Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

14.1.2.1.2. Гонококтар

Гонорея (соз) - Меіззегіа §опоггһоеае туғызатын жедел немесе созылмалы жыныстық (венерологиялық) жүқпалы ауру, несеп-жыныс жүйесінің шырышты қабығының, көз конъюнктивасының (бленнорея), басқа ағзалардың ірінді қабы-нуымен сипатгалады. Соз қоздырғышын (гонококк) 1879 жылы А.Нейссер ашты.

Таксономиясы. Туқымдастыгы: Ыеіззегіасеае.

Туыстастыгы: Ыеіззегіа.

Түрі: Иеіззегіа §опоггһоеае.

Морфологиясы. Гонококк - бұршақ тәрізді грам теріс диплококк, қозғал-майды, спора түзбе4 пилиі, микрокапсуласы бар. А.нилин парьтен жак,съ\ үдатч, •жаслллы."

т.б.).

Ірінді бөліндіде гонококтар лейкоциттердің ішінде орналасады (аяқталмаған фагоцитоз). Пеницилл әсерінен Ь-пішіндері пайда болуы, химиотерапиялық препараттардың әсерінен қасиеттерін жылд өзгертіп, грам оңға айналуы мүмкін.

Дақылдандыру. Гонококгар аэроб, хемоорганотрофтар; қүрамында сарысу, қан немесе асцитгі с^ бар арнайы қоректік орталарда, 37°С температурада, көмірқышқыл газының молшері жоғары болғ түссіз, колониялар түзіп өседі. Қанды агарда гемолиз бермейді, қүрамында сүт, желатин және ка_ қосылған қоректік ортада өспейді. Тығыз ортада колониялары түссіз шық тамшысына үқсас келеді. Сүй қоректік орта бетінде нәзік қабықша пайда болады, сорпаны лайландырады.

Ферменттік белсенділігі төмен.

Антигендік қасиеті және патогенділік факторлары. Антигендік қүрылымы күрделі, соматикал және капсулалық антигендері бар. ЛПС күшті иммуногенділік көрсетеді. Негізгі антигендік жүк пилил мен сыртқы мембрананың беткей ақуыздарында болады. Пилилер ақуыздық суббірліктердің тізбегіне қанттардың қалдықтарынан және фосфорлық қышқылдан түрады. Сыртқы мембрана протеиндерде түрады.

Резистенттілігі. Гонококк кептіруге, дезинфекциялық заттарға, температураға жоғар сезімталдығымен ерекшеленеді; бензилпенициллинге, әритромицинге, тетрациклинге, доксициклинге^ цефалоспориндерге, бисептолға сезімтал.

Эпиде.миологиясы, «Гонорея» терминін жаңа дәуірдің II ғасырында Талон үсынды. Гонокоц антропонозды инфекция. Табиғи және тәжірибелік жағдайда гонококтарға бір де бір жануар сезімта емес. Қоздырғыштың негізгі таралу жолы - жыныстық қатынас. Бленнорея кезінде қоздырғыш (гонококк) ананың туу жолы арқылы нәрестеге жүғады. Сирек жағдайда түрмыстық заттар арқылы таралуы мүмкін.

Патогенезі, клиникалық белгілері. Гонококтар ағзаға ене отырып, зәр жолының әпителиіне және жыныс жолдарының шырышты қабығына жабысып жасуша ішіне өтеді. Шырышты қабаттарда көбейіп, жасушалары бүзылғаннан кейін эндотоксин бөлінеді, лейкоциттердің көптеп көшуімен белгіленетін қабыну процестерін тудырады (14.6.-кесте). Гонококтар лейкоциттермен қоршалады, олардың ішінде қарқынды түрде көбейеді (аяқталмаған фагоцитоз), сонымен бірге көршілес ағзаларға кошіп, зақымдай бастайды («метод троянского коня»), Эпителиден гонококтар субэпителилік тіндерге енеді, олардың эйелдердің жыныстық ағзасының шырышты қабығы арқылы жылжып отыруына сперматозоидттар да көмектеседі. Организмнің қарсыласуы төмен болған жағдайда, генерализациялық түрге ауысады, яғни бактериемия, буындардың қуыстарына, перикардтарға, ми қабына дейін тарауы мүмкін. Дұрыс емделмеген жағдайда жедел процесс созылмалыға ауысуы мүмкін.

Анасының туу жолдарындағы қоздырғыш нәрестенің көз конъюнктивасына жабысып, нәресте бленнорея ауруымен туылады. Бленнореяны емдемегенде соқырлық туындайды.

Жасырын кезеңі 2-4 күн. Содан кейін зәр шығаратын жолдардан іріңнің ағуымен және зәр шығару кезінде ауырсынумен сипатталады. Ауру симптомсыз созылмалы формаға ауысуға бейім. Емделмеген жағдайда ер адамдарда және әйелдерде бедеулікке әкеледі.

Иммунитеті. Ауырып жазылғаннан кейін түрақсыз иммунитет қалыптасады, сондықтан қайта ауыру мүмкүншілігі жоғары.

Микробиологиялық диагноз қою. Жедел созға және бленнореяға диагноз қоюдың негізгі әдісі - ірінді бөліндінің жағындысын Грам бойынша, метилен көгінің 1% ерітіндісімен және эозиннің 1% спиртгі ерітіндісімен бояп, бактериоскопиялық зерттеу. Нәтижесі теріс болса бактериологиялық әдісті қолдана

Бактериологиялыц әдіс: зертгеу материалын (ірінді бөлінділер) қүрамында сарысу, қан немесе асіі сұйық бар арнайы қоректік орталарға себеді; асцитсіз орта да қолданылады (мысалы, казеині, ашытқылы

лизат, сарысуы бар КДС-1); өсу оптимумы-ауада 10-20% көмірқышқыл газының болуы, рН 7,2-7,4 не 37°С температура.

Серологиялыц әдіс: науқастың қан сарысуымен қойылған КБР (Борде-Жангу реакциясы) немесе

АР.

Жеделдетілген әдіс: Молекулярлы-генетикалық әдіс - ДНҚ зонд арқылы тест, ПТР, ИФР.

Кесте 14.6.

Гонококтық инфекцнялардың орналасуы және түрлері

Зәр шығару жыныс жолдарының төменгі бөлігінің инфекциясы

цервицит,

уретрит (ер және әйелдерде)

қынап маңайында орналасқан бездердің абсцестері

Зәр шыгару жыныс жолдарының жоғаргы бөлігінің инфекциясы

эндометрит эпидидимит

жамбас астауы ағзаларының қабыну аурулары

Басқа агзалар мен тіндердің инфекциялары

проктит (ректалды гонорея)

фарингит

бленнорея

жамбас астауыперитониті

фарингеалды гонорея

Диссеминацияланган гонококтық инфекция

дерматит-артрит-тендосиновиит синдромы сепсистік моноартикулярлы артрит

сирек кездесетін зақымданулар (эндокардит, менингит)

Емдеуі. Антибиотиктер (цефалоспориндер, фторхинолондар, макролидтер, спектиномицин) мен иопрепараттар қолданылады. Иммунды терапия мақсатында созылмалы соз кезінде олі гонококктық наны енгізеді.

Алдын алуы. Арнайы сақтандыруы жоқ. Негізгі сақтандыру әдісі жыныстық қатынас кезінде рватив пайдалану. Созбен күресу шаралары инфекция козі болып табылатын адамдарды табу және

еу.

Бленнореяның алдын алу үшін туылған сәтте нәрестелердің козін 1% күміс нитраты немесе биотиктер ерітіндісін тамызып өңдеу әдісін жүргізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]