Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

9.1.5.Микробтардың антигендік қүрылысы

Микробтардың қүрамында антигендердің бірнеше түрі анықталады. Олардың антигендік құрылысы көбінесе эволюциялық және таксономиялық күйіне байланысты. Бактерялардың, вирустардың, саңырауқүлақтар мен қарапайымдылардың антигендерінің күрделі айырмашылығы бар. Соған қарамастан әр түрлі жүйелерге ортақ антигендері болуы мүмкін. Мысалы, бүкіл түқымдастыққа, түыстастыққа

___________________________________________________________________________________207

және түрлікке тән антигендер болады. Түрдің арасында серологиялық топты (серотоп), вариантты (серовар), не болмаса типті (серотип) анықтауға болады. Микробтардың антигендерін инфекциялық, немесе аллергиялық ауруларға диагноз қою, алдын алу, емдеу үшін, вакцина мен қан сарсуды алу және де диагностикалық реакцияларды өткізу үшін қолданады.

9.1.5.1 .Бактериялардың антигендері.

Бактерия жасушасының құрылысында талшықтық, денелік (соматикалық), капсулалық тағы басқа антигеннің түрлерін ажыратылады (5-сызбанұсқа)

Талшықтьқ, немесе Н-антигендер, жылжытқыш аппаратта, яғни олардың талшығында орналасады. Олардың химиялық қүрамы флагеллин атты ақуыздан түрады. Қызыдырған кезде флагеллин өзінің табиғи қасиетін жоғалтып, Н-антиген спецификалығынан айырылады.

Саматикалық, немесе О-антиген жасушаның қабырағасымен байланысты болады. Оның негізін ЛПС (липополисахарид) құрайды. О-антиген температураға төзімді, сондықтан ұзақ уақыт қайнатқанға шыдайды. Бірақ, соматикалық антиген альдегидтер (мысалы, формалин) және спирттердің әсеріне өте сезімтал, аталған заттар оның құрылысын бұзады.

Егерде жануарларға талшығы бар бактерияларды ексе оларда О және Н- антиген мен байланысатын антиденелер қатар пайда болады. Қайнатылған бактерияларды еккен кезде, тек қана соматикалық антигенмен байланысатын антидене синтезделеді. Фенолмен енделген бактерияның таза дақылына қарсы тек қана талшыққа қарсы антидене түзіледі.

Капсулалыц, немесе К -антиген, жасуша қабырғасының бетінде орналасады. Капсула түзетін батерияларда кездеседі. К-антиген көбінесе полисахаридтерден тұрады, тек қана, күйдіргі таяқшаларының капсуласы полипептид тізбегінен құрылады. Қыздыру кезіндегі сезімталдығына сәйкес К-антигеннің үш түрі бар: А, В, L. Қыздыруға ең төзімдісі А-түрі, ол үзақ уақыт қайнатқанға шыдайды, В-түрі-1 сағат 60° С дейін қыздыруға төзімді, ал L- түрі бұл температурада шапшаң бұзылады. Сондықтан К антигенді жартылай жоғалту үшін бактериях арды ұзақ уақыт қайнату қажет. Жоғарғы дәрежелі вируленттігі бар іш сүзегі ауруының және де әнетробактериялардың тағы бір түрлерінің жасуша қабырғасының бетінде капсулалық антигеннің ерекше нүсқатүрі айқындалады. Ол вируленттіктің антигені, немесе Уі- антиген деп аталды. Бүл антигеннің, не оған қарсы пайда болған антиденелердің табылуының диагностикалық зор маңызы бар.

Ақуыздан түратын токсиндер, ферменттер және айналадағы ортаға синтезделіп шығарылатын кейбір ақуыздардың (мысалы: туберкулин) антигендік қасиеті бар. Олар антиденелермен байланысқанда озінің әсерлі қасиетін жоғалтады. Сіреспе, күл, ботулизм аурулары қоздырғыштарының токсиндері оте әсерлі, толық бағалы антигендерге жатады, сондықтан оларды өңдеп адамға егілетін анатоксин - токсоид (вакцинаның түрі) дайындауға пайдаланады.

Кейбір қоздырғыштардың қүрамында олардың патогендік қасиетін қүруына басты себебкер болатын жоғарғы дәрежелі иммуногендік антиген тобы бар. Бүндай антигендер антиденемен байланысқанда қоздырғыштың вируленттік қасиеті толықтай бейтарапталынады, соның нәтижесінен олар сол микробқа қарсы иммунитетті қамтамасыз етеді. Ол антигендер протективті деген атқа ие. Бүндай антигендер ең алғашында күйдіргі жарасынан шыққан іріңнен табылған еді. Ол зат ақуыз токсинінің түпбірлігі болып келеді. Олар қабынушылық және летальдік деп аталатын басқа меншікті вируленттілік суббірліктерді белсендіруіне жауапты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]