейіп, үзақ уақыт сақталады.

Эпидемиологиясы. Табиғатта қоздырғыштың резервуары - микробты нәжіспен бөлетін көптеген сүтқоректі жануарлар (ірі қара мал, мысықтар), қүстар, кеміргіштер (тышқандар, егеуқұйрықтар) және микробтар жинақталатын су мен топырақ. Адамға алиментарлы жолмен жүғады. Негізгі таралу факторлары - су және көкөністер. Қоймаларда сақгалып жатқан көкөністер Үегзіпіа рзеисІоШЬегсиІозіз-пен тышқандар нәжісі арқылы және тікелей топырақ пен судан ластанады. Науқас немесе тасымалдаушы адамнан ауру жүқпайды. Сау адамдардың табиғи қабылдаушылығы жоғары. Ауру барлық жерде таралған, бірен-саран және эпидемиялық күрт көбеюі байқалады. Жыл мезгіліне де байланысты, ақпан-наурыз айларында науқастанушылық деңгейі көтеріледі.

Патогенезі және клиникасы. Аурудың жасырын кезеңі - 3-10 тәулік. Ауру жергілікті және жайылмалы түрде өтеді, жедел түрде басталып, дене қызуы көтеріледі. Аяқталмаған фагоцитоз нәтижесінде мезентериалды лимфаденит дамиды. Ауру тамақтың қышуымен және жағымсыз сезіммен басталады, мойын және жақ асты лимфа түйін аймақтарының ауыруымен сипатталады. Клиникасында жиі кездесетін белгілер - іштің ауыруы, жүрек айыну, қүсу (өте аз), іштің өтуі. Клиникасы аппендицитке, гепатитке, артритке үқсас келеді. Лимфатикалық барьер бүзылғанда бактериемия дамиды - қоздырғыш бүкіл ағзаға таралып бауырдың, көкбауырдың, өкпенің, буындардың макрофагтарын зақымдап микроабсцестер мен гранулемалар тудырады. Ағзаның аллергизациялануы жүреді. Аурудың 1- 6 тәулігінде теріде розеолалы бөртпелер (скарлатинаға үқсас) шығады. Өлім жағдайы да болуы мүмкін.

Иммунитеті. Түрақты емес, стерилсіз. Антиденелердің протективті белсенділігі жоқ. Ағзада гиперсезімталдықтың баяу типі дамиды.

Микробиологиялық диагноз қою үшін бактериологиялық және серологиялық әдістер қолданады. Бактериологиялыц әдіс жүргізу үшін зерттеуге нәжіс, қан, өт, буын және бронх сүйықтығы алынады. Осы материалдарды фосфатты буферге салады және 21 тәулік бойы 4°С температурада байытады, одан әр дайын тығыз орталарға (Эндо, Серов) сеуіп отырады.

Серологиялыц зерттеулер 2-ші аптада және 3-5-ші апталарында ГАТР мен ИФТ қою арқылы жүргізіледі.

Емдеуі. Емі - этиотроптық (антибиотиктермен емдеу - тетрациклин қатары, хлорамфеникол) және патогенетикал ы қ.

Алдын алуы. Арнайы алдын алуы қарастырылмаған. Бейспецификалық шаралары жүргізіледі: тамақтану орындарында, азық-түлік қамбаларында, тағамдар өндірісінде гигиеналық ережелерді сақгау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]