Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

10.1.4. Антидененіц антигендігі

Иммундыглобулин ақуыз болғандықтан антигендік және иммуногендік қасиетке ие. Иммундыглобулиннің молекуласында 4 антигендік детерминант бар: түрлік, изотиптік, аллотиптік және идиотиптік. Түрлік антигендік детерминант сол түрдің барлық дербесіне тән (мысалы, қоян, ит, адам). Олар жеңіл және ауыр тізбектердің құрылысымен анықталады. Осы детерминантты негіздеп антидененің қай түрге жататынын анықтауға болады.

Изотипті детерминант топтықты анықтайды. Олар ауыр тізбекте болып сыныптық және субсыныптық қасиеттерін анықтайды.

Аллотипті детерминанттар даралық, яғни жеке басқа тән. Олар жеңіл және ауыр тізбектерде орналасқан. Осы детерминантты негіздеп, түр ішінде жеке дараны анқтауға болады.

Идиотипті детерминанттар иммундыглобулин молекуласының антиген байланыстыратын орталығының ерекшелігін анықтайды. Оларды жеңіл және ауыр тізбектердің V домені қүрады. Бүл детерминанттың табылуы антидене биосинтезінің «идиотиптік- антидиотиптік» ретгелу теориясын жасауға негіз болды.

10.1.5. Антигенмен антидененің өзара әрекеттестік механизімі

Антигенмен әрекеттескенде антидененің барлық молекуласы емес, тек қана оның ҒаЬ -фрагментінде ораналасқан белгілі антигенбайланыстырушы орталығы, немесе паратоп, ал антиген жағынан тек қана антигендік детерминант қатынасады. Антидене жағынан бүл әрекет сецификалық болғандықтан, байланысу антигеннің белгілі детерминантымен жүреді.

Байланыс - вандервал күші, сутегі және электростатистік эрекетпенжүретіндіктен (әлсіз байланыстар) түрақсыз. Сондықтан, қүрылған иммундық комплекс жеке қүрамдық бөлшектерге айналып, жеңіл ыдырайды. Соны негіздеп антиген және антидене өзара әрекетін теңдеу ретінде көрсетуге болады: (АГ)+(АТ) <-> (ИК-иммунды комплекс). Комплекстің өмір үзақтылығы антиген мен антидененің ерекше қасиеттері мен әрекеттік жүрген ортаның жағдайына байланысты._______________________________________________________________________________228

Антиген мен антидененің ерекше қасиеттеріне аффиндық пен авидтық жатады.

Аффиндық - антиген мен антидененің спецификалық эрекеттістігінің күші. Бүл көрніс антигенбайланыстырушы орталықтың және антигендік детерминанттың химиялық қүрлысына байланысты. Неғүрлым олар біріне бірі сәйкес келсе, соғүрлым қүрылған комплекстің саны көбейіп, олар түрақгы болып, өмір сүру уақыты үзарады. Егерде олардың сәйкестігі жоғары деңгейлі болмаса, жоғарыда аталған көрністер әлсіз болады. Әдетте организмде бір ғана антигендік детерминантпен антидененің 100-ге жуық клоны байланысады. Олардың барлығының антигенбайланыстырушы орталықтары және аффиндіктері әртүрлі.

Авидтық дегеніміз - антидене мен антиген байланысының беріктілігі. Оның негізінде антидененің аффиндігінің қасиеті және антигенбайланыстырушы орталықтың саны жатады. М-имундыглобулиндердің авидтігі ең жоғары дәрежелі, өйткені олардың 10 антигенбайланыстырушы орталығы бар.

Антигендердің ерекшеліктігі де олардың антиденемен байланысуының нәтижелігіне әсер етеді.

Антиген мен антидене байланысының нәтижелігіне коптеген факторлар әсер етеді, мысалы, ортаньщ рН-ы, түздық ерітіндінің осмотикалық тығыздығы, ортаның темпераіурасы. Антиген + антидене реакциясы үшін ең қолойлы жағдай макроорганизм ортасының физиологиялық болуы: ортаның бейтараптыққажуық реакциясы, фосфат-, карбонат-, хлорид-, ацетат- иондарының болуы, және де қолайлы температура.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]