Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

8.2.3.6. Қан сарысуының қорғаныстық ақуыздары

Қан сарысуының қорғаныстық ақуыздарының қатарына опсониндер, үшқыр фазасының ақуызы, пропердин, бетализин, фибронектин және т.б. жатады.

Опсониндер фагоцитозға кірісетін ақуыздар. үшқыр фазаның ақуызына бауыр үлпасының зақымдалғанына қарсы түзілетін С-реактивті ақуыз, ісікке қарсы ақуыз т.б. кіреді. Мысалы С-реакгивті ақуыз бөгде затты өңдеуге қатынасады да, ісік бар-жоғының белгісі болады.

Манноза байланыстырушы ақуыз. Ол қан сарысуының қалыпты ақуызы. Ол микроб қабырғасындағы маннозаның қалдығымен тығыз байланысқа түсіп, микробты залалсыздыруды жеңілдетеді.

Пропердин - комплемент жүйесінің қүрамындағы фагоцитозды қолдайтын қан сарысуындағы қалыпты гаммаглобулин. Комплементті альтернативті жолмен белсендіруге себепкер болады.

Фибронектин-плазманың, үлпа сүйықтығының макрофагтары түзетін зор мүмкіншілікті ақуыз. Ол опсонизацияны қамтамасыз етеді.

Бета-лизиндер. Тромбоцитгермен түзілетін қан сарысуының ақуыздары. Олар бактерия жасушасының цитоплазмалық мембранасына зақым келтіреді.________________________________________________________________________________________________________196

9 Тарау.

АНТИГЕНДЕР ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕСІ

9.1. Антигендер 9.1.1.Жалпы түсінік

Макроорганизм онтогенез кезінде бөгде заттармен, бейжасушалык тірлік түрімен және де биологиялық текті молекулалармен үнемі тікелей қарым-қатынаста өтеді. Олардың барлыгы макроорганизмге бөгде болғандығынан жасырын қауіптілігі болады. Олармен тікелей қатынас нәтижесінде организмнің ішкі түрақтылығы (гомеостаз) бүзылып, биологиялық процестер тежеліп, макроорганизмді өлімге душар қылуы мүмкін. Сондықтан, биологиялық бөгде заттар эволюцияның ерте қезеңінде қүрылған иммундық жүйеге қауіп төніп түрғанының ескерту дабылы болады. Олар жүре келе пайда болған иммунитеттің негізгі тітіркендірушісі. Сондай нысандар антиген (грек. апіі-қарсы, §епоз- тегі,жасау, қүру) деген атқа ие болды.

Антиген - макроорганизмге еңген кезде иммундық жүйе танитын және оны жою үшін иммундық тітіркену тудыратын организм үшін генетикалық бөгде органикалық биополимер.

Теориалық түрғы бойынша кез келген органикалық зат антиген бола алмайды. Оның арасында ағзаға қауыптілері, қауыпсіздері де бар. Бактериялардың, саңырауқүлақтардың, қарапайымдылардың, вирустардың, жануарлар организмінің және өсімтдіктердің бөлшектері, не олардың тіршіл ік әрекеті кезінде шығаратын заттары антигендер болады. Сондықтан, антигеннің тегі әржақты. Нақтылы айтқанда олар әр түрлі бөгде организмнің табиғи биологиялық синтезінің өнімі. Кейбір жағдайда антигендер организмнің өз бойында пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайдың себептері: дайын молекулалардың азуы, қалыпты биосинтез процесінің бүзылуы және генетикалық мутация.

Сонымен қатар, антигендерді ғылыми, не болмаса өндірістік мақсатта жасанды түрде дайындауга болады. Оған бағытталған химиялық синтез де кіреді. Бірақта, қай кезде болмасын антигеннің молекуласы макроорганизм үшін генетикалық богде болады.

Антигвннің макроорганизмге кіру жолдары әр салалы: тері, не шырышты кабықша аркылы, организмнің ішкі ортасына тікелей кіру, не организмнің бойында құрылу.

Антигендер иммунитетке жауапты жасушалармен танылып тізбектелген иммундық реакциялар туғызып, ал ол реакциялар антигенді бейтараптап, бүзып және олардан арылуға бағытталады. Қазіргі заманғы көзқарас бойынша антиген туралы ілім организмнің иммундық қорғанысының молекулалық- генетикалық механизмін және де ауруды иммундық емдеу мен иммундық алдын алудың принциптерін түсіну негізінің кілті болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]