Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать
  1. Анатоксиндер (токсоидтар)

Молекулалық вакциналардыңтүріне күл, сіреспе, ботулизм, газды гангренаның қоздырушыларының анатоксиндері жатады. Анатоксин алудың принципіне негізінде токсинді 0,4 пайызды формалин ерітіндісімен 37 градус жылылықга 3-4 жүма өңцеген кезде токсин улығын жоғалтып антигендік және имуногендік қасиетін сақтап қалуы жатады. Алынған анатоксинді тазартып оған адъювант қосады. Анатоксиннің өлшемі спецификалық антитоксинмен байланыстырушы (ЕС), немесе флокуляцилайтын бірлік көрсеткішпен (ЬГ) есептеледі. Анатоксин өте тиімді вакциналар түріне жатады. Мысалы, күлге, сіреспеге қарсы анатоксинді егу арқылы осындай аурулар саны күрт төмендеп эпидемия пайда қаупі жойылған. Тазартылған анатоксин тері астына, не бүлшық ет ішіне егіледі.

  1. Синтетикалық вакциналар

Антигендердің молекулалары, не олардың эпитоптары өте төмен дәрежелі иммуногендер. Оның себебі әржақты. Сондықтан олардың иммуногендік дәрежесін жоғарылату үшін, оларға иммунгендік көрсеткіші зор ірі молекулалы заттарды (полимерлер) жалғастырады. Ондай заттардың адъюванттық қасиеттері де болуы мүмкін.Сонымен синтетикалық вакцина антиген (не эпитоп)+ полимер+адъювант қосындысынан түрады. Синтетикалық вакцинаны жасау процесі өте күрделі, дегенмен бірталай елдерде болашағы мол белсенді жүмыс жүргізілуде.

13.2.2.6. Адъюванттар

Жоғарыда айтылғандай вакциналардың иммуногендік дәрежесін көтермелеу үшін адъюванттар қолданылады (лат. аdjuvant - көмекші). Адъювант ретінде минералдық сорбенттер, полимерлі заттар, күрделі химиялық қосындылар (ЛПС, мурамилпептид); бактериялар мен оның компопенттірі (мысалы Фрейнд адъювантына қосатын БЦЖ -ның сорындысы); қабыну тудыратын заттар (сапонин, скипидар) қолданылады. Жоғарыда айтылғанға сәйкес адъюванттардың барлық түрі организмге бөгде заттар болып келіп, әртүрлі тектен және қүрамнан түрады, ал ұқсастығына қарай -олардың барлық түрі антигенің иммуногендігін күшейтеді. Адъюванттардың әсер ету механизімі өте күрделі. Олар антигенге де ағзаға да әсерін тигізеді. Антигенің молекуласын ұлғайтып, ерітілетін антигендерді корпускулярлыққа айландырады. Соның нәтижесінде олардың фагоциттермен оңделуі және басқа иммунды жауапты жасушалармен өзара қатынасқа түсуі жеңілдейді. Сонымен қатар, антигендер организмге енген жерінде фибринозды капсуласы бар қабыну тудырып, антиген көп уақытқа дейін сақталып, антигендік тітркендірудің уақытын ұзартады. Сондықтан, адъювант қосылған вакциналарды «деполанған» («сақталған») деп атайды. Адъювантгар иммунитеттің Т-, В-, А -жүйелерін тікелей демейді және де организмнің қорғаныс ақуыздарының түзілуін үдетеді. Адъювант антигендердің иммуногендік қасиетінің дәрежесін бірнеше сатыға көтереді.

13.2.2.7. Ассоциаланган вакциналар

Вакцина егуді және егу санын қысқаріу үшін арнайы ассоцияланған (құрамаланған) вакцина түрі ойлап табылған, яғни бір препараттың ішіне түрлі текті антигендер кіріп, бірнеше ауру түріне қарсы иммунизациялауға болады. Вакцинаның ондай түрін құру ғылыми түрде дәлелденген, өйткені иммундық

___________________________________________________________________________________264

жүйе бір мезгілде бірнеше антиген түріне жауап бере алады. Ассоциациялық вакцина жасау жолындағы шешілетін ең басты мәселе, ол вакцинаға кірген антигендердің бірімен бірі қарсыластыққа түспеуі және жанама көрніс тудырмауы. Ассоциалық вакцинаның ішінде тірі және бейбелсендірілген препаратар бірге болуы мүмкін. Егер препараттың ішіне бір текті антигендер кірсе оны поливакцина деп атайды. Мысал ретінде полиомиелитке қарсы қолданылатын вакцинаны айтуға болады (қоздырғыштың үш түрінің антигені кіреді).

Егерде ассоциаланған вакцинаның ішіне түрлі текті антигендер кірсе онда оны комбинациялангая вакцина деп атаған дүрыстау болады. Мысалы, АКДС (адсорбталған көкжөтел-күл-сіреспе вакцинасы). Ол вакцина бейбелсендірілген корпускулярлық көкжөтел вакцинасынан, күл және сіреспе анатоксидерінен түрады. Комбинацияланған вакцина күрделі эпидемиологиялық жағдайда қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]