Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

10.1.3. Иммундыглобулиндер сыныбының қүрылысы және функционалдық ерекшеліктері

Ауыр тізбектің молекуларлық құрылысының ерекшелігіне сәйкес иммун-дыглобулиндердің 5 сыныбы, не изотипі бар. Альфа -түрлі ауыр тізбегі бар молекулалар А изотипке жатады (қысқаша ІgА); ІgД - да дельта тізбек, ІgЕ-да эпсилон тізбек, ІgG- да гамма тізбек, ІgМ - да мю тізбек. 1gG-ның ауыр тізбегінің түбтүрлерінің ерекшелігіне сәйкес түбсыныптары болады.

Иммундыглобулиндердің құрлысында белгілі бір тұрақты заңдылық бар - олардың барлығы бір қалыпты элементтерден тұрады. Бірақ, әрбір изотиптің ерекшелігі бар. Мысалы, ІgД, ІgЕ, 1gG-лар бір мономерден тұрады, ІgМ пентамер, ал ІgА молекулалы моно-, ди-, пентамер бола алды (14-сызбанұсқа).

Иммундыглобулиннің С сыныбы. Бұл иммундыглобулин (изотоп) қансарысуының негізгі сыныбы болады. Барлық иммундыглобулиндердің арасында оның үлесі 70-80 пайыз және де, ол бөліктің 50 пайызы тін сұйығында. Орта есеппен алғанда ересек адамның 1 литр қансарсуындағы ІgG -ның салмағы 12 гр. Жартылай ыдырау уақыты 21 күн.

ІgG - мономер. Антиген байланыстыратын орталығы екеу, яғни ол екі валентті. 1gG-ның 01,02,03, 04 деп белгіленген түбсыныптары бар. В-лимфоциттермен - өндіріледі. Біріншілік және екіншілік иммундық жауаптарында оларды үнемі қансарысуынан табуға болады.

_______________________________________________________________________________225

ІgG комплементпен, тіндік жасушалармен, базофилдермен тығыз байланысқа түсе алады және аллергиялық реакцияның 1 түрінің пайда болуына қатынасады.

ІgG плацентарлық кедергіден жеңіл өтіп жаңа туған перзентте 3-4 ай мезгіліне дейін гуморалдық иммунитетті қамтамасыз етеді.

ІgG антигеннің бейтарапталуына, белгіленуіне, опсонизациялануына қатынасады. Сонымен қатар, комплемент көмегімен жүретін цитолизді және антиденетәуелді жасушалар арқылы өтетін цитотоксикалық процестің басталуын қамтамасыз етеді.

Иммундыглобулиннің М сыныбы. Ең үлкен көлемді иммундыглобулин. Бүл пентамер және оның антген байланыстырушы 10 орталығы бар, яғни 10 валентті. Молекулалық салмағы 900 кДа, М1 және М2 типі болады. Ауыр тізбегі 5 доменнен түрады. ІgМ- ның жартылай ыдырау уақыты 5 күн.

Басқа иммундыглобулиндердің арасындағы оның үлесі 5-10 пайыз. Ересек адамның қанында 1 л/г ІgМ болады. Жоғарғы деңгейге 2-4 жас арасына таман жетеді.

Филогенетикалық корсеткішке сәйкес ІgМ көне антидене. Алғашқы және жетілген В- лимфоциттермен синтезделеді. Алғашқы иммундық жауапқа қарсы пайда болады және іштегі нәрестенің дамуының алғашқы 20 күнінде синтезделе бастайды.

Жоғарғы дәрежелі авидтік мүмкіншілігі бар, комплементті классикалық жолмен қарқынды белсендіретіннің біреуі. Сарысулық және жасушалық иммунитеттің қүрылуына қатынасады. Қүрамында 1- тізбек болғандықтан шырышты қабықтың секретімен бөлініп шығарылады, калыпты антиденелер, изоагглютининдер көбінесе ІgМ қатарына жатады.

Плацентадан өтпейді. Егерде 1gМ - ның изотипі жаңа туған перзенттің қан сарсуында табылса, ол іштен болған жүқпалы аурудың барлығын, немесе жатырдың кемтарлығын көрсетеді.

ІgМ антигендерді бейтараптауды, опсонизациялауды және белгілеуді, сонымен қатар комплемент көмегімен жүретін цитолизді және антиденетәуелді жасушалар арқылы өтетін цитотоксикалықтың басталуын қамтамасыз етеді.

Иммундыглобулиннің А сыныбы. Сарысулық және секреторлық түрде болады. Барлық ІgА-ның өлшемінің 60 пайызы шырышты қабық секретінің қүрамында болады.

Сарысулыц lgА: Сарысулық имундыглобулиндердің барлық қосындысында ІgА-ның үлесі 10-12 пайыз. Дені сау ересек адамның қан сарысуының 1 литрінде ІgА 2,5 грамм, ал ең жоғарғы деңгейіне 10 жас шамасында жетеді. ІgА-ның жартылай ыдырау уақыты 6 күн.

ІgА - мономер, екі антиген байланыстыратын орталығы бар ( 2 валентті), молекулалық салмагы 170 кДа. А1 және А2 түп тармағы бар. Жетілген В-лимфоциттермен, плазматикалық жасушалармен синтезделеді. Бірінші және екінші иммунды жауаптың шыңында жақсы анықталады.

Жоғарғы сапалы аффиндық қасиеті бар.Толықсыз антидене түрінде болуы мүмкін. Комплементпен байланыспайды. Плаценталық тосқауылдан өтпейді.

ІgА антигендерді бейтараптауды, опсонизациялауды және белгілеуді, сонымен қатар комплемент көмегімен жүретін цитолизді және антиденетәуелді жасушалар арқылы өтетін цитотоксикалықтың басталуын қамтамасыз етеді.

Секреторлыц ІgА. Сарысулық түрімен салыстырғанда секреторлық sІgА полимерлі ди-, не тримерлі түрінде бола алады (4, не 6-валентті). Молекулалық салмағы 350 кДа.

Секреторлық иммундыглобулиндер В-лимфоциттермен және тек қана шырышты қабықта болатын плазматикалықжасушалармен синтезделіп, олардың секретінде болады. Бір тәулікте 5г салмақга бөлініп шығарылады. Қан сарсуында табылмайды.

Секреторлық ІgА пайда болу және қалыптасу механизімі оте күрделі.

Секреторлық ІgА ас қорыту, несеп және тыныс алу жүйелерінің шырышты қабығының жергілікті туморалдық иммунитетінің негізгі факторы. S тізбегі болгандьщтан олар протеазаның әсеріне өте төзімді. \ комплементті белсендірмейді, бірақ антигенмен нәтижелі байланысып, оларды бейтараптайды. Ол гробтардың эпителиялық жасушаларға бекінуіне кедергі жасап, олардың шырышты қабыққа жайлынуына қарсытұрады.

____________________________________________________________________________226

Иммундыглобулиннің Е сыныбы. Оларды реагиндер деп те атайды. Қан сарысуындағы концентрациясы өте төмен 7 бір литр қандагы мөлшері 0,00025 грамм. 1%Е-ні аныктау үшін арнайы тәсілдер керек. Молекулалык салмағы 190 кДа. Басқа иммундыглобулиндермен салыстырғанда оның қан сарсуындағы үлесі 0,002 пайыз. Адам бүл деңгейге 10-15 жас мөлшерінде жетеді. Көбінесе бронх, өкпе және ас қорыту жүйесінде жетілген лимфоциттер және плазматикалық жасушалармен синтезделеді.

Комплементпен байланыспайды. Плацентаның кедергісінен өтпейді. Тін жасушалары, базофилдермен өзара қатынасқа түсуге икемділігі оте жоғары. Жоғарғы сезімталдықгың жедел түрінің дамыуына себекер.

Имундыглобулинніңің Д сыныбы. Иммундыглобулиндердің бүл түрі туралы мәлімет оте тапшы. Іс жүзінде олар тек қана қан сарысуында, иммундыглобулиндердің арасындағы пайызы 0,2. Қанның бір литріндегі молшері 0,03 грамм. Молекулалық салмағы 160 кДа, мономер.

Комплементпен байланыспайды. Плацентаның кедергісінен өтпейді. Із ашар В лимфоциттердің рецепторлары болады.

Рецепторлық иммундыглобулиндер. Рецепторлық, не мембраналық иммундыглобулиндер В лимфоциттердің цитоплазмалық мембранасында орналасады. Антиген спецификалық рецепторлардың міндетін атқарады. Олар секреторлық иммундыглобулиндерге үқсас, ал айырмашылығына қүрамындағы ерекше М пептидінің болғаны жатады.. Соңың көмегімен В лимфоцитгердің цитоплазмалық мембранасына жабысады.

Қалыпты антиденелер. Қан сарсуында қандай жағдайда болмасын үнемі анықталатын, белгілі мөлшерде болатын иммундыглобулиндер бар. Оларды калыпты, не табиғи антиденелер деп атайды. Қалыпты антиденелердің қатарына әртүрлі аффиндіктілігі және спецификалығы бар эритроциттердің топтық антигендеріне, ішек таяқшаларының кейбіреуіне, коктар мен вирустарға бағытталған изогемагглютининдер жатады. Олар организмде ешбір антигендік әсерсіз үнемі қүрылып отырады. Қалыпты антиденелер бір жағынан ағзаның иммунды жауапқа әрқашанда дайын екенін көрсетсе, екінші жағынан- сол антигенмен ерте өткен уақытта кездескенінің куәсі.

Моноклоиалдық антиденелер. Әрбір В-лимфоцит және оның өсуінен пайда болған үрпағы тек қана өзіне тән қасиеттері бар антиденелерді синтездейді. Ондай антиденелер моноклоналды деп аталды. Табиғи жағдайда микроорганизмдерге қарсы моноклоналдық антиденелерді алу мүмкін емес. Өйткені, микроорганизімнің әрбір антигендік детерминантына В-лимфоциттердің әртүрлі қасиеттері бар 100-ден артық түрлері жауап береді. Сондықтан бір түрлі антигендік детерминантпен иммунизация жасағанда да әрқашан антиденелердің көптеген түлері, яғни поликлоналды антиденелер пайда болады.

Егерде В-лимфоциттің бір түрінің таза дақылын лабораториялық жағдайда осірсе моноклоналдық антиденелерді алуға болады, бірақ В-лимфоциттедің организмнен тыс жағдайда өмір сүру уақыты өте шекті.

Бұл мәселені шешкен Д.Келер мен Ц. Мильштейн (1975) еді. Олар В-лимфо-цитгерді қатерлі ісікгің (миелома) жасушаларымен байланыстырып гибридомдық жасушалар деп аталатын қосындыны аиған. Ондай жасушалар антидене синтездейтін жасушалардың спецификалығын сақтап, қатерлі ісік жасушаларының «өлместіғіне» ие болған. Гибридомды жасушалар ағзадан тыс жағдайда, жасанды қорек ортада үзақ уақытқа дейін өмір сүріп, шексіз санды антиденелер синтездей алады. Қазіргі уақытта гибридомдардың жоғарғы сапалы түрлері алынған. Гибридомды жасушалар диагностикалық, емдік препаратарды дайындуға қолданылады.

Толық және толық емес антиденелер. Көптеген антиденелердің арасында толық және толық емес деп аталатын түрлері болады. Толық антидене деп агглютинациялық, не преципитациялық реакцияларда антигендердің бірнеше молекуласымен байланысып, көзге көрінетін макромолекулалы иммундық комплексті қүратындарды атайды. Оларға ІgА мен ІgG -ның кейбір полимерлік молекулалары жатады. Толық емес деп - антигенмен байланыссада жоғарғыда айтылған көрніс тудырмайтын антиденелерді айтады. Кейде оларды преципитация тудырмайтын, не блоктайтын антиденелер дейді. Бұл көрніс себебі бірнеше

______________________________________________________________________________227

салалы,соның ішінде, мысалы, антиген молекуласыньщ антнденеменбайланысатын детерминанттарының жетіспеушілігі. Толық емес антиденелерді анықтау үшін арнайы Кумбс реакциясы колданылады.

Антиденелердің басқа түрлері. Жоғарыда келтірілгеннен басқа жылылық және суықтық антиденелер болады. Біріншісі антигенмен +37°С градуста байланысса, екіншісі олармен +4 -10°С градус арасында байланысады.

Антиденелердің комплементпен өзара қатынасына сәйкес комплемент байланыстыратын, комплемент байланыстырмайтын түрлері бар.

Кейінгі жылдары биохимиялық процесстерге катализатор ретінде қаты-насатын ферментгік қасиеті бар антиденелер, абзимдер, ашылған.

Молекулалық биологияның иммунология саласында ашқан жетістіктеріне гибридомнан басқа біртізбекті, бифункционалды антиденелер және иммундытоксиндер де жатады.

Біртізбекті антиденелер - олар иммундыглобулиндердің өзгергіш доменінің бөлігі. Өзіндігі, аффиндігі және блоктайтын қасиеті бар, бірақ ықшамды көлемді, имуногендігі жоқ. Бифункционалды антиденелердің спецификалығы әр түрлі антиген байланыстырушы орталығы болады, яғни, олар әр түрлі антигендік детерминанттарға бағытталған. Иммундытоксиндер иммундыглобулин мен токсиннің қосындысы. Олар токсиннің молекуласын нысана-жасушаға жеткзіп жасушаның жойылуына, не зақымдалуына әсер етеді.

Иммундытоксиндер мен бифункционалдық антиденелердің медицина саласында ауруды емдеу және оның алдын алу үшін қолданылуда зор болашағы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]