Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

9.1.4.2.Гистосәйкестік антигендері

Іс жүзінде гистоүйлестіктің антигендері макроорганизмнің барлық жасушаларынан табылады. Олардың үстем бөлігі басты гистосәйкестік комплекс жүйесіне жатады (МНС) (қысқартылған ағылшын тіліндегі сөйлемнен алынған- Маin Hystocompatibity Complex)

Гистосәйкестік антигендер, "меншік-бөтенді" тану кезінде және жүре келе пайда болған иммунитетті іске асыру уақытында шешуші рөл атқарады. Бір түр арасында орган, не тін ауыстырылғанда олардың үйлесімділігін, генетикалық иммундық шек қойылуын т.б. көрністерді анықтайды. Биологиялық әлемнің қүбылысы ретінде МНС-ті зерттеуде иммуногенетиканың негізін салған Дж. Доссенің, П.Догертидің, П.Горерудың, Г.Снеллудың, Р.Цинкернагелюдың, Р.В. Петорвтың енбектерінің маңызы бар.

МНС ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдары генетикалық таза түқымды тышқандардан табылған еді. Тышқандарда ол комплекс Н-2 деп аталды.

Адам МНС-сі туралы Дж.Доссе жүмыстарында кейінірек айтылған еді. Оның лейкоциттермен байланысы бар екені дәлелденіп, НLА (ағылшынша НumanLeukocyteAntigen - АЛА адам лейкоцитерінің антигені) деп аталған болатын. АЛА-ның биосинтезін 6- шы хромосоманың қысқа жағында жатқан бірнеше локуста орналасқан гендер бақылайды. АЛА күрделі қүрылысты және полиморфты. Химиялық табиғаты бойынша АЛА жасушаның цитоплазмалық мембранасымен тыгыз байланысқан гликопротеид. Олардың кейбір бөлігінің қү-рылысы иммундыглобулиндерге үқсағандықатан оларды бір супертұқымдас- тықтарға жатқызады.

МНС басты екі сыныптан түрады (4-сызбанұсқа). Шартты түрде МНС-тің I сыныбы (МНСІ) жасушалық иммунитетті іске қосуға, ал МНСII- ші сыныбы (МНС 11) гуморалдық иммунитетке жауапты деп есептеледі. Негізгі сыныптар алледік гендер бақылайтын, құрылысы ұқсас көпсанды антигендерден тұрады. Ол жеке даралар жасушасының қабырғасында әрбір МНС генінің екеуден артық емес өнімдері табылады. Ол популяцияның гетерогендігін, және де жеке дербес пен бүкіл популяцияның өмір сүруін сақтайды.

МНСІ-дің молекулалық салмағы әртүрлі, екі бейковалентті байланыспен қосылған полипептидтің тізбегінен тұрады: ауыры - альфа тізбек, жеңілі-бета тізбек. Альфа-тізбектің трансмембранды және цитоплазмалық домендік құрылысты сыртқы участігі бар (6-1, 6-2 және б-З домендер). Бета-тізбек- цитоплазмалық мембрансында б-тізбек эксрессияланғаннан кейін, соның үстіне б-тізбек "жабысып" қалатын бета -2 микроглобулин.

________________________________________________________________________________204

Альфа тізбектің пептидтерді қондырғыш мүмкіншілігі кең. Бүл қасиеттің негізінде 6-1, 6-2 домендердің "Бьоркман саңлауы" деп аталатын жиі өзгеріштік, антигеннің молекуласын қондырып бет ашуын қүратын көрсеткішіне байланысты. МНС1 сыныбының сондай қалыпта спецификалық антиденеме; жеңіл анықгалатын нанопептидті "Бьоркман саңьшауы" сындырады.

МНСІ антигенін қүру жасушаның ішінде үздіксіз жүреді. Оның қүрамына қандай да болмасын; эндогендік пептидтер, соның ішінде вирустар да кіреді. Комплекс цитоплазмадан ерекше ақуыз протеосомалық пептидтердің көмегімен алғашында эндоплазматикалық ретикулемада жиналады. Комплекске қосылған пептид МНСІ-ге қүрлыстық төзімділік береді. Ол жоқ кезде төзімділікгі шаперои (калнексин) атқарады.

МНСІ биосинтезіне өте шапшаңдық тән, сондықтан процесс 6 сағаттың ішінде аяқталады. Бұл комплекс эритроцитер мен түкті тромбоцитерден басқа да барлық жасушаларда болады. МНС-тің жасушада орналасқан тығыздығы 7000 молекулаға жетіп, жасуша бетінің 1 пайызына дейін жауып түрады. Олардьщ молекуласының экспрессиясы цитокиндердің әсерінен үдейеді, мысалы, оған гамма-интерферон жатады, Қазіргі уақытта адамда 200-ден астам МНСІ нұсқасы ажыратылады. Оларды тұқымға тарайтын 6- хромосоманың 3 негізгі сублокусына жатқызады.

МНС I сыныбы бойынша жеке тұлғалардың түрін анықтау спецификалық антилимфоцитгік қан сарсуылармен қойылатын серологиялық әдіс - микролимфоцитолиз реакциясымен атқарылады. Сублокустардың гендері тәуелсіз болғандықтан адамдар арасында қайталанбайтын шексіз санды МНСІ қыйыстандырылған түрлері пайда болады. Мүлде үқсас ген қүрамы бар бір ұрықган дамыған егіздер болмаса, әрбір адам тұлғасы тек қана өзіне тән гистосәйкестік антигеннің жыйнағына ие.

МНСІ-тің басты биологиялық рөлі ол биологиялық даралықты анықтап "биологиялық төлқұжат"- иммундық жасушалар үшін "өзімдіктің" белгісі болады. Жасушаға вирус жұққанда, не мутация кезінде МНСІ құрылысын өзгертеді. Егерде МНСІ құрамында өзгерген пептид пайда болса ол Т-киллердің белсенділігін арттыруына белгі болады. Өзгерген МНСІ бөгде жасушалар ретінде жойылып отырады.

МНСИ- нің құрылысы мен атқаратын жүмысында бір қатар өзгешілік анықталады. Біріншіден, олардың қүрылысы өте күрделі. Комплекске ұқсас домендік құрылысы бар екі бейковаленттік байланыспен жалғанған полипептидтердіңтізбегінен тұрады (альфа-тізбек, бета-тізбек). Альфа-тізбекте бір глобулярлық учаске, ал бета тізбекте екі учаске бар. Трансмембрандық болғандықтан екі тізбекте үш учаскедентұрады: сыртқы-жасушалық. трансмембрандық және цитоплазмалық. Екіншіден, МНСll-нің "Бьоркман саңлауы" бір қатарлы екі тізбекпен құралған. "Саңлаудың" ішіне көлемді олигопетид сиып кетеді (12-25 аминқыш- қылдарының қалдығы), сонымен қатар, олигопептид "саңлауда" жасырынғандықтан спецификалық антиденелермен анықталмайды. Үшіншіден, МНСll-нің құрамына жасушаның ішінде түзілген пептидті емес, эндоцитоз арқылы жасушаңың сыртындағы ортадан алынған пептид кіргізілген. Төртішінден, МНСll жасушаның шектелген санының дендриттерінде, В-лимфоциттерде, Т-хелперлерде, белсендірілген макрофагтарда, тін базофилодерінде, эпителиалық жасушалардың бетінде болады. Егерде МНСll аталған жасушалардан басқа түрінде табылса ондай жағдайды иммундыпатология деп есептейді.

МНСll эндоплазматикалық ретикулумда түзеліп, қүрылған димерлік зат цитоплазмалық мембранаға қосылады. Оған пептид қосылғанға дейін кешенді шаперонмен (калнексинмен) тұрақталынады. Эндоцитоздан кейін МНCll бір сағаттың арасында жасушаның мембранасында анықгала бастайды. Оның қонақтау процесін гаммаинтерферон үдетіп, ал Е2 простагландин төмендетеді. Тышқандардың МНС - на І-антиген деп ат қойылып, ал адамдыкі МНС-тің 11- ші сыныбы (МНСll) деп аталды. Әйгілі мәлімет бойынша адам ағзасының МНСll-не жоғары өзгерушілік тән. Ол көбінесе бета-тізбектің құрьшысына байла- нысты. Комплекстің құрамына үш негізгі локустардың заттары кіреді: МНС- ОК, БО және ӘР. Оның үстіне ОК. 300 аллелдік түрді жыйнақтайды, БС-400 жуық,, ал БР-500-дің айналасында. МНСll -нің барлығын және де оның түрін серологиялық және жасушалық реакциялар арқылы анықтайды. Кейінгі уақытта көбінесе полимераза тізбектеу реакциясы (ПТР) қолданылып жүр.

МНСll-нің биологиялық рөлі өте зор. Негізінде бүл комплекс жүре пайда болатын иммундық жауапты ықпалдандыруға қатынасады. Антиген молекуласының бөлшегі антиген презенттейтін жасушалар (АПЖ)

МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ

деп аталатын ерекше тобының цитоплазмалық мембранасына қонақтайды. Олар сапалы мамандалған сынып (МНСll) түзейтін жыйнақы топ. АПЖ-ның ең белсендісі дендрит жасушасы, одан кейін В-лимфоцит пен макрофаг болып саналды. МНСll сыныбы құрамындағы СД антиген молекуласының кешеніндегі пептидпен бірге қабылданып талқыланады. Егер Т-хелпер МНСll қосылған пептидті бөгде деп.шешсе, Т-хелперлер керекті иммундытоксиндерді түзіп, спецификалық иммунитеттің механизімін іске қосады. Соның нәтижесінде антигенспецификалық лимфоциттердің өсіп-көбейіп, мамандалуы кемеліне келіп иммундық есте қалу құрылады.

Жоғарыда айтылғандардан басқа МНСlll бар екендігі анықталған. Оны кодтайтын геннің локусы І-ІІ- сынып арасында орналасып, оларды бөледі. Комплементтің кейбір компоненті (С2, С4), жылу күйретушілігінен пайда болған ақуыз, ісік некрозоның факторларм МНСlll-ке жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]