Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100 148.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.29 Mб
Скачать

6.1.5. Өсімдіктекті дәрі-дәрмектік шикізат микрофлорасы, фитопатогенді микробтар

Өсімдіктекті дәрілік шикізаттар өндіру барысында микроорганизмдермен ластануы мүмкін: су арқылы, стерильді емес дәріханалық ыдыс арқылы, өндірістік бөлмелердің ауасы және медициналық қызметкер қолы арқылы. Өсімдіктердің қалыпты микрофлорасы және өсімдіктер ауруларының қоздырғыштары - фитопатогенді микроорганизмдермен ластануы мүмкін. Фитопатогенді микроорганизмдер өсімдіктердің көпшілігін зақымдап, таралуға қабілетті.

Қалыпты жағдайда өсімдіктердің бетінде дамитын микроорганизмдер эпифиттерге (грек сөзінен ері- үстінде, phyton - өсімдік) жатады. Олар өсімдіктерге зияндылық көрсетпейді, кейбір фитопатогенді микроорганизмдердің антагонисі болып табылатын осімдікткрдің әдеттегі бөлімдері және өсімдік беткейіндегі органикалық ластанулар есебінен өседі. Эпифитті микрофлора фитопатогенді микроорганизмдердің өсімдік тініне енуіне кедергі жасап өсімдік иммунитетін күшейтеді. Эпифитті микрофлораның

_____________________________________________________________________________________116

көпшілігін Грам теріс таяқша тәрізді бактериялар Еrwinia herbicola (1989ж ұсынылған жаңа аты - Раntoea agglomerans) кұрайды, ЕПА-да алтынды-сарылы колониялар түзіп түрады. Бүл бактериялар жемістердің жүмсақ щірінді қоздырғышының антагонисі болып табылады. Қалыпты жағдайда басқа да бактериялар Pseudomonas fluoresens, Васillus тезепіегісиз сияқты бактериялар жэне саңырауқүлақтардың аздаған мөлшері сирек табылады.

Микроорганизмдер өсімдіктердің жапырақтары, сабақтарында ғана емес, түқымдарында да кездеседі. Өсімдіктердің беткейі мен түқымының бүзылуы, онда көп мөлшерде шаңдар мен микроорганизмдер жиналуы себепкер болады. Өсімдік микрофлорасының қүрамы өсімдіктің түріне, жасына, топырақ типі мен қоршаған орта температурасына байланысты. Ылғалдылық жоғарылағанда эпифитгі микроорганизмдер саны өседі, ылғалдылық төмендегенде - азаяды.

Топырақта, өсімдіктер тамырының маңайында микроорганизмдердің маңызды мөлшері орналасады. Бүл аймақ ризосфера (грек тілінен rhiza-тамыр, shaira -шар)деп аталады. Ризосферада жиі споратүзбейтін бактериялар (псевдомонадалар, микобактериялар және т.б.) және де актиномиңеттер, спора түзетін бактериялар мен саңырауқүлақтар кездеседі. Ризосфера микроорганизмдері әртүрлі субстраттарды осімдіктерге тиімді қосындыларға айналдырады, биологиялық белсенді қосындылар (витаминдер, антибиотиктер т.б.) синтездеп, өсімдіктермен өзара симбионтгы қатынасқа түседі және фитопатогенді бактерияларға қарсы антагонистік қасиетке ие болады.

Өсімдіктер тамырының беткейіндегі микроорганизмдер (ризоплан микрофлорасы) ризосфераға қарағанда, коп мөлшерде псевдомонадалар түрінде кездеседі. Жоғары сатылы өсімдіктер тамырының саңырауқүлақ миңелиімен симбиозы микориза, яғни саңырауқұлақты тамыр (грек тілінен mykes- саңырауқүлақ, rhiza-тамыр) деп аталады.

Орман өсімдіктеріне қарағанда, дақыл егілген топырақ өсімдіктері көп дәрежеде ластанған. Әсіресе өсімдіктердің төменгі тамыр маңайында микроорганизмдер көп болады, ол микроорганизмдердің топырақтан түсуіне байланысты. Көп мөлшерде микроорганизмдер суару алаңдарында, қоқыс тастайтын жерде, көң сақтау орнында, мал жаю орындарында өсетін өсімдіктерде табылады. Мүнда осімдік патогенді микроорганизмдермен ластануы мүмкін, оны дүрыс өңдемегенде, ол микроорганизмдердің кобеюіне қолайлы қоректік орта болады. Өсімдіктерді кептіру проңесі-олардың өсуіне кедергі жасайды.

Фитопатогенді микроорганизмдерге: бактериялар, вирустар және саңырауқүлақтар жатады. Бактериялар қоздыратын аурулардыбактериоз деп атайды. Бактериоз қоздырғыштарының арасында псевдомонадалар, микобактериялар, эрвиниилер, коринабактериялар,аргобактериялар және т.б.кездеседі. Бактериоздарға - шіріткіштердің түрлері, тіндер некроздары, өсімдіктердің солуы, ісік дамуы және т.б. жатады.

Бактериоздарды жалпы және жергілікті деп ажыратады.Жалпы бактериоздар өсімдіктің толық немесе оның жеке болімдерінің өлуін туғызады. Олар түптамырларында (тамырлық шірінді) немесе тамырлы жүйесінде көрініс беруі мүмкін. Жеке бактериоздар өсімдіктің жеке бөлімдерін зақымдаумен шектеліп, паренхималы тіндерде көрініс береді.

Еrwinia туыстастығы күйік, солу, ылғалды немесе сулы шірінді типті ауру шақыратын түрлерден түрады. Мысалы: Е.- amylovora мен алмүрт күйігінің қоздырғышы, Е.сarotovara- ылғалды бактериалық шірінді қоздырғышы.

Рseudomonas туыстастыгы бактериалды дақ шақырады (Р. syringae және т.б.), бүл кезде жапырақтарда әртүрлі боялған, өсімдік түріне байланысты мөлшері әртүрлі түрлі-түсті дақтар түзіледі.

Хanthomonas туыстастыгындағы бактериялар жапырақтарда дақ түзіп зақымдап, өсімдіктің тамырлы жүйесіне еніп, оның элементерін тығындап, осімдік өлімін туғызады. Сондықтан, тамырлы бактериоз қоздырғышы - X. саmpestris болып табылады.

Агробактериялар өсімдіктерде әртүрлі ісіктер тудырады. Ісіктің дамуы онкогенді плазмидамен қоздырылады, ол агробактериямен осімдік жасушасына беріледі. Бүл бактерияның гликопептидтері өсімдік тамырының жасушалық мембранасын зақымдау нәтижесінде өсімдік тамырын бітеп, оның жойылуына әкеледі.

____________________________________________________________________________________117

Бактериоздар қоздырғыштары зақымдалған тұқым, ауру өсімдік қалдығы, топырақ, ауа, су, жәндік, моллюска, нематодалар арқылы беріледі. Бактерия өсімдік ішіне енгеннен соң, өсімдік жасушалары зақымдалып, бір- бірінен ажырайды. Бұлай ену интрацелюлярлы, жасушааралық, ауруы - паренхиматозды деп аталады.

Бактерия тамыр шоғырында өсіп- өніп кобейсе, тамыр қуысы бактериалық массамен бітеліп, нэтижесінде бактерия токсинінің әсерінен осімдік солады.

Өсімдіктерде мозаика жэне сарғыштану ауруын шақыратын қоздырғыштар - вирустар. Мозаикалық ауруда өсімдік осуі томендеп, зақымдалған жапырақ пен онімде дақты түс көрінеді. Сарғыштану осімдіктің ергежейлігімен, коптеген бүйір оскіндерінің, гүлдерінің т.б.өзгерістерінен байқалады. Зақымдалған дәннен тағам дайындағанда, осімдіктерді зақымдайтын саңырауқұлақтар тағамдық улану- микотоксикоз қоздырады. Микотоксикоз, мысалы, эрготизм ауруы - қастауышпен (Сlaviceps purpurea саңырауқұлағы) зақымдалғвн дәннен дайындалған азықты қолдағандадамиды. Төменгі температурада, ылғалды жағдайда өсімдіктерде Fusarium, Penicillium, Aspergillus және т.б. саңырауқұлақтар дамып, адамдарда микотоксикоз қоздырады.

Фитопатогенді микроорганизмдермен күресу үшін келесі шаралар жүргізіледі: тозімді өсімдіктер өсіру, тұқымды тазалау және оңдеу, топырақты залалсыздандыру, зақымдалған осімдіктерді алып тастау, ауру қоздырғышын тасымалдаушыларды жою.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]