Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

12.6.4. Иммундыблоттинг

Иммундыблотгинг (ИБ)- электрофорез, ИФТ, не болмаса РИТ- пен бірлестірілген, жоғары деңгейдегі сезімталдығы бар тәсіл. Антигенді полиакриламидтың қоймалжыңында электрофорез арқылы жекелендіреді, содан кейін антигенді қоймалжыңнан арнаулы өңделген кағазға, не нитроцеллюлозді мембранаға ауыстырады да (ағылшын- blot - дақ) ИФТ, не РИТ арқылы бақылайды. «Дағы» бар қағаздың тілкемін бірнеше фирмалар шығарады. Сол тілкемге аурудан алынған сарсуды сіңдіреді. Белгілі уақыт өткенен кейін байланыспаған антиденелерді жуып-шайып, қағазды ферметнтпен, немесе радионуклидпен таңбаланған адам иммундыглобулиндеріне қарсы сарысумен өңдейді. Қүрылған антиген+аурудың антиденелері+адам иммундыглобулинденріне қарсы антиденелер комплексіне ферменттің әсерінен қосындының түсін өзгертетін хромоген қосады, немесе радионуклидтің қалдығын санағышпен есептейді (30-сызбанүсқа).

ИБ -диагностикалық тәсіл ретінде АИВ-инфекциясында колданылады.______________________________________________________________________________________260

13 Тарау.

ИММУВДЫҚ ӘДІСПЕН ЕМДЕУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ 13.1 Иммунды әдіспен алдын алу және емдеудің медицнна тәжірибесіндегі мәні мен орыны

Иммунды профилактика мен иммунды емдеу жұқпалы және жұқпайтын аурулардың өзіндік профилактикасын, емдеуің және дигноз қойуын зерттеп олардың жаңа тәсілдерін ұсынатын иммунологияның бөлімі болып саналады. Айтылған мақсатгарға жету үшін иммундық жүйеге әсер ететін, не иммунологиялық принциптерді негіздеп іс атқаратын иммунобиологиялық препараттар қолданылады.

Иммундық профилактика сезімтал организмде аурудың қоздырғыштарына немесе антигендеріне, немесе басқа да патогендерге қарсы белсенді, немесе енжарлы иммунитет тудыру арқылы олардың алдын алып, жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеттігін арттыруға бағытталған.

Иммунды емдеу иммунды процестер бұзылғанда пайда болған ауруларды емдеп денсаулықты қалпына келтіруге негізделген.

Иммунды профилактика мен иммунды емдеу томенгідей жағдайларда қолданылады:

а) спецификалық иммунитет құру үшін, не иммундық жүйе жұмысының денгейін көтермелеу үшін;'

б) иммундық жүйенің кейбір бөлімдерінің жұмысын тежеу үшін;

в) иммундық жүйенің жұмысы бұзылғанда оны қалыпна келтіру үшін.

Иммунды профилактика мен иммунды емдеу медицина тәжірибесінде кең қолданылады: жұқпалы аурудың алдын алу, не емдеу үшін, аллергиялық, иммунопатологиялық жағдайларда, онкология саласында, трансплантациологияда, иммундытапшылықтарда т.б. Мысалы, кейбір жағдайда иммунды профилактика, не иммунды емдеу тек қана жалғыз тесіл болып шығуы мүмкін (қызылша, полиомиелит).

Токсинемиялық ауруларды (ботулизм,сіреспе) емдегене нәтижелі емнің түрі антитоксикалық қаи сарысуын, немесе иммундыглобулиндерді қолдану болып табылады.

Онкологиялық ауруларды емдегенде иммундыцитокиндерді қолданудың болшағы өте зор.

Иммунды алдын алудың, имунды емдеудің негізі-иммундық жүйеге әсер ету. Ол әсер белсендіжәне енжарлы, спецификалық, не бейспецификалық болуы мүмкін. Иммунды алдын алуда, иммунды емдеуде иммундық жүйеге реттеп әсер ету үшін иммундыбиологиялық препараттар (ИБП) деп аталатын заттар тобы зерттеліп, жасалып шығарылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]