Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

9.1.4.Адам ағзасының антигендері

Адам организмінің тінінің аллоантигендік қасиеті бар екенін 1900 жылы КЛандштейнер дәлелдеге Сол уақыттан бастап адам организмінде алуан санды антигендердің түрі табылды. Бүл биологиялі объектілер бүкіл организмнің нәтижелі өсіп, жүмыс атқаруы үшін қажет. Сонымен қатар, ола трансплантация кезінде ағзалар мен тіндердің иммунологиялық сәйкестілігін анықтау, клиникалық лабораториялық диагноз қою және де гылыми зертгеу жүмыстарын жүргізу үшін аса маңызды ақпар жеткізеді.

Клиникалық тұрғыдан топтыспецификалық аллоантигендердің арасында ең қажеттілері ме маңыздылары қан топтарының антигені, жеке дараның гистиосәйкестік (изоантигендер)- антигендері, орган және тін спецификалықтарының арасында- қатерлі ісіктік эмбрионалды антигендер болып табылады

9.1.4.1.Адамның қан тобының антигендері

Адамның қан тобының антигендері эритроцитердің мембранасынан жеңіл аныкталатындылығынан, олар "эритроцитарлық антигендер" деп аталынды. Бүгінгі күнде 250 ден астап эртүрлі эритроцитарль антигендер табылған.

АВО мен Rh (резус-фактор) жүйесі антигендерінің аса зор клиникалық маңызы бар. Содндықті олар қан күйғанда, емдеуде, орган мен тін ауыстырғанда, әйелдердің жүкті кезінде, иммунды ауытқулардың алдын алу мен емдеуінде үнемі есте болу керек.

АВО жүйесінің антигендері адамның қан және тін жасушаларының барлығыңың мембранасында, бірақ ең көріністілері эритроцидтерде болады. Сонымен қатар, адамдардың 80 пайызында айтылға» антигендер қан плазмасында, лимфада, шырышты қабықшаның секретінде, және де басқа биологиялық1 сұйықгықгардан табылады.

АВО жуйесінің антигендері эритроциттердің алғашқы ядролы жасушаларымен және адамның басқа да бірталай жасушаларымен түзіледі. Олар жасуша арасындағы кеңістікке еркін бөлініп1 шығарылатындықтан, жасушалық биосинтез өнімі ретінде, не жасуша арасындағы сүйықтықтан сорылу нәтижесінде жасуша мембранасында пайда болады.

АВО жүйенің антигендері аса жоғары гликолиздтенген пептидтер: 85 пайызын көмірсулар және 15 пайызын полипептидтер құрайды. Пептид құрамы 15 аминқышқылының қалдығынан тұрады. Ол барлық қанның АВО-сы үшін тұрақты және иммунологиялық бейтарапты. АВО жүйесі молекуласының иммуногендігі оның көмірсулық бөлімімен анықталады.

Көмірсу бөлімінің қүрлысы бойынша АВО жүйесінің антигендерінің үш нұсқасы ажыратылады: Н, А және В. Көмірсудың үш қалдығы негізгі Н антиген молекуласының спецификалығын анықтайды. А-антигеннің құрамына қосымша төртінші К-ацетил-Д- галактоза көмірсу қалдығы, ал В-антигенге-Д галактоза кіреді. АВО жүйе антигендерінің түқым қуалайтын тәуелсіз қасиеті бар, ол қасиет ұрпақта қаның төрт түрі: 0(1), А(ІІ), В(ІІІ) және АВ(ІV) бар екенін анықтайды. Сонымен қатар популяцияда әр түрлі жиілікпен кездесетін А және В антигендердің бірнеше аллотиптері бар (мысалы А, А2 А не В,

В2 В3 ).

АВО жүйесінің қандай антигендік тобына жататынын агглютинация реакциясымен анықгап, ауруцың эритроцитгерін спецификалықтоптық антисарсумен тексереді. Бірақ, антиген жүйесінің жиі

__________________________________________________________________________________203

популяциялық өзгеріштігі болатындықтан, қан қүйар алдында міндетгі түрде реципиенттің қаны донор қанына сәйкестігін биологиялық сынақпен зерттейді.

Қан тобын анықтағанда жіберілген қателік және ауруға сәйкес емес қан күю әдетте қан тамырында эритроциттерді ерітіп гемолитикалық ауруға соқгырып және ауруды өлімге душар қылуы мүмкін.

Резус-антиген, не резус-факгорлар деп аталатын эритроциттік антигендердің екінші маңызды жүйесі- резус жүйе (Rh). Бүл антигендер эритроциттердің бастамасымен түзіліп тек қана эритроциттерде болады, өйткені олар биологиялық сүйықгықга ерімейді. Химиялық қүрьшысы бойынша резус - антиген қыздыруға шыдамсыз липопротеид болып келеді. Антигеннің 6 түрі бар. Олардың қүрылысы туралы генетикалық ақпарат бірімен бірі тіркелген көпсанды аллелдердің локусында болады

Адамдардың арасында резус-факторының болуы, не болмауына сәйкес резус-оң, резус-теріс жеке даралар деп ажыратылады. Rh антигеннің бірдей болуы тек қана қан қүйғанда емес, жүктіліктің дамуы мен аяқталуында да маңызды.

Жүктілік кезінде "резус-теріс" анамен, "резус-оң" іштегі нәрестенің арасында "резус-дауласу" пайда болуы мүмкін. Бүл патологиялық жағдай резус антигеніне қарсы антидене түзелуіне байланысты. Соның зардабынан түсік, перзенттің сары ауруы секілді иммунологиялық ауытқулар туындайды.

Эритроцит мембранасындағы эпитоптық тығыздылық жоғары дәрәжеде емес, және де олардың молекулалары антиденемен байланысуы әлсіз. Сондықтан, эритроцит мембранасындағы "резус- антигендерді" арнайы агглютинация реакциясы (Кумбс реакциясы) арқылы анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]