Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

9.2. Адамның иммундық жүйесі

Организмнің ішкі ортасының генетикалық тұрақтылығын және де оның биологиялық, түр ерекшелігін сақтауды бақьшау үшін адам ағзасында иммундық жүйе бар. Бұл өте көне жүйе. Иммун/ жүйе жұмысының бастыларына «езіңдік - бөгделікті» тану, үнемі айналымда жүруі, қайталап жаңартыі және де жасушалық әлементгерінің түрақгы қарым-қатынаста болуы жатады.

МЩИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ____________________________________________________209

9.2.1. Иммундық жүйенің қүрлымдық және функцноналдық элементтері

Иммундық жүйе дегеніміз, ол мамандалынған және жекеленген анатомиялық лимфоидтық тін. Ол әр түрлі лимфоидтық қүрама, не жеке жасуша ретінде бүкіл организмге жайылған. Оның қосынды салмағы бүкіл дененің 1-2 пайызы болады. Анатомиялық қүрылысы мен атқаратын ісіне сәйкес, ол орталық және шеттік органдарға бөлінеді. Орталық органдарға жілік майы және айырша безі, ал перифериялық органдарға лимфа түйіншектері, лимфа тіннің жинағы, көк бауыр, бауыр, қан және лимфа жатады. Атқаратын ісіне сәйкес иммундық жүйе төменгідей органдарға бөліненді. иммундық жүйенің жасушаларын қайталап өндіру және сүрыптау (жілік майы, айырша без); қоршаған ортаны, не болмаса сырттан кірушілікті бақылау (терінің және шырышты қабықшаның лимфоидтық жүйесі);

ішкі ортаның генетикалық бірқалыптылығын бақылау (көк бауыр, лимфа түйіншектері, бауыр, қан, лимфа).

Иммундық жүйенің іс атқаратын басты жасушасы лимфоциттер. Олардың ағзадағы саны 10'2 дейін жетеді. Лимфоциттерден басқа лимфоидтық тіннің іс атқаратын жасушаларына мононуклеарлық және дәнді лейкоциттер, тін базофильдері, дендритгі жасушалар жатады. Жасушалардың кейбір бөлігі иммундық жүйе органдарында шоғырланған, басқа бөліктері бүкіл организмде ерікті айналымда болады.

Иммундық жүйенің органдары 6-сызбанүсқада көрсетілген.

9.2.1.1. Иммундық жүйенің орталық органдары

Иммундық жүйенің орталық органдарына жілік майы мен айырша без жатады. Олар иммундық жүйенің жасушаларын үнемі өндірушісі және сұрыптаушысы болады. Аталған органдарда лимфопоэз, яғни лимфоциттердің пайда болуы, өсіп көбеюі олардың ең алғашқы пайда болған бастаушы немесе бейиммунды жасушаға айналуы, және де олардың «үйрену» жұмыстары өтеді. Адам денесінің ішінде олар органдар ортасында орналасқан тәрізді. Құстарда иммундық жүйенің орталық органына клоакаға жуық орналасқан «Фабрициус қоржыны» (Ьигза ҒаЬгісіі)жатады. Бұл органда лимфоциттердің жоғарыда айтылғандай жетілуі өтіп антидене түзетін В-лимфоциттерге айналады. Сүтқоректі жануарларда мұндай құрылым жоқ, сондықтан оның жұмысын жілік майы толығынан атқарады. Соған қарамастан В-лимфоцитгер деген дәстүрлі ат сақталып қалды.

Жілік майы сүйектің кемікті затында болады. Жілік майында жанжақты мүмкіншілігі бар, қан мен иммундықжасушалардың негізін құрушы иммундыкомпонентті жасушалар болады. Жілік майыныңжүйелі жасушалары негізінде В-лимфоцитгер өсіп-өніп, жетіліп- жіктеліп бүкіл организмге қан арқылы тарайды. Сонымен қатар, жілік майындағы жүйелі жасушалар айырша безге көшіп Т -лимфоциттердің негізін салушы жасушаларға айналады.

Фагоциттер мен кейбір дендритті жасушалар да жілік майында құрылады және де сол ортада плазматикалық жасушаларды да табуға болады. Олар В-лимфоциттердің жетіліп жіктелуінің сонғы мезгілінде пайда болып, соңынан жілік майына қайта оралады.

Айырша без, тимус, не жемсау безі төс қуысының жоғарғы бөлімінде орналасқан. Бұл органның морфогенез жолы ерекше. Айырша без нәрестенің жатырда жатқан кезінде құрала бастайды. Нәресте дүниеге келер кез жуықтағанда оның салмағы 10-15 г., ал баланың бес жасқа толар кезінде толық кемеліне келеді, бірақ ең жоғарғы салмағына (3 0-40 г) 10-12 жастың арасында жетеді. Жасөспірімнің жыныстық өзгерістігі аяқталғаннан кейін айырша без керісінше дамып солый бастайды, оның лимфоидтық тіні майлы, немесе дәнекер тініне айналады.

Айырша без бөлшектенген үлестен тұрады. Оның құрамына ұлпалық және қыртыстық қабат кіреді. Қыртыстық қабатта «күтуші-жасушалар» деп аталатын эпителиалдық жасушаның тобы орналасқан. Олардың талшықтары тор қүрып оны «пісуіне» жуықтаған лимфоцитгер жайлайды. Ґлпалық қабатгың торында ұлпаның эпителиялық жасушалары орналасады, ал екі қабаттың арасында дентритті жасушаларды табуға болады.

________________________________________________________________________________210

Жілік майындағы жүйкелі жасушадан қүрылған Т-лимфоциттердің негізін салушы жасушалар, айырша бездің қыртысты қабығына ауысады. Сол жерде олар айырша бездің биохимиялық факторларының әсерінен шапшаң өсіп-өніп, жетілген Т-лимфоцитгерге айналып бөгде антигендердің эпитоптарын ажырату мүмкіншілігіне ие болады. Бұл процесс екі кезеңнен түрады, белгілі уақыт пен белгілі жерде жүріп «оң» және «теріс» сүрыптану арқылы өтеді. Т-лимфоциттердің антигенді тану дәрежесінң сапасы мен өмір сүру уақытының үзақгығы «оқығандығының» көрсеткіші болып табылады. «Оң» сүрыптану эпителиалдық жасушалардың көмегімен қыртыс қабатында өтеді. Оның мәні өзінің қүрлысындағы олигопептидтердің ерекшіпігіне қарамастан рецепторлары эпителиялық жасушаларының бетіндегі МНС пен тиімді байланысу және Т-лимфоциттердің клондарын демеу. Антигенмен кездесудің нәтижесінде белсендірілген жасушалар (Т-лимфоцитгер) қыртыстық эппителиоцитгерден тіршілікті сақгап өсіп-өнуге хабар алады, ал өмір сүре алмайтын, не жауап бере алмайтын жасушалар құрып кетеді. «Теріс» селекцияны қыртыс-үлпалық шекаралық аймақга орналасқан дендритті жасушалар атқарады. Оның басты мақсаты Т-лимфоциттердің аутореактивті клондарын сүрыптап шеттету, ондай жасушалар апоптоз үдеуі арқылы жойылады. Айырша бездің селекциялық жүмысының нәтижесі өте ауыр, өйткені Т-лимфоцитгердің 99 пайызы сынға шыдамай жойылып қалады. Олардың тек қана 1 пайызына жуық мөлшері МНС-пен ұқсастығы бар бөтен биополирлермен кешенді түрде тани алатын жетілген иммунды емес жасушаға айналады. Тәулік сайын «оқытылған» 106 миллионнан астам лимфоциттер айырша безден қан мен лимфаға түсіп, басқа тін мен органдарға тарайды.

Иммунды қорғаныс құрылуынаТ-лимфоциттердіңжетілуі мен «оқытылуы» өте маңызды. Мысалы, айырша без толық жетілмесе, не жасушаларының керекті саны толық болмаса, ол иммундық қорғаныс дәрежесінің күрт төмендеуіне себепкер болады. Бұндай көрніс айырша бездің іштен туған ақаулығында (аплазия, не гипоплазия), бала кезінде хирургиялық жолмен алынып тасталынғанда, не балалық шақта радиациялық зақымдауға шалдыққанда байқалады. Дегенмен, ересек адамда жасалған тимэктомия иммунитетке айтарлықтай әсер етпейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]