
- •А)Тапшылық анемиясы
- •А)Темірдің және микроэлементтердің тағаммен жеткіліксіз түсу
- •В)Шала туылған нәрестенің ерте анемиясы
- •D) Белокты, глюкозаны, майларды парентеральды енгізу
- •В) II дәрежелі гипотрофия
- •D) II дәрежелі гипотрофия
- •D) Пилороспазм
- •В) артериялық қан қысымы с.Б. 100/50 мм
- •С) өсу зонасының үзік-үзік тығыздануы
- •D) қандағы кальций деңгейі төмен, фосфор деңгейі қалыпты
- •D) фгдс
- •А) Сиыр сүтін адаптациялық қоспаларға ауыстыру
D) II дәрежелі гипотрофия
Е) III дәрежелі гипотрофия
66.5 айлық қыз бала анасымен аймақтық дәрігерге қабылдауына келді.Анасы қыз баланың аз салмақ қосуына шағымданады. Қазіргі салмағы - 6000г. Туылған кездегі салмағы - 3800г. Қараған кезде: терісі бозғылт, сұр, құрғақ, оңай қыртыстанады, шел-май қабаты іште жоғалған, аяқ қолында азайған, тін тургоры төмендеген.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
А) Паратрофия
В) Нормотрофия
С) Гипостатура
D) 1-ші дәрежелі гипотрофия
Е) 2-ші дәрежелі гипотрофия
67. 1 жасар ұл бала ансымен аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Балада гипотрофияның 2-ші дәрежесі анықталды. Анамнезінде туылғаннан бастап ентігу, мезі ететін жөтел, өкпеде әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. 1 жастан бастап “үлкен іш”, көп көлемді, сасық иісті, майлы үлкен дәрет байқалып жүр, 2 рет тік ішегінің шығып кетуі байқалған.
Бұл баладағы гипотрофияның себебін анықтаңыз?
А)Фенилкетонурия
В)Муковисцидоз
С)Целиакия
D)Сепсис
Е)Ішек инфекциясы
68.3,5 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Ана сүтін емеді, әлсіз, респираторлы инфекциямен, отитпен ауырған. Гипотрофияның 2-ші дәрежесі анықталды. «Малютка» қоспасымен тамақтанады.
Бұл балаға дұрыс тамақтануын принципін таңдаңыз?
А) Белок, көмірсуды жасына сәйкес салмаққа, майды қазіргі салмағына есептеу
В) Барлық макронутриенттерді жасына сәйкес салмаққа есептеу
С) Макронутриенттер қазіргі салмағына есептеу
D) Шырын қосу, жеміс-жидек пюрелерін қосу
Е) Донорлық сүтті беру
69.3 айлық ұл бала анасымен стационарға келіп түсті. Анасы баланың аз салмақ қосуына шағымданады.
Қандай көрсеткіш гипотрофияның 2-ші дәрежесі деп қоюға қоюға негіз болды?
А)Тәбетінің төмендеуі, ұйқысының мазасыз болуы
В)Терінің эластикалық қабілетінің төмендеуі
С)Іште, аяқ-қолда тері асты май қабатының аз болуы
D)Іште, аяқ-қолда тері асты май қабатының болмауы
Е)Жиі құсу, үлкен дәретінің сұйылуы
70.Аймақтық дәрігердің қабылдауына анасы өздігінен отыра алмайтын 7 айлық баланы әкелді. Терісі бозғылт, тін тургоры төмендеген, іште тері асты май қабатының болмауы, аяқ-қолында аз екендігі байқалды. Дене салмағы қалыптыдан 20%-ға төмен.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
А) I дәрежелі гипотрофия
В) II дәрежелі гипотрофия
С) III дәрежелі гипотрофия
D)Паратрофия
Е) Гипостатура
71. 2,5 айлық қыз бала анасымен аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Ана сүтін жақсы емеді, ему кезінде мазасыз. Анасының сүтін және бейімделген қоспа қабылдайды. Анасы студент болғандықтан, қарт әжесі балаға қарайды. 1 ай бұрын бала ринитпен ауырған. Балаға гипотрофия деген диагноз қойылды.
Гипотрофияның себебін көрсетіңіз?
А)Ана сүтінің аздығы
В) Қоспа мөлшерінің аздығы
С)Инфекциямен ауыру
D)Күтімнің нашарлауы
Е)Тәбеттің нашарлауы
72.4 айлық ұл бала анасымен аймақтық дәрігердің қабылдауына келді. Гипотрофияның 1ші дәрежесі деген диагноз қойылған. Туылған кездегі салмағы 3400г, қазіргісі - 5500г. Анасының сүтін емеді. Мазасыз, ему кезінде қомағайлық байқалады.
Гипорофияның 1-ші дәрежесі деген диагноз қоюға не себеп болды?
А)Тін тургорының төмендеуі
В)Іште тері асты шел-май қабаты азаяды
С)Салмағы қалыптыдан 700 г-ға төмен
D)Тамақтандыру кезінде нәрестенің мазасыздануы
Е)Бетте тері асты шел май қабаты азаяды
73. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 4 айлық қыз бала анасымен келді. Анасы аз салмақ қосатындығына шағымданады.
Қандай көрсеткіш гипотрофияның 2- ші дәрежесі деп қоюға негізгі себеп болды?
А)Бетте тері асты шел-май қабаты азаяды
В)Жиі лоқсу, құсу
С)Іште тері асты шел-май қабаты азаяды
D)Іште, аяқ-қолда тері асты шел-май қабаты азаяды
Е)Үлкен дәреттің сұйылуы
74.Аймақтық дәрігердің қабылдауына 5 айлық ұл бала анасымен келді. Жасанды тамақтандырылуда, тәулігіне 2 мезгіл ботқамен тамақтанады.Салмақ қосуы жақсы.
Бұл нәрестеге қандай критерийге сүйеніп паратрофия диагнозы қойылды?
А)Үлкен дәреттің тұрақсыз болуы
В)Тері асты жеткіліксіз дамыған
С)Терінің бозғылттануы
D)Бұлшық еттердің гипотониясы
Е)Жұмсақ тіндер тургорының төмендеуі
75.Аймақтық дәрігердің қабылдауына 5 айлық ұл бала анасымен келді. Соңғы 4 айда құрамында 4% белок, 60% майлар, 36% көмірсуы бар, жалпы калориясы 110 ккал/кг құрайтын тағамдар мен қоректік заттар түсіп отырған.
Балада қандай ауруы дамуы мүмкін?
А)Гипотрофия
В)Квашиоркор
С)Рахит
D)Семіздік
Е)Паратофия
76.Стационарға өршіген дистрофиямен 1 айлық ұл бала түсті. Анамнезінде: туылған кезден бастап бала салмағын аз қосып отырған, нәжісі тұрақсыз, 2 апталығында әр тамақтанған сайын фонтан тәрізді құсу болған, ауруханаға түскен кезінде баланың салмағы 21%-ға дейін азайған, бойында ешқандай өзгерістер байқалмайды.
Баланың дисторфия дәрежесін бағалаңыз?
А) Паратрофия
B) Гипостатура
С) I дәрежелі гипотрофия
D) II дәрежелі гипотрофия
Е) III дәрежелі гипотрофия
77.Стационарға өршіген дистрофиямен 1 айлық ұл бала түсті. Анамнезінде: туылған кезден бастап бала салмағын аз қосып отырған, нәжісі тұрақсыз, 2 апталығында әр тамақтанған сайын фонтан тәрізді құсу болған, ауруханаға түскен кезінде баланың салмағы 21%-ға дейін азайған, бойында ешқандай өзгерістер байқалмайды.
Бұл жағдайдағы дистрофияның негізгі себебін анықтаңыз?
А) Жедел ішек инфекциясы
В) Пилороспазм
С) Лактаза жетіспеушілік
D) Пилоростеноз
Е) Өңеш ахалазиясы
78.Стационарға ОЖЖ зақымдалған және қайталамалы обструктивті бронхитпен ауыратын 9 айлық ұл бала балалар үйінен келіп түсті. Тыныс жетіспеушілігінің 1-ші дәрежесі бар. Тексергенде баланың бойы 60см, салмағы 6 кг (туылған кездегі салмағы 2900г, бой ұзындығы 49 см). Баланың физикалық, психомоторлық жағынан дамуының тежелуі байқалады.
Дистрофияның дәрежесін бағалаңыз?
А) I дәрежелі гипотрофия
В) II дәрежелі гипотрофия
С) III дәрежелі гипотрофия
D) Паратрофия
Е) Гипостатура
79.Стационарға ауыр пневмониямен және өршіген синдромымен 7 айлық бала келіп түскен. Тексергенде: дене салмағы 22%-ға дейін азайған, психомоторлық қызметінің дамуы тежелген. Қатты қақырықсыз жөтелдің салдарынан өкпеде физикалық өзгерістер бар, іші ұлғайған, нәжісі өзгерген. Балаға ана сүті және «NAN» қоспасы беріледі. Үлкен дәретін қарағанда: нәжісі мол, майлы, жабысқақ, жылтыр түсті және сасық иісті.
Гипотрофияның дәрежесін анықтаңыз?
А)Гипостатура
В) I дәрежелі гипотрофия
С)II дәрежелі гипотрофия
D) III дәрежелі гипотрофия
Е) Паратрофия
80.Стационарға ауыр пневмониямен және өршіген синдромымен 7 айлық бала келіп түскен. Тексергенде: дене салмағы 22%-ға дейін азайған, психомоторлық қызметінің дамуы тежелген. Қатты қақырықсыз жөтелдің салдарынан өкпеде физикалық өзгерістер бар, іші ұлғайған, нәжісі өзгерген. Балаға ана сүті және «NAN» қоспасы беріледі. Үлкен дәретін қарағанда: нәжісі мол, майлы, жабысқақ, жылтыр түсті және сасық иісті.
Аталған баладағы дистрофияның негізгі себебін көрсетіңіз?
А) Экссудативті энтеропатия
В) Ішек дисбактериозы
С) Муковисцидоз
D) Целиакия
Е) Созылмалы пневмония
81. Аймақтық дәрігер гипотрофияның 1-ші дәрежесі мен диарея бойынша 1,5 айлық ұл баланы үй жағдайында тексерді. Анамнезінде туғаннан бастап нәжісі тұрақсыз, соңғы 2 аптаның ішінде тәулігіне 8-10 рет іші өте бастады. Нәжісі сулы, патологиялық қалдықтарсыз, қышқыл иісті. Бала үлкен дәретке отырғанда мазасызданады, көп мөлшерде газ шығады. Ана сүтін емеді.
Бұл баладағы дистрофияның негізгі себебін көрсетіңіз?
А)Стафилоккты энтероколит
В) Ішек дисбактериозы
С) Лактаза жетіспеушілік
D) Целиакия
Е) Муковисцидоз
82. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 1 айлық ұл бала анасымен келді. Салмақ қосуы аз. Анамнезінде: туылғаннан бері көп құсу, үлкен дәреті тұрақсыз (іш қату мен диарея алмасып отырады), ұйқысы мазасыз. Қараған кездегі баладағы дене салмағының жетіспеушілігі 11%.
Баладағы гипотрофияның дәрежесін көрсетіңіз.
А)Гипостатура
В)I дәрежелі гипотрофия
С)II дәрежелі гипотрофия
D) III дәрежелі гипотрофия
Е) Паратрофия
83. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 1 айлық ұл бала анасымен келді. Салмақ қосуы аз. Анамнезінде: туылғаннан бері көп құсу, үлкен дәреті тұрақсыз (іш қату мен диарея алмасып отырады), ұйқысы мазасыз. Қараған кездегі баладағы дене салмағының жетіспеушілігі 11%.
Баладағы дистрофияның негізгі себебін көрсетіңіз.
А) Ішек дисбактериозы
В) Пилоростеноз
С) Өңеш ахалазиясы