Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

9.1.4.3.Қатерлі ісіктің пайда болу механизіиіне қатынасты антнгендер

Көрнекті Ресей микробиологы және иммунологы Л.А.Зильбер 1948-1949 жылдары ісіктің вирустық теориясын зерттеу жолында қатерлі ісіктің тінінде спецификалық антиген бар екенін дәлелдеген. Ондай антигендер болуының мүмкіндігі туралы алғашқы мәліметтер ХХ-шы ғасырдың 40-шы жылдары әйгілі болған еді. Кейінрек, XX ғасырдың 60-шы жылдары. Г.И. Абелев (тышқандарға сынақ қойғанда) және Ю.С. Татаринов (адамды тексергенде) бауырының біріншілік қатерлі ісігі бар аурулардың қан сарсуынан сарсулық альбумин- альфафетопротеиннің эмбрионалдық нұсқасын тапқан еді. Қазіргі уақытта ісікпен байланысты антигендер қатерлі ісіктің бірталай түрінде табылып сипаталған, одан арман кейбіреуінің гендері клондалған (таза түрде алынған). Бірақ, ісіктің барлық түрінде спецификалық көрсеткіш антигендері болмайды, болған жағдайда қатаң тіндік болмауы мүмкін. Ісікпен байланысты антигендер орналасуына және шығу тегіне сәйкес жіктеледі.

Шығу тегіне қарай сарсулық жасушалар арасындағы қуысқа синтезделіп шығарылатындар және мембрандық антигендер болып бөлінеді. Кейінгілері ісікспецификалық трансплантациялық антигендер, не болмаса ТSТА (ағылшын Тumor-speifictransplantationantigen) деп аталған. Табиғи тәуелділігіне сәйкес вирустық, эмбрионалдық., қалыпты гипертүзілетін және негізінде ісікпен байланысты мутантық антигендер деп бөлінеді.

Вирустардың ісікке байланысты антигендері негізінде онковирустардың ақуызы болып келеді. Эмбрионалдық антигендер қалыпты жағдайда ұрықтық кезде түзіледі. Олардың қатарына мысалы; альфа- фетопротеин, тестикулалардың қалыпты протеині, жыныстық бездің, меланоманың, омырау безінің қатерлі ісігінің қалыпты маркерлері жатады. Қатерлі ісікке қарсы алынған антиденелер ісіктің өсуін тежемейді, керісінше иммундысупрессиялық әсер етеді.

9.1.4.4.СД-антнгендер

Жасушаның мембранасында жасушаларды бірлестіруші, морфофункционалдық үқсас сипаттары бар, не болмаса белгілі бір сатыға дейін дамыған антигендер тобы табылады.

205

Бұл маркерлеуші молекулалар, жасушаларды бір-бірінен ажыратып анықтайтын кластерлер, яғни СД антигендер (ағылшын: Сеll Differeteation Antigensor Claster Definition) деп аталды. Олар супертұқымдастық иммундыглобулиндерге жатады, құрылысы бойынша гликопротеиндтер болады. СД антигендерді топ ішіндегі жасушалардың айырмашылығын анықгау үшін қолданады. Оның арасында көп таралғандары иммундыкомпонентті жасушалардың маркерлері, мысалы: СДЗ-Т - лимфоциттердің популяциясында экспрессияланады, Т-хел-перлерге СД4, ал СД8-цитотоксикалық Т- лимфоциттерге және Т- киллерлерге тән. СД11 а моно-, гранулоциттердің цитоплазмалық мембранасында табылады, СД11 в- табиғи киллерлерде, СД19-22 В лимфоциттердің маркерлері болып табылады. СД маркелердің тізімі өте кең, оның ішінде 200-ден астам нұсқа табылады. Иммундық жауапқа қатынасатын жасушалардың СД маркерінің бастылары 9.1.-кестеде берілген.

_______________________________________________________________________________________206

Кесте 9.

Иммундық жауапқа қатынасатын жасушалардың негізгі СБ- маркерлері

СБ- маркер

Жасушаның түрі

Атқаратын ісі

СDІ

Т-лимфоцит

Бегга-микроглобулинмен байланыскан МНСІ сыныптың молекуласы

Антигенді үсынуға катынасады

СD2

Т-лимфоцит

Цитотоксикалык Т-лимфоциттердің нысана жасушаға, Т- лимфоциттердің эпителияға тағы баскаларға жабысуына жауапты

СDЗ

Т-лимфоцит

Т-лмифоциттердің рецепторларымен қосылған молекулалар. Рецепторлардан шыккан сигналды таратуға қатынасады.Жетілген Т-лмифоцитерінің көьінің макері.

СD4

Т-лимфоцит

Хелпердің маркері, Т-жасушалық рецепторларға Ко-рецептор

СD5

Т-лимфоцит және В- лимфоцит

В-1 -лимфоциттердің маркері

СD8

Т-лимфоциг

Цитоплазмалык Т-лимфоциттердің маркері. Т-жасушалык рецепторларға Ко-рецептор

СD11

Лейкоциттер

Интегрин С018 -бен байланысқан альфа интегриннің альфаБ субтүрлігі

СD14

Моноциттер

ЛПС ушін рецепторлар

СD16

Табиғи киллер

Антиденетәуелді жасуша-жанамалы цитотоксикалыкка қатынасады Fс-рецептор

СD18

Лейкоцитгер

Жасушалық процеске қатынасты бета-интегрин

СD19

В-лимфоцит

В-жасушалық иммундырецепторға Ко-рецептор

СD20

В-лимфоцит

Калцилі арналарды калыптастырып В-жасушалардын белсендірілуін реттейді

СD21

Жетілген В- лимфоциттер

В-жасушалық иммундырецепторға Ко-рецептор СЗ - комплемент қүрамының рецепторы

СD22

В-лимфоцит

Жетілген В-лимфоцнттердің маркері. В-жасушаның В- эритроциттерге тағы басқа жасушалардын орнығынуын і ынталандырады

СD25

Т-лимфоцит

Активтелген лимфоциттердің маркері. ШІ-2 -нің рецепторы.

СD28

Т-лимфоцит

Т-лимфоциттерге рецептор

СD30

Активтелген Т-, В- лимфоциттер, табиғи киллерлер.моноциттер

Лигандмен байланысқанан кейін Т- және В-лимфоциттердің өсіп-өнуін үдетеді

СD40

В-лимфоцит

В-лимфоцитгердіқ белсендірілуіне қатынасады

СD56

Табиғи киллер

Цитоктоксикалық пен цитокиндік өнімдерді белсендіреді

СD64

Моноциттер, макрофагтар

ІgG, ІgG1, ІgG2, ІgG3, ІgG4 -лерге жоғарғы аффиндік рецепторлар

СD94

Табиғи киллер

Табиғи киллердің цитотоксикалығьга күшейту/тежеу

СD95

Әр турлі жасушалар

Жасуша апоптозының маркері

СД антигеннің клиникада иммундытапшылық ауруларға диагноз қойғанда және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенде маңызы бар. СД-маркердің түрін анықтау үшін моноклоналдық антиденелерді қолданумен серологиялық реакңияларды пайдаланады (иммундыфлюоресценттік реакция, цитотоксикалық сынама т.б.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]