Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

7.4.2. Макроорганизмнің реактивтілігіне биологиялық және қоршаган ортаның әлеуметтік факторларының әсері

Инфекциялық процестің дамуы және аяқталуы көбінесе қоршаған ортаның жағдайымен байланысты, сол ортада қабылдаушы макроорганизм мен микробтың өзара әсерлесуі болады. Инфекциялардың берілу механизмінің күшеюінде және эпидемиялық процестің дамуында қоршаған орта маңызды рөл атқарады.

Әр түрлі физикалық, химиялық және биологиялық факторлар тек микробтарға ғана емес, макроорганизмге де қолайсыз әсер етеді. Л.Пастердің классикалық жұмысы табиғи түрлік туабіткен иммунитеттің өзі де абсолютті емес екенін көрсетгі. Табиғи жағдайда күйдіргі ауруына қабылдамаушылығы күшті тауықтардың аяқтарын суық суға салып қойып тәжірибе жасағанда, олардың күйдіргі ауруын қабылдаушылық қасиеті жойылған. Қазіргі кезде осындай құбылысты дене қызуын басатын препараттарды пайдаланып қол жеткізуге болады. Суыққа шалдыққандағы сияқты ыстыққа шалдыққанда да макроорганизмнің биохимиялық процестері бұзылады, ол өз кезегінде микробтарға қарсы төзімділігінің төмендеуіне әсерін ТИГІзеді. Макроорганизмнің қарсы тұру қабылеттілігіне температураның әсері көбінесе фагоцитоздың және де жалпы иммундық жүйе белсенділігінің төмендеуімен байланысты. Қоршаған органың температурасы мен ылғалдылығының маңызды рөл атқаратынын, тыныс алу жолдарының әртүрлі инфекциялармен науқастанушылықтың маусымды көтерілуі көрсетеді. Күз-қыс маусымдары кезшде байқалатын төменгі температура мен салыстырмалы жоғарғы ылғалдылық макроорганизмнің реакгивтілігіне қолайсыз әсер етеді, себебі мұрын-жұтқь.ншақ тіндерінің тосқауьшдаушы-фиксациялаушы

_____________________________________________________________________________165

функциясы төмендейді де жоғарғы тыныс жолдарының ауру қоздырғыштарын қабылдаушылығы жоғарылайды.

Температура мен ылғалдылықтан басқа ультракүлгін сәуле, иондағыш радиация т.б. табиғи факторлардың әсер етуі тиісті рөл атқарады. Макроорганизмге күн сәулесінің әсер етуі оның толқын ұзындығымен, интенсивтілігімен және әсерінің ұзақтығымен байланысты. Күн сәулесі макроорганизмге қолайлы әсер етеді және жеткілікті дәрежеде инфекцияларға төзімділігін күшейтеді. Дегенмен де үзақ уақыт және интенсивті сәулемен әсер ету макроорганизмнің патогенді микробтарға төзімділігінің төмендеуіне әкеледі. Организмнің қарсы түру қабьшеттілігінің бүзылуында иондаушы радиацияның маңызы күшті. Рентген сәуленің азғантай дозасы әр түрлі ауруларға жануарлардың резистенттілігін күшейтеді, ал жоғарғы дозалары қалыпты микрофлораның белсенділігін арттырып, бактеремия мен септицемия дамыта отырып, резистенттілігін төмендетеді. Бүл кезде шырышты қабаттардың өткізгіштігі бұзылады, олардың тосқауылдық-фиксациялаушы қабылеттілігі төмендейді, фагоциттердің функционалдық белсенділігі және қанның қорғаныс қызметі азаяды. Иммундық жүйе жасушаларымен қамтамасыз ететін сүйек кемігінің қан қүраушы қызметінде терең өзгерістер туғызатын ионды сәулелердің үдемелі дозалары адамдар үшін аса қауіпті болып табылады.

Күннің от шашуы күшейген кезде кейбір адамдарда жүйке қозуы артады, созылмалы аурулардың ағымы асқынады т.б. Бұндай кезде әкологиялық жүйедегі микроб-зардаптанушы өзара қатынасының да интенсивтілігі күшейеді. Эпидемиялық апаттардың биокосмостық табиғаты туралы ілімді жасаған А.ЛЛижевский және С.Т.Вельховер осындай сындарлы кезеңде жүқпалы аурулар қоздырғыштарының патогенділігі, олардың белсенділігінің жоғарьшау жағына қарай өзгеретінін тапқан (Чижевский-Вельховер эффектісі). Керісінше, магнитосфераның пертрубациясы және күн сәулесінің интенсивтілігінің күшеюінің әсерінен макроорганизмнің қорғаныс күштері әлсірейді. Магнитті-электрлі күштер тірі организмдердің молекулалық компоненттерінің, соның ішінде микробзардаптанушы жүйелердегі өзара әсерлесуді қамтамасыз ететін молекулалардың конформациясына тікелей әсер етеді деп болжауға болады.

Адам организміне сыртқы орта факторларының әсері туралы айтқанда, ең алдымен иммунды- тапшылық даму нәтижесінде макроорганизм реактивтілігініңтөмендеуіне себепкер болатын антибиотиктер мен иммундыдепрессанттарды, антиметаболиттер мен цитостатиктерді қабылдау, емдеу мақсатында сәулелерді қолдану, ядролық қаруларды жиі сынақтан өткізу, пестицидтерді қолдану т.б. сияқгы әлеуметтік антропогендік факторлардың аса зор әсер ететінін есте сақтаған абзал. Алдын-алу мақсатында егу жүргізу де инфекциялық процестің барысына және дамуына едәуір әсер етеді. Вакцина егу жүре пайда болатын жасанды белсенді иммунитет қалыптастырумен қатар, жоғарғы вирулентті жабайы штамдарды вакциналық вирулентсіз штамдардың ығыстыруынан, вируленттілік вакуумы пайда болуына әкеледі. Микробтар мен макроорганизм арасындағы тепе-теңдіктің осындай бүзылуы, бүрын белгісіз патогендердің популяцияға еніп кетуі есебінен бүзылған баланс қалпына келеді.

Антропогендік факторлардың әсерін тексеру үшін А.А.Воробьев жетекшілігімен жүргізілген зертгеулер, химиялық мекемелер жүмыскерлерінде және соған жақын жердегі түрғындардың арасында негізгі иммунитет көрсеткіштерінің жаппай төмендегенін көрсетті. Адам организміне сыртқы ортаның антропогендік әсер етуінің тағы бір мысалы ретінде Арал аймағының экологиялық зардапқа шалдығуын алуға болады, ол жердің тұрғындарының 80%-да иммундық жүйесінің әр түрлі күрделі бүзылыстары бар екені анықталған.

Әдетте экологиялық факторлар адамдардың табиғи резервуармен немесе инфекция иесімен жанасуды күшейту арқылы жүқпалы аурулардың пайда болуын жылдамдатады. Белгілі аумақта түратын және өндірістің белгілі бір түрімен шүғылданатын адамдардың арасында жүқпалы аурулар таралуында әлеу- меттік-тұрмыстық жағдайлардың маңызы бар. Мысалы, кәсіби ерекшеліктеріне байланысты, жұмысы малмен байланысты ауылдық жердің тұрғындары зоонозды инфекциялармен (сауыншылар, ветеринарлар, аңшылар, ет комбинатының жұмыскерлері т.б.) жиірек ауырады. Өндірістік факторлардың рөлін бірқатар жұқпалы аурулардың бейнелеу аттарынан көруге болады.-күйдіргі - «қоқыс жинаушылар ауруы», туберкулез - «пролетариат ауруы» немесе «ішке ағылған кедейшілік көз жасы», іш сүзегі - «коммуналшьшар ауруы» ж.т.б._____________________________________________________________________________166

Жұқпалы аурулардың таралуында өмірдің тұрмыстық-материалдық жағдайы, қоғамның даму деі оның санитариялық мәдениеті, діни және ұлттық дәстүрлер, қоғамдағы саяси және экономик жағдайлар т.б. маңызды рөл атқарады. Мысалы, дамып келе жатқан тропикалық елдердің бірқатар жаңа туылған нәрестенің кіндіғін кескенде оны өңдеу үшін қи, топырақ, батпақ, құстың нәжісін, әр • субстраттардан және өнімдерден, азық-түліктерден дайындалған ұнтақтарды жағу дәстүрі Аталғандардың қүрамында көбінесе С.tetаnі-дің споралары болатындықган нәрестелерде сіреспе ауруі дамуына жағдай жасалады. Въетнамда оба ауруының фаринғеальді түрі кездеседі, ол бойы а въетнамдықгардың арасында бір-бірінің шашыңдағы, оба қоздырғышын тасымалдаушы болып табыл бүргелерді тісімен жинап, жаншып тастайтын дәстүрге байланысты. Бірқатар елдерде ұлтгық және дәстүрлерге байланысты кейбір тағамдық өнімдерді пайдалануға шектеу қойылған, ол онсыз да құ тағамдық рационның нашарлануына әкеліп, макроорганизмнің жағдайына қолайсыз әсер етеді. Ґл ерекшеліктері мен дәстүрлеріне байланысты ботулизм ауруының жұғу көздері әр жерде әр түрлі: АҚШ - өсімдіктерден дайындалған консервілер, Еуропа елдерінде - ет консервілері, Ресейде - балық : балықтан дайындалған консервілер.

Әлеуметтік жағдайлар арқылы табиғи факторлардың жүқпалы аурулардың таралуына әсер алатыны туралы мысал ретінде кенелі энцефалитпен науқастанушылықтың көктем-жаз кезін маусымдық көтерілуін келтіруге болады. Бұл кездегі қоршаған ортаньщ қолайлы температурасы ке энцефалит вирусының резервуары әрі жұқтырушысы болып табылатын кенелердің белсенду арттырады. Климат жағдайы өзгергенде адамдар маусымдық жұмыспен айналысады, яғни саңырауқүлақгар, жеміс-жидектер, шоп т.б. жинайды, аңшылық және балық аулаумен шұғылданадь өз кезегінде кенелермен жанасу мүмкіндігін арттырады да вирустыңтрансмиссивті механизммен бері күшейтіп, кенелі энцефалитпен науқастанушылықты көбейтеді. Жаңа оқу жылы басталғаннан к оқушылар арасында ауалы-тамшылы инфекциялармен науқастанушылықтың өсуі, әлеуме факторлардың әсер етуінің басқа мысалы ретінде келтіруге болады. Мектептердегі сабақ басталу бал, ұжымының жаңаруына және араласуына, иммунсыз балалардың көбеюіне, жабық ғимаратгарда көпт адамдардың шоғырлануына әкеледі және микробтар сырттан енгенде инфекцияның ауалы-тамші механизммен берілуін күшейтеді.

Жүқпалы аурулардың жаңадан пайда болуына және бұрынғылардың күшеюіне өнд технологиялысының өзгеруі (әсіресе тағамдық өнімдердің); ауылшаруашылық және үй жануарларын ө технологиясы; халықаралық туризмнің және сауда-сатты қтың дамуы; адамдардың мінез-құлқының өзг т.б. сияқты әлеуметтік факторлар әсер етеді.

Индустриальды дамыған елдерде ересек тұрғындардың шамамен 50%-ы Энштейн-Барр вирусы алғашқы рет балалык немесе жасөспірімдік шағында инфицирленеді. Бұл вирусқа қарсы антиденеле{ көтерілу шыңы - балаларда, екінші шыңы - жасөспірімдерде байқалады, ол олардың әлеуметтік » жыныстық белсенділігінің артуымен байланысты. Жұқпалы мононуклеоздың максимальды жиі қыздарда 14-16 жаста, ал ер балаларда 16-18 жастатіркеледі, жасөспірімдікжас кезеңінің соңында көпші серо-оң нәтижелі болады.

Жұқпалы аурулардың бірінші кезекте әлеуметтік аурулар (қоғамның әлеуметтік мәселесі) еке есте сақгау керек. Мұңдай аурулардың көбеюі қоғамдағы әкономикалық қолайсыздықты, о» экономикасының дамуы әлсіз екенін көрсетеді. Туберкулез және алапес, трахома және мерез, протозош инвазиялар және ішек инфекциялары классикалық әлеуметтік аурулар болып табылады. Саяси және экономикалық түрақсыздық кезінде, оған табиғи катаклизм қосылғанда әлеуметтік факторлардың әс өте ерекше бйқалады. Ґлттық зардап шегу, соғыс қимылдары адамдарды едәуір өлімге әкеледі, табі және экономикалық ресурстары жойылады, өмірлеріне қауіп төнуіне байланысты түрғындард бақылаусыз миграциясы басталады, материалдық және санитариялық-тұрмыстық жағдайла нашарлайды. Осының барлығы тиімді емдеу-профилактикалық шараларды уақтылы жүргізуге кеде жасайды, өйткені медициналық міндеттермен қатар көптеген басқа маңызды экономикалық мәселеле шешуге тура келеді. Егер де қоғам үшін әрбір адамның өмірі ең басты рухани және материалдық құндыл болып табылғанда ғана жағдай түпкілікті өзгере алады.__________________________________________________________________________________167

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]