Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
149-265.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.03 Mб
Скачать

14.6.2.2. Алапес (лепра) қоздырғышы (МусоЬасіегіиш Іергае)

Алапес - адамдарда болатын генерализацияланған бірінші реттік созылмалы ауру. Клиникасы- және жоғары тыныс алу жолдарының кілегей қабатының гранулематозды зақымданулары және ш жүйке жүйесі мен ішкі ағзалардың бұзылыстарымен сипатталады.

Аурудың аталуы грекше Іергоз - қабықшалы, бүдырлы сөзімен байланысты. Алапестік зақымд- негізі-туберкулездегідей спецификалық гранулема болып табылады.

Ауру қоздырғышы - МусоЬасІегіиш Іергае, 1874 жылы норвегия дәрігері Г.А.Гансен микроскопи зерттеулер нәтижесінде ашқан. Аурудың 85%-нан астамы Азия мен Африка континенттерінде кездес Қазақстанда да алапес ауруы тіркелген.

Алапес ауруы барлық мемлекетгерде кездеседі, сондықган дүниежүзіл ік денсаулық сақтау үйымы маңызды мәселесіне жатады.

Таксономиясы.

Түцымдастыгы: МусоЬасІегіасеае

Туыстастыгына: МусоЬасІегішп

Түрі: МусоЬасІегіит Іергае.

Морфлогиясы мен тинкториалдық қасиеттері. МусоЬасІегіит Іергае-тік немесе иілген, ш жұмырланғантаяқшалар. Морфологиялық ерекшеліктері бойынша туберкулез қоздыргышына ұксас. Гі оң, спора түзбейді, микрокапсуласы бар. Қозғалмайды. Қоздырғыштың ерекшелігі қышқылға, спи гұрақты, сондықтан Циль-Нильсен әдісімен ғана боялады. Антилепроздық препараттар әсері морфологиялық өзгерістер пайда болады және де қышқыл мен спиртке тұрақтылығы жойыл МусоЬасІегіит Іергае тіндік макрофагтардың жасушаішілік облигатты паразиттері және де тері аймақтық жүйке жүйесі жасушаларына (лемоциттер) жоғары деңгейдегі тропизмділігі бар (арн зақымдау). Қоздырғыш жасанды қоректік орталарда дақылданбайды. МусоЬасіегіит Іергае- дақылдандыру үшін арнайы жасуша дақылдары жасалған. Қоздырғыш жасуша цитоплазмасында көлде бөлініп көбейеді, бір жасушадан микробтың 1-3 жаңа ұрпағы пайда болады, олар бір-бірінен ажырамай сондықтан осы қоздырғышқа тән шар тәрізді жиынтықтары орналасады ("§1оЬі"). Олардың іші микобактериялар бір-біріне қатарласып орналасады, қораптағы сигареталарға ұқсас, осындай түрл зақымданған ағзаларда да орналасады. Бұндай жиынтықтар шар тәрізді 200-300 жасушадан түрады, қоздырғыштың таза дақылы болып келеді. Алапес ауруында аяқталмаған фагоцитоз дамиды. Закымд макрофагтар ерекше қасиеттерге ие - бозарған ядросы және «көбіктенген» цитоплазмасы бар. ерекшелік қоздырғыштың метаболизм өнімдерінің құрамында липидтердің көп орналасуына байланы Микрокапсуласы және липидтерге байлығы микобактериялардың фаголизомалық ферментте тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

МусоЬасІегіит Іергае-ға туберкулез қоздырғышындай полиморфнзм тән: таяқша түрлері, лентацияланған, дән тәрізді пішіндері болады. Осы ерекшеліктерін бактериоскопиялық зерттеулерде еру қажет. МусоЬасІегіит Іергае-ның Ь-пішінді түрлері де кездеседі.

Ферменттік белсенділігі. Көмірсу көзі ретінде глицерин және глюкозаны ыдыратады. Осы іырғыш арнайы О-дифенолоксидаза ферментіне ие (ДОФА-оксидаза). Бүл фермент басқа 5актерияларда кездеспейді. Тыныс алуы бойынша - аэроб, сондықтан тотығу-тотықсыздандыру рментерінтүзеді-пероксидаза, цитохромоксидаза, супероксиддисмутаза, сукцинатдегидрогеназаж.т.б. Антнгендік қасиеті. МусоЬасІегіит Іергае-ның антигендік қасиеттерінің өзгешеліктері бар: эвантсыз микроорганизмдердің суспензиясы жасушалық иммундық реакцияларды күшейтеді. Осы обактериялардың бірнеше антигендері барлық микобактерияларға соның ішінде ВСО вакциналық царға ортақ болып келеді.. Бүл жағдайды алапеске қарсы сақтандыруға қолданады. МусоЬасІегіит ргае-да және 0(1), М+, Кһ-, Р+ қан топтағы адамдарда гетерофилді антигендер табылған. Сондықтан ісы адамдардың алапес ауруына сезімталдығы жоғары, себебі МусоЬасІегіит Іергае-ның ағзада ерсистенциялануы антигендік мимикриямен байланысты.

МусоЬасІегіит Іергае-ның әкстрактілерінен басты антигендік детерминан-тасын қүрайтын түрге Іспецификалығы бар фенолды гликолипид жасалған. Фенолды гликолипидпен байланысатын антиденелер |тек алапеспен ауыратын адамдардан табылған, сондықтан ИФТ түрғындарды жаппай тексергенде осы Іінтиденелердің деңгейіне (титріне) қарай науқастанғандарды анықтау үшін қолданады. Фенолды |гаиколипидті тері аллергиялық сынама қоюға да қолданады.

МусоЬасІегіит Іергае-ға ақ тышқандар және тоғызбелдеулі сауытты жануарлар (девятипоясные Іброиеносцы) сезімтал келеді. Қазіргі уақытта Шепард әдісі кеңінен қолданылады -алапес қоздырғышын Ітышқандардың табандарына егеді. Нәтижесінде қоздырғыштың баяу аймақтық көбеюі байқалады. I Биологиялық сынақ арқылы алапес қоздырғышының өмір сүру қабілетін, жаңадан үсынған антилепрозды | дәрілердің әсерін және қоздырғышқа физикалық-химиялық факторлардың әсерін анықтайды. Осы әдіс ! арқылы 40% формалинде МусоЬасІегіит Іергае-ның 10-12 жылға дейін сақгалу мүмкіншілігі айқын болды. Шепард әдісі бойынша егеуқұйрықгар мен атжалмандардың сезімталдығы анықталды. Зертханалық жануарларға (броненосецтарға) жүқтырғанда клиникалық ағымы және морфологиялық белгілері адамның лепроматоздық алапес типіне үқсас келеді. Осы биологиялық үлгі қоздырғыштың көптеген қасиеттерін анықтауға мүмкіншілік берді, және де келешекте диагностикалық вакциналық препараттарды дайындауға себепкер болуы мүмкін.

Резистенттілігі. Өте жоғары. Адамдардың өліктерінде М.ергае үзақ уақыт сақталады. Адам организмінен тыс жағдайда тіршілік қабілеттілігін жылдам жоғалтады.

Эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері. Алапес ауруы төмен деңгейдегі жүқпалық қасиеті бар антропонозды инфекция. Бүл ауру әлеуметтік-экономикалық жағдайға тікелей байланысты. Табиғи резервуары және қоздырғыштың көзі-ауру адам. Жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде алапес қоздырғыштары қоршаған ортаға көп мөлшерде түседі. Әсіресе антибиотиктерге түрақты лепроматозды аурулар өте қауіпті, бүлардың мүрын бөліндісінде қоздырғыш өте коп мөлшерде орналасады. Негізгі жүғу механизмі - аэрогенді, таралу жолдары - ауа-тамшылы, лепромалар мен инфильтраттары ьщырағанда ойықжараның бөліктері және көптеген биологиялық бөлінулер арқылы жүғады.

Ену қақпасы - жоғары тыныс алу жолдарының кілегей қабаты және зақымданған тері. Солар арқылы енген қоздырғыш лимфагематогенді жолмен тарал ып, тері жасушаларын және жүйке жүйесі леммоцитгерін зақымдайды. Себебі қоздырғыш фибронектин байланыстырушы ақуыз боледі. Осы арқылы олар жасушаға өтеді.

Инкубациялық кезеңі 3-5 жылға дейін, дегенмен 6 айдан 30 жылға дейін созылуы мүмкін. Алапес кезіндегі барлық тіндердің зақымдануы ағзаның иммундық реакциялар нәтижесі болып табылады. Ал аурудың дамуы толығымен макроорганизмнің резистенттілігіне байланысты.

Алапестің келесі клиникалық түрлерін ажыратады: туберкулоидты, лепроматозды. Лепроматозды түрі эпидемиологиялық жағынан өте қауіпті.Иммунитеті. Алапеске қарсы жасушалық иммунитет пайда болады. Макрофагтар ала қоздырғышының көбеюін шектей алмайды. Сонымен қатар, фенолды гликолипидтерге және басқа антигендерге антиденелер көп мөлшерде түзіледі. Бүл аурудың клиникалық түрлеріне байланысты.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу материалы-тері мен мүрын кілегей қабықшалары бөлшектері, қақырық, лимфа пунктаттары т.б. Зерттеу үшін бактериоскопиялық, серологиялық әді қолданылады. Жедел әдісі бактериоскопиялың. Жағындыны Циль-Нильсен әдісімен бояйды. Қорыты диагноз кою үшін тері және кілегей қабаттарын гистологиялыц зерттеулермен толықгырады. Сероло диагностикасы - фенолды гликолипидке қарсы антилипидтерді ИФТ көмегімен анықтау.

Қосымша зерттеулері - аурудың иммундық статусын анықтау, фенолды гликолипид лейкоциттердің бласттрансформация реакциясын және лепроминді сынама қою. Аллергологиялыц Аса сезімталдықты анықтауға лепроминмен сынама қойылады. Лепроминді сынама - Фернандес ж Мицуда реакциясы арқылы жүргізіледі.

Емдеуі. Алапеске қарсы емдеуге арналған негізгі препараттар: сульфон препараттары, дапсо солюсульфон, диуцифон. Сонымен қатар, рифампицин, клофазимин, фторхинолондар қолданылады. Емд үзаққа созылады (3-10 жылға дейін). Бірақ алапес қоздырғыштары жүйке жүйесінде, бүлшық етгер сақталуы мүмкін.

Алдын алуы. Алапеске қарсы арнайы сақтандыру препараттары жасалмаған, тек қана әндемиял аудандарда ВСС вакцинасы қолданылады. Оның қүрамында А лепромин және ВСО бар. Вакцинаны ег алдында лепромин сынамасы қойылады. Теріс нәтижелі Мицуда реакциясы бүндай адамдард^ микобактерия жүқтырғанын, аурудың жасырын кезеңінің дамуын көрсетеді. Сондықтан оларғажоспард тыс ВСО вакцинасы егіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]