Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

9.2.1.3.1. Лимфоциттер

Лифоциттер жылжымалы сыңарядролық жасушалар. Олардың белгілі морфологиялық ерекшеліктері және атқаратын ісшен бірінен бірі ажыратылады. Ағзадағы жетілу орнына байланысты олар гетероге екі топқа бөлінеді: Т-(тимус) және В- (Фабрициус қоржыны, сүйекмайы) лимфоцитгер.

Лимфоциттер жүре пайда болған иммунитетте басты рөл атқарады. Олар антигендермен алғаш кездесш, оларды танып, жасушалық және гуморалдық иммунитет жауабын және иммунитетгің барлық түрлерінің құрыла басталуын қолдайды.

Ағзада лимфоцитгер қайталап айналып үнемі жаңартылып огырады. Өзінің жылжу мүмкіншілігі арқасында қан және лимфа арқылы тін мен жасушалар арасында бірінен біріне көшіп жүреді. Олардың. орын ауыстыруы арнаулы факторлармен бағдарланып отырады. Қалай да болмасын, Т- және В-лимфо циттер, тек қана өзіне арналған орындарда қонақтайды. Иммунитетке қатынаспаған лимфоцитгер өмір сүреді. Т-лимфоциттердің өмір сүру уақыты бірнеше айдан бірнеше жылға созылады, ал В- лим фоциттердікі -жұмалардан айларға созылады. Бірақ, белсендірілген және иммундық жауапқа қатынасқан лимфоцитгердщ өмір сүру мезгілі шолақ - тек қана бірнеше тәулік. Лимфоцитгер тобының саны қатаң- бақыланып, керек уақытта олардың саны үнемі толтырылып отырылады. Ескірген, жалған белсендірілген не сол организмнің ауто- антигендеріне әсер ететіндері аппоптоз арқылы жойылып отырады.

Спецификалық қызметін атқару үшін лимфоциттердің құрамында арнаулы рецепторлар б Сондықтан лимфоциттер иммундыкомпотентгі жасушалар қатарына жатады. В-лимфоцитгердің реце ры - ВСR (ағылшын В- cellreceptor), Т-лимоцитердікі - ТСR (ағылшын Т-сеllreceptor).

________________________________________________________________________________213

Лимфоциттердің аитиген спецификалық рецепторлары күрделі қүрылыстан тұрады және олардың жасушалық бірегейлігі бар. Олар көп гендермен бақьшанатын бірнеше полипептидтік суббірлікген түрады. Қайталанып қиыстыру арқылы рецепторлардың саңсыз көп нүсқалары құрылуы мүмкін.

Қорыта келгенде, организмде үнемі қай уақытта, қандай иммундық жауап болмасын қайтара алатын спецификалық бағытталған кең «репертуарлы» лимфоциттер болады.

Лимфоциттердің антигендерді қабылдау механизмі бір қалыпты. Олардың сырт қабығымен антигендерді қабылдаған белгі арқылы лимфоцитгің ішкі құрылысына бағытталады, соның нәтижесінен процестің келесі сатысына қатынасатын ішкі ферменттер (тирозинкиназа, фосфорилаза т.б.) белсене бастайды. Лимфоциттердің жұмысы жемісті болу үшін қосымша тітіркену мен молекулалар керек.

Т-және В лимфоциттердің арасында ажыратылу белгісі жоқ жасушалар кездесуі мүмкін. Олар нөлдік жасушалар деп аталынды. Жілік майында олардың үлесі 50 пайызға дейін, ал қанда мөлшері 5 пайызға жуық. Атқаратын ісі әзірше белгісіз.

9.2.1.3.1.1. В-лимфоциттер

В-лимфоциттер барлық лимфоцитердің 15 пайызды үлесін құрайтын көбінесе эффекторлық иммунды жауапты жасушалар. Олар екі популяцияға бөлінеді: «әдеттегідей» СД5 маркері жоқ және СД5 маркері бар ВІ-лимфоциттер.

Элекгрондық микроскоппен қарағанда В-лимфоциттердің сырты бұдырланған, СД 19-22 маркерлері анықталатын жасушалар болып көрінеді. Антигенспецификалық (ВСК) жүмысты иммундыглобулиндердің ерекше мембраналық түрі атқарады. Жетілген В-лимфоциттер және сол түқымнан тараған плазмоцитгердіц антидене бөліп шығаратындары болады. Олардың негізгі өнімі иммундыглобулиндер. Сонымен қатар В- лимфоцитгер гуморалдық иммунитеттің құрылуына, В-жасушалық иммунологиялық есте сақтауда және де гиперсезімталдықтың жедел түріне қатынасады. В-лимфоциттердің ретгенуі және жетілуі алғашында сүйек кемігінде отіп, одан кейін бастаушы жасуша түрінде иммундық жүйенің шеткі органдарында өтеді. Иммунологиялық есте қалу жасушалары мен плазматикалық жасушалар В-лимфоциттердің тұқымы болады. Көлемді цитолпазма, дамығанэндоплазматикалықретикулома, көп санды рибосомалары болатын Гольджи аппараты - цитоплазматикалық жасушалардың негізгі морфологиялық белгісі. Белсенді синтездейтін плазмоциттің өмірі шолақ, 2-3 тәуліктен артпайды.

ВІ-лимфоцитгер антидене өндіретін жасушалардың арасында филогенетикалық бұтақта ең ерте пайда болғаны деп саналады. Олардың алғашқы түрлері шырышты қабықшаға өте ертерек көшіп, сол жерде иммундық жүйенің орталық органдарынан тәуелсіз өсіп-өніп өзінің популяциялық түрін сақтайды. Олардың мембранасында СД5 маркерлер бар. Бұл жасушалар микробтардың полисахаридті, липидті антигендеріне төменгі аффинды IgА, ІgМ бөліп шығарып, шырышты қабықты шартты патогенді бактериалардан иммунды қорғауды қамтамасыз етеді (8-сызбанұсқа).

В-лимфоцигтердің функционалдық белсенділігін ерітілетін антигендер, Т2-хелпердің иммундыцитокиндері, макрофагтар мен тағы да басқа жасушалар басқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]