Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

9.2.1.3.2. Иммундык жүйенің басқа жасушалары

Иммунды жауаптың дамуына лимфоциттерден басқа көбінесе миелоидтық өскінге жататын жасушалардың бірнеше түрлері қатынасады. Олардың арасындағы ең маңыздылары: гранулоцитгер, тіндік және дендритті жасушалар.

Фагоциттер морфологиялық қасиеті бойынша гетерогенді иммундыкомпететентті жасушалардың ең көп санды фракциясы. Регулягорлық, эффекторлық белсенділігі бар. Иммунды цитокиндерді, ферменттерді, ионрадикалдарды және басқа биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарып жасуша ішіндегі және жасушадан тыс киллерлікті және фагоцитозды іске асырады. Макрофагтар антигендерді өңдеп оларды Т-хелперлерге үсынады.

Эозинофилдер - қанның дәнді лейкоциттері. Қанда, болбыр дәнекер тіндерде болады. Эозинфилдер гельминттер туғызған жергілікті ісік ошағында көптеп жиналып киллерлік функцияны атқарады. Эозинофилдердің мембранасында антиденелермен белгіленген гельминттерді «танитын» ҒсR ІgА немесе Іg0 элементтері бар. Белсендірілген жасуша гельминттерді зақымдайтын төменгідей заттарды бөліп шығарады:

ферменттер (эозинофильдік пероксидаза жэне коллагеназа);

ақуызды токсиндер (басты сілтелі протеин, эозинофильдік катионды ақуыз және нейротоксин).

Сонымен қатар эозинофильдер жасушалық иммунитеттің тізбегіне және Т2 хелперлердің синтезделуіне дем беретін цитотоксиндерді (ИЛ-3,-5,-8, т.б.), және де гельминт енген жерде қабынуды қолдайтын липидтік медиаторлар, тромбоцитті белсендіретін факторларды бөліп шығарады.

Тінді жасушалар - белгісіз текті, жылжымайтын, морфологиялық әлементгер. Олар барьерлік тіндерде және қан тамырларының тінін бойлап тұрақты мекендейтін жасушалар. Мекеніне және бөліп шығаратын биологиялық белсенді қосындылар түріне сәйкес екі түрі болады: шырышты қабықшаның және дәнекерлеу тінінің жасушалары.

_______________________________________________________________________________217

Базофилдер - жілік майының жүйелік жасушаларынан туған гранулоциттер. Олардың эозинофилдермен ортақ бастаушы жасушалары бар. Қанда үнемі қайта айнала отырып анафилотоксиндер тудырған қабынуға қатынасуы, сол жерде түрақталуы мүмкін.

Базофил мен тінді жасушалар биологиялық белсенді заттардың үқсас жинағын синтездейді. Өндірілген заттар (вазактивті аминдер, сульфатталған глюкозаминогликандар) олардың денешіктерінде жиналады. Жасуша арасындағы саңлауга лейкотриндерді (С4, Д4, Е4), простагландиндерді (ПГД, ПГЕ), цитокиндерді (ИЛ-3, -4,-5, т.б.) бөліп шығарады.

Базофилдер мен тіндік жасушалардың сыртында өте белсенді ІgЕ антиденелермен байланысып олардың аллергендермен қосылуына әсер ететін (ҒсR) рецепторлар бар. Базофилдер мен тіндік жасушалар аллергендермен, анафилотоксиндермен, норадреналинмен т.б. заттармен белсендіріліп иммундық кешендермен тежеледі.

Аллергендер айтылған жасушалардың рецепторларымен байланысқан кешендермен қосылғаны, олардыңдәншіктеріныдыратып ішіндегі биологиялықбелсендізатгарды жасуша арасындағы саңлауларға бірден босатуын мәжбүр етеді. Бүл процесс гиперсезімталдықтың жедел түрін туғызады (аллергиялық реакцияның 1 түрі).

Базофил және тіндік жасуша иммунитеттің жасушалық факторының дамуына түрткі болады.

Дендритті жасушалар. Өсінді тәріздес жілік майы текті жасушалар. Олар лимфоидтық органдарды және барьерлік тіндерді мекендейді. Олардың сыртында әртүрлі рецепторлар бар. Дендритті жасушалар антигендерді қабылдап, өндеп МНС 11 кешенімен қосылып Т-хелперлерге үсынады. Олар өте белсенді жасушалар. Бүл жасушалардың арасындағысының әйгілілері Лангерганс (эпидермисте), интердигиталды (лимфа түйнектерінде) және айырша бездің дендритгі жасушалары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]