Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

10.1.9. Антиденелердің әр түрлілігінің теориясы

Антидене өндірудің механизімін түсіну үшін коптеген гипотезалар мен теориялар ұсыньшған. Бірақ, олардың көбі күнделікті өмірде дәлелденбеді, содықтан олардың тек қана тарихи маңызы бар.

Бірінші «бүйір тізбегі» теориясының принципті концепциясын ұсынған П.Эрлих (1898)болатын. Теорияға сәйкес организмнің жасушалары мен тіндерінің сырт қабырғасында рецепторлар бар. Олар химиялық туыстығы арқылы антигендерді байлап бейтараптайды. Іске қатынасқан рецепторлар жасушадан бөлініп жойылады да, олардың орнына жаңа рецепторлар пайда болады. Бұл теория гуморалдық имунитет және иммундық компонентті жасушалардың рецепторлары туралы түсініктің негізін қалады.

_____________________________________________________________________________231

«Инструктивті» (нұсқаулау) не «матрицалы» теорияға назар аударуға болады. Теорияға сәйкес .Брейнли,Ф.Гауровитц -1930; Л.Полинғ 1940 ) антиген матрица (негіз, қалып) болып соныц негізінде антидене өндіріліп шығарылады. Бірақ 1953 жылы Д.Уотсон және Ф. Криспен ДНҚ -дағы генетикалық мәліметті кодтаудың генетикалық механизмін ашқаннан кейін бұл теория өзектігін жоғалтты.

Бір қатар теориялар бойынша организмде жер бетіндегі антигендердің барлық түріне қарсы антиденелер болуы мүмкін деп болжаған (Н.Ерне,1955; Ф.Бернет,1959). Қазіргі уақытта шындыққа ең жақыны Ф.Бернет үсынған «клоналды-селекциялық» теория болып саналады. Теорияға сәйкес лимфоидтық тінде өте көп антигенреактивті жасушалар клоны бар. Клонның әр түрі тек қана белгілі антигенге қарсы внтидене бөліп шығарады. Клондар эволюциялық даму барысында антигеннің әсерінен мутация және селекция арқылы пайда болады және нәресте дүниеге келер алдынан бүрын оның организмінде қалыптасады. Организмге енген антиген тандау арқылы спецификалық клонды белсендіреді. Клон осіп көбейіп антигенге қарсы спецификалық антиденелерді боліп шығарады. Егер антигеннің олшемі көбірек болса, онда антигенге сәйкес реакция беретін лимфоциттердің клоны организмнен шығарылады (алиминацияланады). Бернеттің теориясы бойынша бүл механизм әмбрионалдық кезеңде организмнің меншікті антигендеріне қарсы толеранттық қалыптасуына әкеледі.

Бернет теориясы арқылы иммунологиялық реакциялардың көп кезеңдерін түсінуге болады, бірақ антидене өндірілудің барлық механизімін түсіндіру мүмкін емес.

С.Тонегаваның теориясы иммунитет механизімінің бірталай жағдайларын анықтады. Теория генетикалық процестерге негізделген. Бүл теория бойынша мутациялық және рекомбинациялық өзгерістердің нәтижесінде организмде ген-дердің көп санды нүсқалары мен комбинациялары қүрылады. Олар спецификалығы бар эр түрлі иммундыглобулиндерді кодтайды.

Н.Ерне теориясы бойынша антигендер организмге еңгенде антиденелердің бірінші түрі пайда болып, алар антиген секілді антиденелердің екінші түрін туғызады ары қарай процесс тізбектеліп жалғаса береді. Бүл теорияның негізінде иммунитет механизімінің кейбір көрністерін түсінуге болады. Бірақ барлығын түсіну мүмкін емес.

П.Ф.Здродовскийдің пікірі бойынша иммунитеттің механизімінде басты рөлді гармондар мен жүйке жүйесі атқарады.

10.2. Иммунды фагоцитоз

Иммунды фагоцитоз феномені фагоциттердің иммундық комплекстерінің қүрамына кіретін антигендердің қорытылуына негізделген. Бүл жағдайда антигендер молекула, немесе молекулалардың қосынды түрінде, бүтін жасушалар, немесе олардың бөлшектері түрінде болуы мүмкін. Иммунды фагоцитоз өтуі үшін иммундыглобулиндер және комплемент бірге, не жеке қатынасуы керек.

Фагоциттердің сырт қабығындағы иммундыглобулин мен комплементті «танитын» рецепторлар фагоцитгердің иммунды комплексті бекітуіне жауапты болады. Сонымен, фагоциттер антигендерді организмнен тыс шығаруға және гомеостазды қалпына келтіру процесіне қатынасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]