Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

9.2.1.3.1.2.3. Табиғи киллерлер

Табиғи киллер (ТК), не қалыпты киллер ( NК- жасушалар - ағылшынша NaturalKiller). Алғашында ағзада қатерлі ісікке айналған кейбір жасушаларды танып дайындықсыз оларды жоятын көлемді дәнді лимфоцитер деп сипатталған еді. Табиғи деп аталу себебі сондықтан. Олардың рецепторлық аппаратгары және әсер ету механизмі үзақ уақытқа дейін белгісіз болған.

Бүгінгі күндерде олардың ықшам морфологиялық, және де барлық лимфоциттер арасында үлесі 15 найызды жасушалар екені дәлелденген. Олардың шығу тегі лимфада болмайтын, бірақ қан ағысымен көшігі-қонып жүретін оргақ лимфоидтық алғашқы жасушалар.

Мекен жайы: бауыр, көк бауыр, жатырдың шырышты қабаты. Маркерлеріне, нақтылы мекен жайына, эффекторлық механизміне негізделіп екі субтопқа бөлінеді: «қандық» және «тіндік».

ТК- макроагзаның жасушасы ішінде өсетін паразиттерден ең басты цоргаушысы. Ол, жумысқа жүре пайда болган иммунитет факторларынан бүрын кіріседі. Соган царамастан ТК-ның биологиялыц мүмкіншіліктері шектеулі.

«Қандыц» ТК- қан ағысында айналып жүретін жасушалар. Олар көк бауырдың қызыл үлпасынан габьшады. ТК-ньщшамапы СД\6+СД56 маркерлері бар. ТК-лердін. «нысанасы» паразиттер (бакгериялар, вирустар, қарапайымдылар) жүғылған жасушалар және трансплантатгың аллогенді жасушалары болып Келеді. Іс атқару механизмі - антидене тәуелді жасуша қатысуымен жүретін цитотоксикалық процесіне жатады._________________________________________________________________________________216

«Тіндік»TKтұрақтылау болып келіп, көбінесе бауырда және жүкті жатырдың қабатында кездеседі. СД 16СД56 -маркерлері көп және де Ғаs- лигандалары бар. Іс атқару механизмі - антидене тәуелді жасуша қатынасымен жүретін цитотоксикалық. «Нысана-жасушалары» - тағам антигендері, не іштегі нәрестенің аллоантигендерімен белсендірілген лимфоциттер.

ТК -лер цитотоксигендік әсерінен басқа цитокиндердің бірталай түрін бөліп шығарады ( ИЛ-5, -ү-8, гамма-ИФН, ФНО «ісік некроз факторы» т.б.) ТК-ның әсері цитокиндердің басқа түрлерімен (ИЛ-5, -4,-10,-12,) күшейтіледі.

9.2.1.3.2.4. Гамма-сигма т-лимфоциттер

Т-лимфоциттердің арасында көбінесе СД4 СД8" маркерлері бар ерекше лимфоциттердің ықшамды популяциясы гамма-сигма лимфоциттер бар. Олар толығынан эпидермис пен ас қорыту жүйесінің шырышты қабығында орналасқан. Жалпы саны шамалы - лимфоциттердің 1 пайызындай, бірақ сыртқы тіндерде 10 пайызға дейін барады. Антигендік рецепторлары В-лимфоцитгердікіне үқсайды. Олардың иммунды рецепторларының спецификалығы шектелген. Кейбір көп тараған антигендерді (липопротеиндер, бактериялық суперантигендер т.б.) талдауға бағытталған. Бүл лимфоциттер инфекцияға қарсы иммунитеттің басталуының алғашқы кезеңдеріне қатынасады. Тағы да бір ерекшелігі - оның иммунитет жауабының неше түрлі саласында іс атқару ( цитокиндер синтездеу, солар арқылы жергілікті иммунитетгі және қабынуды белсендіру, Т2-хелперлердің өсуін күшейту т.с.) мүмкіншілігі.

Гамма-сигма лимфоциттердің щыққан тегі - иммуногенездің алғашқы кезеңдеріндегі сыртқы тінге ауысқан жүйкелік жасушалар болатындығы анықталған. Жетілуі айырша безден тыс болады. Өсіл- өнуіне зақымдалған ас қорыту жүйесінің эпителиі мен эпидермисі әсер етеді және де ол процесті ИЛ-7 күшейте алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]