Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

9.1.2. Антигендердің қасиеттері

Антигендердің антигендік, спецификалық және иммуногендік деп аталатын басты қасиеттері болады.

Антигендік. Антигендік дегеніміз ол антиген молекуласының иммундық жүйе бөлімдерінің белсенділігін арттырып және иммунитет факторларымен (антидене, эффекторлық лимфоциттердің клоны) спецификалық байланысқа түсу қабілеті. Иммундық жүйенің бөлімдерімен байланысуға антигеннің тек кана белгілі бір болігі жауапты. Антигеннің ол бөлігі "антигендік детерминант " не "эпитоп " деп аталады.

Эпитоптар шығу тегіне және антигенде орналасу орнына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді:

  • үзындық, не секвенциалдық

  • сыртқыбеттік, не конформациялық

________________________________________________________________________________197

  • шеттік және орталық

  • тереңдіқ, не жасырын.

Эпитоп - ықшам көлемді, бірақ құбылмалы. Ол қасиет бір жағынан иммунитет факторларына іанысты болса, екінші жағынан эпитоптың түріне тәуелді. Эпитоптың құрылысы мен қүрамының аумалы кезеңді маңызы бар. Антигеннің тек қана бір құрылыс ы аустырылса, ол өзге қасиетті жаңа эпитоп пайда болуына соғады. Антиген ыдыраған кезде птан айырылып, немесе жаңа эпитоптарға ие болады да, сонымен қатар антигеннің спецификалық еті жоғалады.

Заттардың антигендік қасиеті көбінесе эпитоптың бар-жоғына, және де оның санына байланысты. Гір антигендердің көлемі ірі болғандықтан олардың құрамынн көптеген эпитоптар кіреді. Антигендік қасиет іске асу үшін ол міндетті түрде бөгделі болу керек. Бөгделік көрсеткішіне байланысты, жүре пайда болған иммунитет жүйесі биологиялық әлемде аса қауіптілігі бар генетикалық ше қалыпта құрылған антигендерді ажыратады. Иммунитетке жауапты жасушалар антигеннің бөгделігін молекулалық құрьшысына қарап ажыратады. Қалыпты жағдайда иммундық жүйе өзінің меншікті биополимерлеріне сезімталсыз. Егерде қандайда меншіктік биополимердің түріне иммундық жауап пайда болса, онда ол заттың бөгделік қасиетке ие лп, меншіктік қасиеттінен айырылғаны. Ондай көрініс кейбір патологиялық жағдайда иммундық аптың жүмыс тәртібі бұзылғандығынан пайда болады (мысалы, аутоиммундық аурулар мен иммунитет).

Бөгдетектік реципиент организмдер мен антиген донорының "эволюциялық қашықтылығына" пей тәуелдікте болады, организмдер неғұрлым филогенетикалық дамуда бірінен бірі алшақ болса, соғұрлым олардың антигендерінің бір біреуіне бөгдетектігі зор. Кейде бөгдетектікті бір түрдің ішіндегі парда бақылауға болады. Сонымен қатар генетикалық туыстастыққа жатпайтын эпитоптарда шамалы ұқсастық болуы мүмкін. Ондай жағдайда әртүрлі жануарлардың антигені иммунитеттің бір тектес орларымен қатынасқатүседі.Ондай антигендер "қайшылай байланысатындар" деп аталды. Айтылған көрніс әр түрге жататын жануарлардың альбуминдеріне, коллагендеріне, миоглобулиндеріне тән. Мысалы, 1 ұқсастық, стрептококтар мен миокардтың саркомасында, мерез қоздыргышы мен ірі қара малдың кардының липидінде, оба қоздырғышы мен 0(1) топқа жататын адамдардың эритроциттерінің ендік детерминантгарынан табылған.

Егерде микробтың бір түрі антигендік үқастықты организм иммунитетінің факторларынан қорғану інқолданса, ондай жағдайды антигендіқ мимикрия деп атайды.

Иммуногендік. Иммундогендік дегеніміз ол антигенің макроорганизмде өзіне қарсы қорғаныс абын туғызу мүмкіншілігі. Иммундогендіктің дәрежесі әр түрлі факторларға байланысты. Факторларды үш топқа жатқызуға "ады:

  1. Антигеннің молекулалық ерекшелігі.

  2. Антигеннің ағзадағы клиренсі (тазартылуы, оңделуі).

  3. Макроорганизмнің реактивтік (жауап қайтару) қабылеті.

Бірінші топ факторлары - табиғаты, химиялық құрамы, молекулалық салмағы, құрлысы және тағы басқалары бойынша сипатталады.

Иммуногендік көбінесе антигеннің табиғатына байланысты. Ең жоғарғы дәрежелі иммуногендік сиет ақуыздарда, полисахаридтерде бар екені, ал нуклеин қышқылдары мен липидтер, керісінше әлсіз муногендік қасиетке ие екені әйгілі. Сонымен қатар иммундық жүйені белсендіру мүмкіншілігі бар лғандықтан олардың сополимерлерінің (қосындылар); ЛПС, гликопротеидтер, липопротеидтер муногендік дәрежеліктің орта мөлшердегі түріне жатады.

Иммуногендікке антиген молекуласының химиялық құрамы белгілі дәрежеде әсер етеді. Мысалы, ,іздар иммуногенді болу үшін олардың құрамына аминқышқылдарының бірнеше түрі кіру керек. 'әжрибеде аминқышқылының бір түрінен тұратын полипептидтер иммундық жүйеге әсер етпейді.

_________________________________________________________________________________198

Сонымен қатар, ақуыздың молекуласын құратын аминқышқылыдарының оптикалық изомерлігінің маңызы бар. L- аминқышқылынан тұратын пептидтер ферменттермен жеңіл өңделіп жоғарғы дәрежелі иммуногендерге айланады. Ал аминқышқылының оң жаққа айландыратын изомерлерінен құралатын пептидтер, керісінше нашар иммундогендер.

Эпитоптардың иммуногендігі көрінетін біркелкілігіне қарамастан олардың арасында белгілі сатылық бар. Өйткені, эпитоптардың әртүрлі иммундық жауап туғызу қабілетгілігі бойынша айырмашылығы болады. Сондықтан, белгілі бір антигенді енгізгенде соған қарсы өндірілген антиденелердің ішінде жекеленген эпитоптарға спецификалық иммуноглобулиндердің өлшемі үстем келеді. Бүл көрініс иммундыдоминаттық деп аталды. Қазіргі кездегі пікір бойынша бүл көрініс гистосәйкестіктің антиген мөлшерінің презенттеуші кешеніне эпитоптардың үқсастығының айырмашылығымен байланысты. Жүйеге жақсы әсер ететініне қарамастан, молекулалық салмағы 5 кДа полипептидтер әдетте әлсіз иммуногендер. Полипептидтер иммуногенді болу үшін оның молекулалық салмағы 450 Да-нан төмен болмауы керек. Пептидтің мөлшері үлғайған сайын оның иммуногендік қасиеті жоғарылай бастайды. Теориалық көзқарас бойынша бүл көрсеткіштердің арасында белгілі тәуелдік бар, бірақ тәжиребеде басқа факторлардың әсерінен іске аспауы мүмкін. Мысалы, 70 кДа салмақгы альбуминнің иммуногендігі сол салмақты гемоглобулиндердікінен басымрақ болады.

Полисахаридтердің де арасында осындай тәуелдік байқалады. Айта кететін жағдай, нуклеин қышқылдарының арасында айтылғандай көрініс байқалмайды. Иммуногендіктің дәрежесіне антигеннің кеңістік қүрлысының әсері бар.

Антигеннің қүрамында а - бұрама (спираль), бүтақталған бүйір тізбектер және де өте тығыздықтағы құрылысымен үқсас эпитоптар болуының аса зор маңызы бар.

Антигеннің жоғары дисперсті коллоидты ерітінділерінің иммундық жауапты нашар тудыратындығы тәжірибе түрінде дәлелденген. Молекулалардың қосындысы корпускілді антигендер, бүтін жасушалар (эритроциттер, микробтар т.б.) жоғарғы сапалы иммуногендікке ие, өйткені олардың фагоцитозға түсуі өте жеңіл.

Антиген молекуласының кеңістік құрылысының тұрақтылығы да мәнді рөл атқарады. Коллаген желатинге дейін ыдыраған кезде оның молекуласының «қатаң» қеңістік құрылысымен бірге иммуногендік қасиеті жоғалады. Сондықтан, желатин ерітінділері ағзаға парентералдық жолмен еңгізуге қең қолданылады.

Иммуногендіктің тағы бір маңызды көрсеткіші, ол ерігіштік қасиеті. Мысалы, кератин, меланин, табиғи жібек сияқты жоғарғы молекулалы ақуыздар қалыпты жағдайда коллоидті ерітінді түрінде алынбайды, сондықган олар иммуноген емес. Сол себебтен қыл, кетгут т.б. медициналық тәжірибеде ағзалар мен тіндерді қайталап бірлестіруге яғни тігу үшін қолданылады.

Екінші топ факторлары антигеннің организмге ену және одан шығару қарқынымен байланысты. Антигеннің иммуногендігі оның организмге еңгізу тәсілене байланысты екені әйгілі. Бұл қасиет иммундық жүйенің антиген қонақтайтын жерлерінің анатомиялық және топографиялық құрлыс ерекшелігі мен иммундық жүйенің жетілуіне негізделген. Бұл жағдаймен вакцина еккенде міндетгі түрде санасу керек. Иммундық жауапқа антигеннің организмге еңген саны әсер етеді: саны негұрлым көп болса, ол соғұрлым иммундық жауапты қарқындату мүмкіншілігін тудырады. Бірақ, антигенді кемелінен асырып еңгізсе, онда керісінше иммунологиялық толеранттық деп аталатын көрініс туады.

Антигеннің өлшемі мен иммундық жауап күшінің арасында белгілі логарифмдік теңдік бар (А.А.Воробьев, А.В.Маркович). ІgН = альфа + бетаІgD - Альфа және Бета антигеннің иммуногендігі мен макроорганизмнің иммундық жауабын сипатгайтын коэффициент. Н - иммундық жауаптың күші, В - антигеннің саны.

Үшінші топ факторлары, макроорганизмнің жағдайына байланысты иммуногендіктің тәуелділігін анықтайды. Осыған сәйкес бірінші шепте тұқымқуалаушылық факторлар болады. Иммунизацияның нәтижесі әрбір дараның генотипіне байланысты екені жақсы мәлім. Табиғатта белгілі антигендер түріне сезімтал, не сезімтал емес жануарлардың туыстастықтары мен түрлері бар. Олар әр түрлі жануарларға

______________________________________________________________________________199

тәжірибелер жүргізілгеиде қолданылады. Мысалы, ор қоян және егеуқұйрық кейбір бакгерия антигендеріне жауап бермейді, ал теңіз шошқасы мен тышқан оларға қарқынды иммундық жауап береді. Тіпті түр тобының ішінде еңгізілген антигенге әртүрлі жауап беретін жақын туыстас даралар тобын табуға болады (инбредті жануарлар үрпағы).

Тышқандарда қарапайым антигенге жауапты бір ғана ген барлығы және ол түқымнан түқымға доминантгы модус түрінде тарайтындығы, ал күрделі антигендерге иммундық реакция көп санды гендермен бағдарланатыны гибридологиялық зерттеулер тәсілімен анықталған. Тышқандар мен егеуқүйрықтарда антигенге жауаптың күші тікелей басты гистиосәйкестік кешенмен байланысты екені нақгылы дәләденген. Айтылған көрініс адамдар арасындағы екпеге қарсы әр түрлі сезімталдықпен жауап беру түрінде кездеседі, сондықтан олар иммунологиялық реактивті және иммунологиялық оқшау топтарына бөлінеді. Сонымен қатар, генетикалық жақындыққа макроорганизмнің функционалдық жағдайы: қөнілкүйі, гормоналдық жағдайы, зат алмасу процестерінің қарқыны бірталай әсер етеді. Сондықтан, әр жеке дараның, не болмаса бүкіл адамзатгың әр жас шағында, бір текті антигенге әртүрлі сезімталдық көрсетуі осыған байланысты.

Сөйтіп, антигеннің өте маңызды иммуногендік қасиеті тек қана ғылыми зерттеуде ескеріліп қоймай, барлық жағдайда ойда болуы керек. Вакцина егудің популяциялық мәселелері иммуногендікпен, дәл айтса антиген енгізген кезде макроорганизмнің жеке даралық жауабымен байланысты. Вакцинаның дербестік өлшемін анықтау күрделі болғандықтан, әдетте, жоғарғы пайызды оң иммундық жауап беретін мөлшер алынады. Эпидемияның алдын алу үшін, не оның қарқынын баяулатып доғару үшін, қоғамда вакцинация жасалған адамдардың 95 пайызында иммунитет түзілуі керек. Жоғарғы айтылған факторларды қолданып антигеннің иммуногендігін бағыттап басқаруға болады. Антигеннің қасиеттерін бейспецификалық әсер етумен үдететін заттар тобы бар. Олар адьюванттар, және иммундымодуляторлар деп аталады. Осындай тиімді әсер ету вакцина жасағанда, иммундық емдеуде, иммундық алдын алуда және ғылыми зерттеуде кең пайдаланылады.

Спецификалъщ. Спецификалық дегеніміз антигеннің тек қана белгілі бір әпитопқа иммундық жауап туғызу мүмкіншілігі. Бүл қасиет иммундық жауаптың қүрылу кезіндегі ерекшелікпен байланысты, сондықтан иммундық жауапты жасушылардың рецепторлары тек қана бір белгілі антигеннің эпитобына жауап беруге арналған. Соған қарай антигеннің спецификалығы көбінесе сол эпитоптардың қүрылымдық қасиетімен анықталады. Бірақ, әрқашанда эпитоптар қүрылысының әртүрлі екенін және антигенге жауап беретін лимфоциттердің спецификалық гетерогенділігі де есте болу керек. Соның нәтижесінде антигендік тітірке-нуге организм көпклоналды иммундық жауап қайырады. Кейбір антигендік эпитоптар бір уақытта 100-ден астам эффекторлық лимфоциттердің клонымен өзара қатынасатыны анықгалған. Бүл көрініс спецификалық иммундыглобулиндердің аффиндығының, кең спектрлығының негізі, және де мүндай иммундыглобулиндерді поликлоналды деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]