Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

7.4. Қоршаған орта факторларыныц организмнің реактивтілігіне әсері 7.4.1. Инфекцнялық процесс пайда болуы және дамуындағы макроорганнзм реактивтілігінің рөлі

Инфекциялық процестің спецификалығы микробпен байланысты болса оның ағымы және көрініс түрлсрі макроорганизмнің жағдайымен байланысты. Инфекция қоздырғыштарымен күресу үшін макроорганизм патогенді және шартгы-патогенді микробтардың енуіне және көбеюіне де олар өндіретін патогенділік факторларының әсеріне де кедергі жасайтын түқымқуалаушы генетикалық (түрлік) және жеке баста жүре пайда болатын механизмдердің барлық комплексін жұмылдырады. Инфекциялық процестің пайдаболуына, барысына және аяқталуына әсер ететін макроорганизмнің негізгі қасиеттеріне резистентгілік және қабылдаушылық жатады.

Резистенттілік (лет. resistentia - карсы тұру, қарсы әсер ету) - ол әр түрлі зақымдаушы факторлардың әсеріне организмнің төзімділігі. Инфекциялық қабылдауиіылық немесе қабылдағыштық - ол макроорганизмнің микробтардың енуіне инфекциялық процестің әр қилы түрде дамуымен реакция беру қабылеттілігі.

Резистенттіліктің де, қабылдаушылықтың да екі түрі бар: түрлік және индивидуальдық (жеке даралық).

Түрлік қабылдаушылық осы түрге жататын барлық дараларға тән. Әр түрлі микробтарға байланысты ол генетикалық белгіленген және едәуір шамамен жасушалар мен тіндердің химиялық құрамының ерекшелігімен, рецепторлардың болуымен т.б. анықталады.Микроб макроорганизмнің ішкі ортасына түскен күннің өзінде,инфекциялық процесс барлық уақытта дами бермейді, өйткені оның қабылдаушылық жағдайы, патогендік әсердің көрініс беру мүмкіндігін анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Әрбір жануарлардың микробтың бір түріне сезімталдығы бірдей емес. Мысалы, су егеуқүйрықтары, қояндар, үй тышқандары және аламандар туляремия қоздырғышына сезімталдығы және оны қабылдаушылығы өте жоғары. Олар осы микробтың минимальды дозасынан ауруға шалдығады және өледі. Оларға қарағанда мысықтар, түлкілер және сасық күзендер бұл микроорганизмді қабылдаушьшығы өте төмен және қоғаныс жүзінде сезімталдығы жоқ,өйткені қоздырғыштың мол мөлшерімен жұқтырған» кездеде оларда ауру жеңіл турде өтеді және жылдам жазылып кетеді. Аусыл вирусына ірі қара мал өте , ал адамдар сирек жағдайда ауырады.

______________________________________________________________________________162

Белгілі бір қоздырғыштарды қабылдаушылық инфекциялық агенттің эволюциялық процесі кезінде ғана өзгеріп қоймай, осы түр-реципиенттің де эволюциялық процесінде өзгеруі мүмкін.

Жекедаралық (индивидуальный) қабылдаушылық - ол микробтардың әсерінен оларда инфекциялық процестің әр түрлерінің пайда болуына әрбір жеке даралардың бейімділігі. Жекедаралық қабылдаушылық дәрежесі сол микроб жұққаннан кейін ауырып тұрғанда жүре пайда болатын және профилактиктикалық егуден кейін түзілетін әр түрлі деңгейдегі иммунитет дәрежесімен, организмнің реактивтілігін өз қосалқы аурулардың болуымен анықталады.

Қабылдаушылың белгілі микробтарға түрдің немесе жеке дараның сандық тұрғыдан сезім- өлшемі ретінде толық, жоғарғы, шамалы, әлсіз болуы немесе тіптен көрініс бермеуі мүмкін. байланысты микробтардың патогендік қасиеті толық, жартылай байқалады тіптен білінбейді инфекциялық процесс типті, атипті (айқын емес, субклиникалық) түрде өтеді немесе тіптен білінбе Макроорганизмнің қабылдаушылығы және резистенттілігі оның жалпы физиологиялық реактивтілігін немесе сыртган келген әсерге, соның ішінде микробтарға қарсы тұру үшін, тірш: өзгертумен жауап беру қабылеттілігімен тығыз байланысты. Белгілі түрге қатысты факторлардан макроорганизмнің реактивтілігіне әсер ететін факторлардың қатарына жатады: жынысы, жасы, тамақтану тәртібінің бұзылуы, жүйке, эндокринді жүйелердің иммунды жүйемен байланысты жағдайлары: сыртқы ортаның биологиялық және әлеуметтік факторларының әсері.

Инфекцияға әр түрлі жастағы төзімділік зат алмасу ерекшеліктерімен, ішкі секрециялық органдардың қызметімен және иммундық жүйенің жағдайымен байланысты болады. Нәрестелердің 6 айға дейін қызылша т.б. ауруларды қабылдамайтыны белгілі, ол эмбрионалдық кезеңде плацента арқылы балаға иммунды глобулиндердің О класына жататын спецификалық антиденелердің берілуімен байл Жасанды тәсілмен тамақтандырылатын балаларға қарағанда,анасының емшегін еметін балалар инфекцияларының қоздырғыштарына анағұрлым төзімді келеді, өйткені олар ана сүтімен иммунды линдердің А және М класына жататын антиденелерді алады. Бұл антиденелер трансплацентарлы берілмейді және жергілікгі антибактериялық иммунитетте маңызды рөл атқарады. Жасы есейіңкіреген, балаларда жұтқыншақ және көмей дифтериясы жиірек дамиды,ал емшек жасындағы балаларда-кеңірдек мұрын және басқа сирек орналасатын дифтериясы кездеседі. Жасы бойынша мұндай айырмашылылық организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Емшек жасындағы балаларда көмей және жұтқыншақ дифтериясының сирек болуы олардың бадамша безі әлі жетілмегенімен көмейдің шырышты қабатында және лимфалық аппаратында нерв рецепторларынын болмауымен байланысты. Баланың жасы кішкетай болған сайын жұқпалы ауру атипті түрде өтеді. Жас айтқанда мынаны атап өтуге болады: ересек тышқандардың сары қызба ауруына тұқым қуалайтын имунитет бола тура жас кезінде оған өте сезімтал келеді яғни жылдам қабылдаушылығы бар-3апталық жаңа туылған тышқандар мен көжектер дүниеге жетілмеген түрінде келеді және олар сіреспе токсиніне өте төзімді,ал ересек тышқандар мен қоя бұл токсин жылдам зақымдайды. Қартайған сайын иммунды жүйе ресурстарының азғындануына байланысты макроорганизмнің резистентгілігі төмендей бастайды, ол жасушалық микро қорш және иммундық жүйенің меншікті жасушаларының да өзгеруімен байланысты. Қартаю процесі кезінде тимус инволюциясы байқалады, лимфоциттердің саны және функциялық белсендшіп өзг фагоциттеуші жасушалардың микробоцидті белсенділігі төмендейді, жергілікті иммунитет бұз Нәтижесінде тері және шырышты қабат ауруларының созылмалы үдемелі түрге айналуына шырышты қабаттардың атрофиялануына алып келеді. Балғын жастағы балаларға қарағанда жас қыздарда иммундық жүйенің қалыптасуы е басталады, сондықтан олар қолайсыз факторлардың әсеріне төзімділеу келеді. Дегенмен, ерке қарағанда әйелдердің организмі қолайсыз факторлардың ұзақ мерзімді әсеріне төзімді болатурга етеккір келген, жүкті болған және босанған кездерінде иммундыдепрессантгы гормондар өндір

__________________________________________________________________________________163

жоғарылауы нәтижесінде, іріңді инфекциялар ментуберкулез қоздырғыштарына және басқада микробтарға қабылдаушылығының күшейгені байқалады.

Аштыққа шалдығу немесе нашар тамақтану (тағамдық дистрофия), ақуыздардың және витаминдердің жеткіліксіздіғі микробтардың өніп-өсіп көбеюіне және ішкі ортаға таралуына кедергі жасайтын механизмдерге қолайсыз әсер етеді. Жекедаралық жүре пайда болған иммунитет қана емес, түрлік иммунитеттің де күрт төмендеуінің нәтижесінде олар макроорганизмнің реактивтілігін де аса жылдам төмендетеді. Тері жабындыларының және шырышты қабаттардың қорғаныс функциясы әлсізденеді, қабыну процестері баяулап өтеді, жасушалардың фагоцитарлық белсенділігі күрт төмендейді, антиденелер түзілу құлдырайды, жоғарғы жүйке қызметі әлсірейді, аллергиялық реакциялар жойылады, көптеген аурулардың клиникалық сипаты өзгереді. Тамақтанудың нашарлауы антиденелердің өндірілуінің тапшылығына әкеліп қоймай, сонымен бірге көптеген метаболизмдік циклдер молекулаларының да (ферменттер, қышқылдар, витаминдер және аминқышқылдары, АТФ, НАД және НАДФ т.б.) түзілуін азайтады, олар молекулалық иммундық циклдерге қатысады және микробоцидті немесе микробостатикалық әсер ете отырып микробтардың биохимиялық процестерін бүзады. Жүгенсіздік (порочный) шеңбер пайда болады,өйткені пайда болған және дамыған жүқпалы ауру қоректенудің арман қарай нашарлауына әсер етеді. Әсіресе витаминдер мен амин-қышқылдары тапшылығының маңызы зор. Жеткіліксіз тамақтану жағдайында патогенді бактерияларға макроорганизмнің төзімділігі көбінесе төмендейтінін, ал бүл кезде,генетикалық деңгейде облигатты жасушаішілік паразиттер болып табыла- тын вирустарға, керісінше күшейтетінін зертгеулер нәтижесі көрсетті. Өйткені вирустардың меншікті белоксинтездеуші жүйесі жоқ, сондықган олар жасушаның физиологиялық жағдайына тәуелді болып келеді. Сонымен, аштыққа шалдыққан организмнің инфекциялық агенттің біреуіне төзімділігі'жоғкары, ал басқа біреулеріне төмен болуы ықтимал.

Жүйке, әндокринді және иммунды жүйелер жағдайының да атқаратын рөлінің маңызы кем емес. Жүйке жүйесі сияқты иммундық жүйе де макроорганизмнің жас жүйелеріне жатады. Құрылымы және жұмыс атқару принципі жүйке жүйесіне ұқсас болғанымен, ақырғы эффектілері нейрогуморальді емес иммунды процесс болады. Иммунды жүйе жасушаларының макроорганизмнің сигналдық молекулаларына - гормондар мен нейромедиаторларға - бағытталған рецепторлары болады. Иммунды жүйе макроорганизм қорғанысының кешенді қүрамды бөлігі болып табылады. Оның жүйке және эндокринді жүйелермен қайтымды байланысы бар. Жануарларға микробтар жұқтырғанда, олардың токсиндері және антигендерімен әсер еткенде макроорганизмнің реактивтілігі жоғары жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болатыны анықталған. Стафилококтық, стрептококтық және дифтериялық токсинмен егеукұйрықгарды уландырғаннан кейін, күшті, салмақты және жылдамауыспалы жоғарғы жүйке әрекеті бар дараларына қарағанда, жоғарғы жүйке қызметі әлсіз типті егеуқұйрықтарда кең жайылған юоркалық тежеуілдену ұзақ уақытқа созылатыны байқалған. Бас миының қыртысы (кора) иммунды- модульдеуші рөл атқарады. Бас мидың сол жақ жартысы Т-лимфоциттердің қызметін бақылайды, осы жақ бұзылғанда лимфоцитгердің белсенділігі басылып қалады, ал оң жақ жартысы В-лимфоцитгердің, макрофагтардың әрекетін бақылайды. Солақай адамдарда аутоиммунды аурулар жиірек болады. Психо- эмоциялықжәне жарақатгтанудан кейінгі депрессиялар, стрестер және аса күшті шаршау, функцияларының біреуі макроорганизмді иммуңдық жүйенің гипербелсенділігінен және аутоиммундық процестер дамуынан қорғайтын, глюкокортикоидтардың жоғарғы деңгейде шығуының нәтижесінде иммундық реакциялардың басылып қалуына әкеледі. Екінші жағынан,кері байланыс каналымен иммундық жүйенің белсенділігінің артуы ОЖЖ (ЦНС)-нің механизмдерін іске қосады. Интерферонмен емдеу кезіндегі невротикалық және психиатриялық қолайсыз жанама әффектілер осының клиникалық белгілерінің көрінісі болып табылады.

Иммундық процестердің барлығы нейроэндокриндік аумақта өтеді. Эндокриндік жүйе де кері байланыс принципі бойынша жұмыс атқарады. Эндокриндік жүйенің аурулары макроорганизм реактивтілігінің едәуір өзгерісіне әкеледі. Мысалы, қантты диабетпен науқастанғандарда іріңді инфекциялардың қоздырғыштарына қабылдаушылығы жоғары екені белгілі, ол инсулиннің иммунды жүйеге стимулдеуші әсерінің болмауымен,зат алмасудың бұзылуымен және фагоцитоздың басылып

_______________________________________________________________________________164

қалуымен байланысты. Гнпофиздің алдыңғы бөлігі шығаратын және адамдар мен жануарлар организміндегі зат алмасудың барлық түрлерін ретгеуге қатысатын, соматотропты гормон - өсу гормонының тапшьшығы, иммунды жүйенің орталық органына жататын тимустың жетілмеуіне және де иммунды- тапшылық дамудың нәтижесінде тиісті иммундық реациялардың әлсізденуіне әкеледі. Глюкокоргикоидтар, андрогендер, эстрогендер және прогестерон макроорганизмнің иммундық реакцияларын басып тастайды, ал өсу гормоны, тироксин және инсулин стимулдеуші әсер етеді.

Организмнің жекедаралық реактивтілігінің қалыптасуында генетикалық полиморфизм маңызды рөл атқарады. Резистенттілік және қабылдаушьшыққа полигендік сипат тән. Резистенттілік тек қана инфекция

павда болуына төзімділік емес, ОНЫҢ ОДаН әрі дамуын, латентгі жагдайда сак-гап түруі.гч камтиды- Бір

Микробтарғагенетикалықтөзімділікиммундықжүиеарқ ылы д»және -..ч-и - ■.... .

мүмкін. Инфекция дамуында иммундық жүйенің генетикалық факторларының арасында МНС ^^я^піжане де фагоиитозды, Т-және В-лимфоцитгердің дифференциациялануын, интерферон өндірілуін және т.б. реттейтін гендердің мутациясы жақсы зерттелген. "Иммундық жүйе арқылыәсерлеспейтін генетикалық факторлардың арасынан мыналарды атап өтуге болады: лиганд-рецепторлық өзара әсерлесуді бұзатын рецепторлардағы мутациялар; тар спектрлі микробтармен метаболизделетін субстраттардағы мутациялар т.б. Жеке дараларда, популяцияларда, этникалық топтарда және нәсілдерде микробтарга төзімділік барлық уақытта салыстырмалы сипатта болады.

Сонымен, инфекциялық процестің әр түрлі көрініс беруі, жүқпалы аурулардың клиникалық полиморфизмі осы инфекциялық процесс қоздырғышының биологиялық қасиеттерімен ғана емес, олар зақымдайтын макроорганизмнің жекедаралық реактивтілігінің ерекшеліктерімен де байланысты. Бүл кезде макроорганизмнің қорғаныс қызметін әлсірететін факторлар инфекцияның таралуына ықпал етеді, ал макроорганизмнің резистенттілігін күшейтетін факторлар, керісінше, оның дамуына кедергі жасайды. Қалыпты макроорганизмге қарағанда иммундытапшылығы бар макроорганизмде резистенттілік - инфекциялық процесс пайда болуының алғы щарты болып табылады. Бұл кезде сезімталдығы едәуір жоғары иммундытапшылығы бар макроорганизмде микробтардың жоғарғы вирулентті, ал иммунды макроорганизде - аз вирулентті штамдарының іріктелуі (селекциясы) болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]