- •5.6.2. Интерферондар
- •Ifn препараттары
- •Ifn препараттарың кейбір вирустық инфекциялар кезінде клиникалық пайдаланудың
- •5.6.3. Интерферондардың индукторлары (ии)
- •Ifn индукторлары
- •6 Тарау.
- •6.1.2. Су микрофлорасы
- •6.1.3. Ауа микрофлорасы
- •6.1.4. Тағам онімдерінің микрофлорасы
- •6.1.5. Өсімдіктекті дәрі-дәрмектік шикізат микрофлорасы, фитопатогенді микробтар
- •6.1.6. Өндірістік, тұрмыстық және медициналық зерзаттардың микрофлорасы
- •6.1.7. Табиғаттың заттар айналымындағы микробтар рөлі
- •6.2.1. Адам организмінің микрофлорасының маңыздылығы
- •6.2.2. Дисбактериоз
- •6.2.3. Қоршаған орта факторларының микробтарға әсері
- •6.3. Қоршаған ортада микробтарды жою
- •6.3.1. Стерилизация
- •6.3.2. Дезинфекция
- •6.3.3. Асептика және антисептика
- •Шығу тегі бойынша:
- •Химиялық құрылымы бойынша:
- •Стерильдеу, дезинфекциялау және ирофилактикалық антисептиканың айырмашылықтары
- •6.4. Санитарлық микробиология
- •6.4.1. Су, топырақ, түрмыстық заттарды микробиологиялық бақылау
- •6.4.2. Ауаны микробиологиялық бақылау
- •6.4.3. Тағам өнімдерін микробиологиялық бақылау
- •6.4.4. Дәрілік заттарды микробиологиялық бақылау
- •7 Тарау. Инфекция туралы ілім
- •7.1. Инфекциялық процесс және жұқпалы ауру
- •7.1.2. Инфекциялық процестің сатылары мен деңгейлері
- •7.1.3. Жұқпалы ауру туралы түсінік
- •7.2. Инфекциилық процесс қоздырғыштары - микробтардың қасиеттері 7.2.1. Патогенді, сапрофитті және шартты-патогенді микробтар туралы түсінік
- •7.3. Патогенді микробтардың қасиеттері
Ifn препараттарың кейбір вирустық инфекциялар кезінде клиникалық пайдаланудың
тиімділігі (эффективтілігі)
Нозологиялық түр |
Емдеу тиімділігі |
Генитальдық үшық, белдемелі теміреткі |
Рецидив мерзімінің айқын қысқаруы, ауырудың төмендеуі, рецидиваралық кезеңнің ұзаруы. IFN-н емдеу кезінде иммунды депресанттар қабылдап жатқан ауруларда белдемше теміреткі 3 есе сирек кездеседі. |
Кератиттер, кератоконъюктивиттер (үшықтық, аденовирустық) |
IFN-ды жергілікті пайдалану кеселдің ауырлығын төмендетеді және үзақтығын қысқартады. |
ЖИТС кезіндегі ЦМВ инфекция және бүйрек, сүйек кемігі алмастырылғанда болатын инфекциялар. |
ЦМВ-қ пневмония және гепатит кезінде профилактика үшін қолдану. |
Грипп және басқа ЖРВИ |
ЖРВИ жедел профилактикасы үшін, әсіресе қатерлі топтар арасында (балалар, қарттар), сәби л<астағы балаларда РС-инфекция кезінде емдеу мақсатында IFN енгізуді қолданады. |
Вирустық гепатиттер (В,С,Б гепатиттердің жедел және созылмалы түрлері)
|
Айқын клиникалық эффект. Ауыр жағдайларда интоксикацияның үзақтылығы және үдемелілігі азаяды. Өліммен аяқталуы 60%-ға дейін төмендейді, вирустық репликацияның маркерлері НВз және НВе- антигендер жойылады, сарысулық трансамидаза көрсеткіштері қалпына келеді. |
Папилломавирустық инфекциялар |
IFN-і жергілікті пайдаланғанда сенімді клиникалық эффект (папилломдардың жойылуы) байқалады. |
Генитальдық сүйелдер, үшкір шетті кондилломалар |
Емдеу басталғаннан 6-10 аптадан кейін сүйелдердің толық лсойылуы (50-100% жағдайда), папилломды алып тастағаннан кейін IFN-мен үдемелі емдеудің нәтил<елігі дәлелденген. |
Кеңірдек папилломатозы |
IFN-ды жүлын каналына немесе бас ми қуыстарына енгізгенде әртүрлі дәрежедегі клиникалық жақсару байқалады. |
Склероздық жеделше панэнцефалит |
Иммунологиялық параметрлер қалпына келеді, 50% жағдайда инфекция барысынын жітілігі төмендейді, аурудың сарысулық маркерлері жойылады. Капоши саркомасы (ЖИТС-пен ассоциацияланған) кезінде тиімділігі 32-50% -ға жетеді. |
ЖИТС (СПИД) |
Анти-АИВ - препараттарымен қоса емдеу үсынылады. |
Интерферонды қолданған кезде байқалатын жанама әсер (побочные) жағдайлар:
тұмау тәріздес синдром (жалпы жағдайының нашарлауы, дене температурасының көтерілуі, қалтырау, тершеңдік, әлсіздік, шаршау, ұйқышылдық, апатия, астения, миалгия, артралгия, бас ауыруы);
транзиторлы гипо- және гипертензия, ісіну, цианоз, аритмия;
диспепсиялык бұзылыстар (тәбетінің болмауы, лоқсу, құсу, іші ауыруы, кебіну, моторикасының күшеюі, қыжылдау);
теріде бөртпе шығу және қышыну, экзантема, есеюкем, тері жабындысының құрғақтануы, шаш
түсу;
лейко- және тромбоцитопения, гемоглобин және гематокрит көрсеткішінің төмендеуі;
кейбір бауыр ферменттерінің деңгейінің, билирубиннің, қан сарысуының сілтілі фосфатазасының артуы;
_________________________________________________________________________104
тырысу синдромы, галюцинация, бас айналу, депрессия, ашушаңдық, церебральдық функцияның бұзылуы;
шеткейлік нерв жүйесінің бүзылуы, парестезия, нейропатия, тремор, сезімталдылығының жойылуы;
протеинурия, альбуминурия, сирек жағдайда- мочевинаның, кератининнің, қан плазмасында несеп қышқылының жоғарылауы.
Аталған жанама жағдайлар IFN қабылдауды тоқтатқанда жойылады.
Қарсы көрсеткіштер:
IFN - ға жоғары сезімталдық.
Жүрек - тамыр жүйесінің ауыр кеселдері (бауырдың декомпенсирленген циррозы, бауыр жэне бүйрек жеткіліксіздігі).
Қалқанша без аурулары.
Қояншық (эпилепсия), психикалық аурулар.
Жүктілік жэне емізу кезеңдері.
Қан түзілу депрессиялары (лейкопения, тромбоцитопения).
IFN-ң едәуір дозасын ұзақ уақыт пайдаланғанда аталған қарсы көрсеткіштерді ескеру қажет.
