Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

11.2.7. Қатерлі ісіктерге қарсы иммунитет

Адам агзасының құрылысы өте күрделі. Онда организмнің тұрақтылығын сақтауға бағытталған процестермен қатар керісінше организмнің қартайуына, не биологиялық қателіктер себебінен азып - тозушылық көрністері де байқалып түрады. Атап айтқанда мутанттық және қатерлі ісік жасушалары пайда болады.

Мутантты жасушалар - химиялық, физикалық, биологиялық канцерогендердің жеңіл зақымдауынан кейін пайда болады. Биологиялық канцерогендерге облигатгы паразиттер, әсіресе вирустар жатады. Мутантты жасушалардың гистосәйкестік антигендері өзгереді. Сондықан, олар иммунитетгің' бақьшаушы іс атқаратын гуморалдық және жасушалық факторларын белсендіреді. Айтылған процестег антиденелер мен Т-киллелер маңызды рөл атқарады. ■

Қатерлі ісіктің жасушаларыәлсіз иммуногендер қатарына жатады. Осыған қарай олардың өзіне сәйкес ерекшеліктері бар. Іс жүзінде мүндай жасушалардың калыпты жасушалар түрінен айырмашылығы жоқ. Сонымен қатар қатерлі ісікжасушаларының антигендік қүрамы жетіксіз. Қатерлі ісікпен байланысты антигендер қатарына рак-әмбрионалды антигендер тобын, кейбір вирустық антигендерді жатқызуға болады. Қатерлі ісік жасушаларының иммунологиялық жолмен жетік антықталмау себебінің тағы бірі - ол ісік басталған жерде қабыну процесінің жоқгығы және агрессивті цитокиндердің түзілуі.

Қатерлі ісікке қарсы иммунитеттің механизімі әлі де болса толық анықталмаған. Болжау бойынша оның механизімінде басты рөлді белсендірілген макрофагтар атқарып, қосымша серпіліс беретін табиғи киллерлер болуы мүмкін. Гуморалдық иммунитеттің қатынасу қатынаспауы екіталай.

Соған қарамастан кейінгі кезде қан сарысуынан рак-эмбрионалдық және қатерлі ісікпен байланысты антигендерді анықтау иммундық диагностикада кең қолданылып келеді. Айтылған тәсілмен бауырдың, асқазанның, ішектің қатерлі ісігінің диагнозын қоюға болады.

Иммунды қорғаныстың деңгейі мен ісік пайда болудың арасынды тығыз байланыс бар екені күмәнсіз. Оны дәләдейтін факторлар жеткілікті. Сондықтан, қатерлі ісікті емдеуге иммундық дәреженің деңгейін жоғарьшататын дәрі-дәрмектер (иммундымодуляторлар- интерлейкиндер, интерферондар т.б.) қолданылып ЖҮР-

11.2.8. Жүктіліктің иммунологиясы

Жүктіліктің иммунологиялық толерантгықпен тікелей байланысы бар. Жүкті ананың иммундық жүйесінде нәрестенің гетерогендік антигендерімен қарсыласуға жеткізбейтін көптеген факторлар кешені қалыптасады. Біріншіден, плацентаның жасушалары иммундыкомпетентті жасушалардың рецепторларына «көрінбейтін» болса, екіншіден, плацентаның жасушалары иммунитетті тежейтін цитокиндер түзеді, ал үшіншіден, жатырдың тініде орналасқан табиғи цитокиндер нәресте антигендері мен белсендірілген лимфоциттерді жойып отырады.

Жүктілік кездегі иммунологиялық толеранттықтың механизімі аса қарқынды болады. Мысалы, үрғашы жануарлар эмбрионның әкесінің трансплантантын бөліп тастамайды. Бірақ, ана босанғаннан кейін толеранттық тез жойылып, трансплантант бөлініп тасталады.

11.3. Иммундық статус және оны багалау

Иммундық статус дегеніміз клиникалық, лабораториялық көресеткіштерінің жинагымен анықталатын жеке дараның иммундық деңгейінің қүрлылымдық және функционалдық жагдайы.

Сонымен иммундық статус белгілі бір уақытта организмнің белгілі бір антигенге иммундық жауап беру қабілеті. Иммундық жүйе болуының өзі организмнің иммунды жауап беруге мүмкішілігін көрсетеді, бірақ ол жауаптың бір антиген түріне берілген кернеуі, дәрежесі, антидене түзілуі әрбір жеке дарада неше түрлі және кең ауқымды болуы мүмкін.Бір адамда антигенге қарсы антидене түзілсе, екінші адамда гиперсезімталдық пайда болады, ал үшіншіде иммунологиялық толеранттық дамуы мүмкін.

_______________________________________________________________________________243

Иммундыреактивтіктің айтылған көрсеткіштері тек қана дара арасында өзгеше болмай, әр бір ның өмір сүру кезеңдеріне қарай әр түрлі болады. Ересек адамға қарағанда, жаңа туған перзентгің, "месе оның бір жасқа дейінгі кезіндегі иммундық статусының айырмашылығы болады. Мысалы, "аларда иммунологиялық толеранттық шапшаң түзілсе, иммунизациялаудан кейінгі пайда болатын яиденлердің титрі төмен болып келеді. Жасөспірім мен егде тартқан адамдардың да иммундық статусы түрлі. Оның көп жағдайлары тимустың іс атқару бабына байланысты. Жас үлгайған сайын тимус ып функциясы баяулай бастайды, сондықтан қартаң адамдар қатерлі ісікке жиі душар болады. Жас осылған сайын ағзада аутоантиденелердің концентрациясы жоғарылайды. Соның себебінен қартаюдың ггізінде созылмалы жүретін аутоагрессия деп есептейтін көзқарас бар.

Иммундық статус тәулік бойымен де өзгеріп отырады. Оның себебі көп. Сонымен имммундық статусты анықтағанда жоғарыда келтірілген көрністер әр уақытта есте болуы керек.

Филогенетикалық түрғыдан қарағанда иммундық жүйе басқа жүйелермен салыстырғанда кешірек пайда болған және де сыртқы әсерлерге түрақсыз. Тәжірибеде қандай да болмасын сыртқы әсер иммундық жүйеніңжағдайын өзгертпей қоймайды. Иммундық статусқа төменгідей факторлар әсер етеді: климаттық-географиялық; әлеуметгік;

экологиялық (физикалық, химиялық және биологиялық); «медициналық» (дәрінің әсері, операция, стресс т.б.).

Климаттық-географиялық факторлардың арасынан температураның, ылғалдьгқтың, күн сәулесі радиациясының, жарық күннің үзактылығының тағы басқаларының иммундық статусқа әсер ететінін атап өту керек. Мысалы, фагоцитарлық және тері-аллергиялық сынамалар оңтүстіктердегілерге қарағанда соіггүстіктің түрғындарында төмен болады. Африкатұрғындарындаевроаплықтармен салыстырғанда күл ауруы сирек кездеседі.

Әлеуметтік факторлардың қатарына тағам сапасы, үй түрмысы, кәсібі т.б. жатады. Иммундық стаіус үшін мезгілінде, сапалы тағамданудың зор маңызы бар, өйткені тағамнан иммундық жүйе қүрамын күруға қажетті заттар алынады.

Иммундықжүйенің жағдайына әлеуметтік факторлардың әсері де кем емес. Түрмыс нашар болған кезде адамның жалпы физиологиялық көрсеткіштері әлсіреп, иммундық статустық дәрежесі төмендейді.

Иммундық жүйеге кәсіп түрінің де әсері болады, өйткені адам өмірінің үзақ уақытын жүмыс орнында өткізеді. Физикалық, химиялық, биологиялық өнеркәсіп факторлары (микробтар, айғай - шу, вибрация, дезинфектанттар, температура т.б.) адамға зиянды әсер етіп иммундық реактивтікті әлсіретеді.

Экологиялық факторлар адамның иммундық жағдайына жан-жақты әсерін тигізеді. Ол факторларға айналадағы ортаның ластануы (ядролық реакторлардың зыянды заты, олар күйреген кездек тарайтын радионуклидтер, пестициттердің ауыл шаруашылығында кең қолдануы, химиялық өнеркәсібінің, автокөліктің, биотехнологиялық мекемелердің қалдық заттары) жатады.

Иммундық статусқа кең тараған медициналық шаралардың (диагностикалық тексеру, емдеу, стресс т.б.) әсерін тигізеді. Хирургиялық операциядан және де әр түрлі жарақаттан кейін иммундық статус бірқатар өзгереді.

Иммундық статустың қалыпты жағдайда түрақсыздығына қарамастан оның деңгейін зертханалық сынамалар кешенімен анықтауға болады. Органдар мен тін ауыстырғанда, аутоиммундық сырқаттарда, аллергияда, иммундық тапшылық ауруларында иммундық статусты анықтау емдеу нәтижесін білу үшін өте қажет. Зертхана мүмкіншілігіне қарай иммундық статусты анықтау төменгідей көрсеткіштерге негізделген (11.1 -кесте):

жалпы клиникалық тексеру;

табиғи резистенттік факторларының жағдайы;

гуморалдық иммунитет;

жасушалық иммунитет;

қосымша сынақтар.__________________________________________________________________________244

Жалпы клиникалық тексеру кезінде аурудың шағымын, анамнезін, аурудың клиникалық көрнісін тағы басқаларды ескереді. Табиги гіммунитеттің деңгейін анықтау үшін фагоцитоз, комплемент, интерферон көрсеткіштерін пайдаланады. Гуморалдық иммунитетті антиденелердің әбрбір сыныбының қан сарсуындағы деңғей мөлшерін зертгейді. Сонымен қатар В-лимфоциттердің жағдайын көрсететін ақпаратты анықтайды. Жасушалық иммунитетті анықгау үшін Т-лимфоцитгердің сан-сапасын сантүрлі тәсілдермен есептейді. Қосымша көрсеткішретінде қанның бактерицидтік қасиетін, комплементгің кейбір қүрамын, қандағы С-реактивті ақуызды, аутоантиденелерді тексеруге болады.

Кесте 11.1.

Иммундық статусты бағалау үшін қолданылатын сынамалар

1-ші дәрәжелі сынамалар

2-ші дәрәжелі сынамалар

1 .Қан айналымындағы Т- және В-лимфоциттердің санын мен морфологиясын анықтау

1. Лимфоидтык органдардың гистохимия- лық талданылуы

2.Мононклоналдыык антиденелер арқылы мононуклеарлық жасушалардын сырткы маркерлерін талдау

2.Кластерлік талдау, немесе ЕАС-розетка- ны күруды аныктау

З.Қансарсуынын М,С,А,Д,Е иммундыглобу- линдерін аныктау

З.В- және Т- лимфощптердің бластранс- формациясы

4.Лейкоциттердің фагоцитарлық активтілігін анықтау

4.Циготоксикалықты анықтау

5.Тері -аллергиялық сынамалар

5. Иммунды тапшылықпен байланысты ферменттердің белсенділігін анықтау

б.Клиникалық көрністерге тәуелді лимфоидтык органдардың сонымен қатар басқа органдардың (әсіресе өкпені түгелінен) рентгенографиясы мен рентгеноскопиясы

б.Цитотоксиндердің секрециясын және шығарылуын аныктау

7.Тимустың гормондарын анықтау

8.Фагоциттардың респираторлық күйреуін таддау.

9.Комплементтің күрамдық бөлшектерін анықтау

Ю.Аралас жасушалар дакылын талдау

Сонымен, иммундық статусты тексеруге көп түрлі сынақтар қолданылып иммундық статустың негізіндегі гуморалдық және жасушалық иммунитеттің барлық көрсеткіштері анықталады. Кейбір сынақгарды қарапайым зертханадажүргізу қыйындыққатүсуі мүмкін болғандықган Р.В. Петровтың үсынуы бойынша барлық сынама түрі екі дәрежелік топқа бөлінеді. Бірінші дәрежелі топ сынақгары қарапайым зертханаларда, яғни денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы көмек көрсету сатысында жетік клиникалық көріністі негіздеп, иммундық патология бар-жоғын анықтауга колданьшады. Бкінші дәрежелі топтағы сынама бірінші топтан алынған түжырымды дәлелдеу үшін пайдаланылады. Кестеде бірінші және екінші топқа кіретін сынақтардың тізімі келтірілген.

________________________________________________________________________________245

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]