Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

9.2.2.3. Иммундық жауапты супрессиялау

Иммундық супрессиялау физиологиялық жағдайда иммундық жауапты керек кезінде аяқтауға бағытталған калыпты реакция, және де организм бөгде антигеннен арьшғаннан кейін антидене синтездейтін жасушалардың шамадан тыс өсіп кетуін тежеу үшін жүретін процесс. Иммунды супрессияның үш түрлі механизмі бар:

апоптоз арқылы иммунды жауапты жасушалардың клонын жою; цитокиндер арқылы иммунды жауапты жасушалардың белсенділігін бәсеңдету; антигендік ынталандыруды тоқтату.

Апоптоздық элиминациялану төменгідей жасушалар тобына бағытталған:

өзінің биологиялық бағдарламасын атқарған терминалды дифференцияланған лимфоциттерге;

антигендік түрткі алмаған белсендірілген лимфоциттерге;

«тозған» лимфоциттерге;

аутореактивті жасушаларға.

9.2.2.4. Иммундық жүйенің клондық қүрылысының онтогенезі

Иммундық жүйенің дамуында нақгылы екі кезеңді бақылауға болады. Біріншісі -антигентәуелсіздік. Ол кезең нәресте іште жатқан уақыттан перзент туғаннан кейінгі біраз мезгілді қамтып, кей кезде мүндай процестер өмір бойы созылады. Бүл кезеңде жүйелі жасушалар жетіліп, антигенспецификалық лимфоциттердің түрлі клондары пайда болады.

Екнші кезең - нәресте дүниеге келгеннен басталып өмір соңына дейін созылады. Бүткіл өмір сүру уақыты бойы иммундық жүйенің жасушалары айналадағы қоршаған ортаның антиген әлемімен «танысады». Биологиялық тәжірибе нығайған сайын иммундық жүйенің қүрылыс қүрамдары жетіліп реттеліп отырады._____________________________________________________________________________222

10 Тарау.

ИММУНДЫ ЖАУАП ҚАЙТАРУДЫҢ НЕГІЗГІТҮРЛЕРІ

Иммундық жүйе өзінің биологиялық міндетін барлық қүрылымдық және функционалдық әлементгердің қатынасуымен, өзара байланысқан күрделі реакциялармен іске асырады. Нақтьшы көрнісіне байланысты бүл кешенді жеке түрлерге бөлуге болады. Антидене синтездеу, иммунды фагоцитоз, жасушалар арқылы өтетін киллинг, гиперсезімталдық көрініс, иммунды есте қалуды қүру, иммунологиялық толерантгықты қалау - олардың негізгі түрлері болады.

Иммундық жүйенің барлық жасушаларының белсендірілуінің механизмі бірдей және олардың барлыгы бір мезгілде организмнің гомеостазы өзгергенін сезеді. Бірақ, атқаратын міндеттеріне сәйкес кейбіреуі карқынды белсендіріліп басты ролді атқарса, екіншілері істі жемісті атқармауы мүмкін. Мысалы, токсико-инфекциялық ауруларда (сіреспе, ботулизм, күл) көбінесе антитоксин антиденелері пайда болса, кейбіреуінде (туберкулез) антиденелердің еш пайдасы жоқ, сондықтан бұл жагдайда қорғаныс міндетін жасушалық иммунитеттің факторлары (Т-киллерлер, табиғи киллерлер, фагоциттер т.б.) атқарады.

10.1. Антидене және антидене түзу 10.1.1. Антиденелердің табиғаты

Организмге антиген енгеніне иммундық жүйенің қарсы жауабының біреуі антигендермен өзіндік байланысқа түсетін, ақуыздардан түратын антиденелерді биологиялық жолмен қорытып шығаруы. Антидене фагоциттерге үқсас иммунологиялық корғаныстың өте ерте филогенетикалық түрі. Антиденелік жауап балықтардың кейбір түрінде байқалады.

Антиденелер қан сарысуының ақуыздарының гаммаглобулии бөлігіие жатады. Гаммагло- булиндер қан сарсуының барлық ақуыздарының қүрамының 15-20 пайызын қүрайды, салмағы 10-20 гр жетеді. Антиденелер иммундық жауаитың себебінен пайда болгандықтан оларды - иммундыглобулипдер деп атайды. Олардың халықаралық белгісі Сонымен, антидене дегеніміз - антигендерге жауап ретінде түзілетін, антигендермен спецификалық байланысқа түсетін мүмкіншілігі бар, көп түрлі иммунологияльщ жауап цайтаруга қатынасатын гаммаглобулиндер. Антиденелерді В-лимфоциттер және олардан тараған плазматикалық жасушалар бөліп шыгарады.

Иммундыглобулиндер рецепторлық молекулалар түрінде иммунды жауапты жасушалар мен миеломдық ақуыздарды мекендеп, организмде айналып жүреді. Айналыста жүретін антиденелердің екі түрібар: қансарысулық және секреторлық. Иммундыглобулиндердің қатарына Бенс-Джонсон ақуыздары да жатады. Олар иммундыглобулиндердің болшектері болып миеломалық ауру кезінде мол қорытылып шығарылады.

Антиденелердің қүрылысын, атқаратын міндетін әйгілі ғалымдар тобы зерттеген. П.Эрлих - гуморалдық иммунитетгің теориясын бірінші үсынған (1885). Э.Беринг, С.Китазато күл және сіреспе қоздырушыларының токсиніне карсы антитоксикалық кан сарысуын дайындаған (1887). А.Безредка иммундық қан сарысуын ауруларға қауіпсіз пайдалану тәсілін ойлап тапқан (1923). Біздің заманда Д.Эдельман, Р.Порте (1959), Ф.Бернет (1953) және С.Тонеғава (1983) антидененің көптеген белгісіз сипаттарын анықтауға зор үлес қосты.

Антиденелер жоғарғы дәрежелі спецификалық әсер ететіндіктен және де гуморалдық иммунитет қүрылуына маңызды рөл атқарагын болғандықтан, оларды әр салада қолданады: жүқпалы аурулардың диагнозын қою, емдеу, алдын алу үшін, биологиялық белсенді заттарды алып тазарту үшін. Айтылған жағдайларды іске асыру үшін иммндыглобулиндердің негізінде сан-түрлі препараттар дайындалған.

___________________________________________________________________________________223

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]