Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

11.4.3. Аллергиялық аурулар

Ағза антигенмен бірінші кездескенде антидене және сенсибилизацияланған лимфоциттердің қүрылуымен жауап қайтарады. Антиген сол ағзаға кайталап еңгенде сол антиденелер және сенсибилизацияланған лимфоциттермен байланысқа түседі. Реакция антигеннен арылуға бағытталған, бірақ кейбір кезде реакция патологиялықжағдайға соқгырады. Иммуңды жауап калыпты деңгейден асқанда патологиялық процесс туады. Түлға антигенге көтеріңкі жауап берген кезде аллергия көрнісі пайда болады.

Аллергия төрт түрге бөлінеді. Клиникалық тәжрибеде ол өте маңызды. Күнделікті жағдайда аллергияның жекеленген түрі сирек кездеседі. Әдетте аралас, немесе бір түрі екіншіге айналатын жағдайлары жиі, кездеседі.

11.4.3.1. І-типтес реакциялар (анафилактикалық)

Анафилаксия пайда болу үшін спецификалық цитофилді антиденелер§Е) мен жасушалар қажет. Оның көрнісіне сәйкес жергілікті (тері, шырышты қабық) және жүйелік (анафилактикалы шок) реакциялары бар. Жергілікті түрдің клиникалық сырқаттарынауртикарлық бөртпе, вазомоторлық тымау, бронхиалдық демікпе, не ішек жүмысының бүзылулары жатады. Базофилдер мен тін базофилдерінің аллергияның осы түріне белсенді қатынасы бар болғандықтан, және де олар ағзаның барлық бөлімінде кездесетіндіктен анафилактикалы реакция барлық органдарда өтуі мүмкін (16-сызбанұсқа). Адам организмінің бронхалары мен артериолалары анафилаксияның органдары деп атайды. І§Е қоздыратын адамның анафилактикалы реакциялар түріне бронхиалдық демікпенің ұстауы, шөп безгегі, қышыма, сона, не ара шағуы жатады. Табиғи шығу тегі әртүрлі заттар анафилаксия қоздыруға себепкер болады (11.3.- кесте)

Кесте 11.3.

Анафилаксия тудыру қабілеті бар заттардың мысалдары

Ксеногенді сарысулар

Антилимфоцитарлық сарысу Сіреспеге карсы сарысу Күлге карсы сарысу Ақуыздан түратын басқа препараттар

Өсімдік

Табиғи улар

Араның уы Сонаның уы Жыланның уы

Емдеу препараттары

Антибиотиктер (пенициллин) Салицилаттар Ақуызды гормондар Вакциналар (қызылшалық, тымаулқ)

_____________________________________________________________________________________249

11.4.3.2. Іі-ші типтес реакциялар (гуморалды цитотоксикалық)

П-типтес аллергиялық реакциялар антиденелердің жасушаның беткейлік антигендерімен немесе суша беткейіне екіншілік ретте жабысқан антигендермен тікелей байланысуына негізделген (17- ібанұсқа). Шешуші рөлді комплементті белсендіретін І§01-3, І§М антиделері атқарады. 11-ші типті ергияға дәріге қарсы аллергияны жатқызуға болады. Өйткені дәрі антигендері қан түйіршіктерінің "іне орналасады. Соның әсерінен гемолитикалық анемия, лейкоцитопения, тромбоцитопения, ■нулоцитопения аурулары дамиды. Басқа тұлғаның эритроцитетеріне қарсы бағытталған реакцияны иммунды, меншікті эритроциттерге бағытталғанды аутоиммунды реакция деп атайды. Әрбір адамның сарысуында, қан ұйыту жүйесінің қүрамында жоқ антиг«нге қарсы жоғары концентрциядағы иденелер бар. Сәйкес емес қан құйылғанда сол антиденелер цитотоксикалық реакция туғызып ;итроциттерді ерітеді. Қайталап жүкті болған кезде резус оң нәрәстеге резус теріс ананың қанында ятирезустік І§0 қүрьшады. Ол антидене плацентадан оту мүмкіншілігі боғандықтан нәрестенің эритро- , лтеріне цитотоксикалық әсер етіп оларды жояды. Бүл көрніс нәрестеде гемолитикалық аурудың дамуына 'келей себепкер болады. Аутоиммунды гемолитикалық анемияда меншікті эритроциттерге қарсы ^рылған антиденелер комплементтің көмегімен эритроциттерді ерітеді. Кейбір дәрі түрлері эритро- птерге қонуға ықшам түрып, соларға қонғанкезде иммуноген ретінде гемолитикалық анемия туғызады. Айтылған әсері бар препараттарға хинин, пенициллин, цефалоспорин, сулфаниламқдтер т.б. жатады. Аталған механизіммен қанның басқа элементтері де цитотоксикалық көрніске душар болады (агранулоцитоз, тромбоцитопения).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]